Қазақстан туған өлкем

Мақсаты

Білімділік

Оқушылардың Қазақстан туралы білімін кеңейту; өнерге деген қабілетін дамыту; елге, жерге деген патриоттық сезімін ояту; ел рәміздерін және тарихын таныту.

Дамытушылық

Белсенді ой-өрісін, сөздік қорын, тілін және өмірге деген көзқарасын дамыту.

Тәрбиелік

Достыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, саналылыққа тәрбиелеу.

Іс-шараның барысы

Іс-шара Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталады.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті студенттер! Бүгінгі «Менің Қазақстаным — менің болашағым» тақырыбындағы жиынды ашық деп жариялаймын. Халқымыз «Отан — оттан да ыстық» дейді. Егер Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді; ал ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.

2-жүргізуші

Менің туған өлкем — кең байтақ Қазақстан! Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы — менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын, шексіз сүйемін! Әрқашан аялап, қорғап жүремін.

1-жүргізуші

Ата-бабамыздың өткен жолына шолу жасасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.

(Музыка ойнап тұрады. Ата жай басып шығып, орындыққа келіп отырады. Осы кезде немересі жүгіріп шығады.)

Көрініс: Ата мен немере

Немересі

Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы

Ә, балам, атаң не ойламайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын. Еліміздің болашағын, өткен өмірін ойлаймын — қуанамын!

Немересі

Ата, «өткен өмір» деген не?

Атасы

Өткен өмір — сонау ежелгі бабаларымыздан бергі тарих жолы ғой, балам.

Немересі

Ол қандай болған?

Атасы

Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:

Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым — кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.

Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе іздерінде.
Ұмыттырмас жеті атасын — парыз екен,
Бұрынғылар ұрпақтың қамын жеген.

Білмеген жеті атасын — жетесіз деп,
Өткендерін қалай да білесің деген.

Сондықтан, балам, сен де өз тарихыңды, жеті атаңды білуге тиіссің. Тарих — ата-бабамыздың ру-тайпалардың басын қосып, халық болып қалыптасқан кезеңдерінен бастау алады.

Автор

Ата ұзақ ойланып, өткен тарихты әңгімелейді.

Тарихи сабақ: Желтоқсан, 1986

2-жүргізуші

Қазақ халқы тағы бір қайғылы оқиғаны бастан өткерді. 18 желтоқсанда өткен Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің кезектен тыс Пленумында Республиканы ширек ғасырға жуық басқарған Д. А. Қонаев қызметінен босатылып, оның орнына Ресей Федерациясындағы Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г. В. Колбин сайланды.

1-жүргізуші

1986 жылғы желтоқсанда алаңға шыққан жастар — жаппай қуғын-сүргінді көрмеген, тоталитарлық жүйенің идеологиялық илеуіне әлі толық жаншылмаған, ұлттық мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған жас ұрпақ еді. Сондықтан да шеруге қатысқан мыңдаған жастар, соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Құрманғазы Рахметов сияқты азаматтар ерлік пен отаншылдық рухтың биік үлгісін көрсетті.

(Видео ролик)

2-жүргізуші

Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялаймын.

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер

Қиындықтарды еңсеріп, алға қадам басқан еліміздің жетістіктері слайдтар арқылы көрсетіледі.

Кезең

1991–1993

Кезең

1993–1995

Кезең

1995–1997

Кезең

1997–1999

Кезең

1999–2001

Кезең

2001–2003

Кезең

2003–2005

Кезең

2005–2007

Кезең

2007–2009

Кезең

2009–2011

Өнер бөлімі

Күй

Өнер бөлімі

Қыздардың орындауында қазақ биі

Өнер бөлімі

Хор орындауында «Қазақ елі» әні

Осы уақыт аралығындағы еліміздегі жаңа бастамалар мен өзгерістер интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы баяндалады.

Отан туралы ой-толғау

1-жүргізуші

Менің елім — Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде көп ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім — туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екенмін?!

1-жүргізуші

Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды.

2-жүргізуші

Отансыз жан өмірінде оңбайды, өзін-өзі қорлайды да, сорлайды. Тірі адамға сол қайғы.

Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адам — нағыз бақытсыз жан. Ал біз — бағы жанған халықпыз: мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз және тәуелсіз еліміз бар.

1-жүргізуші

Қазақстан — туған өлкем. Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге, жалауыңды желге желпем.

2-жүргізуші

«Ата қоныс — жер қымбат, туып-өскен ел қымбат» демекші, балалар, бүгінгі жиында айтылғандарды өнеге етіп, елді де, жерді де сүюді және қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Қорытынды үндеу

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі — өз қолдарыңызда. Туған елдеріңізді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін — біздерміз. Ол үшін терең әрі жан-жақты білімді болу — ортақ міндетіміз.

Формат: әдеби-музыкалық композиция, тарихи тағылым және патриоттық тәрбие.

Қорытынды: Отанға қызмет — білімнен басталады.