Сабақтың қолданылған технологиялар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Исмакова Ғалия Серікқызы. Пәні: қазақ тілі (8-сынып). Сабақ тақырыбы: «Құрмалас сөйлемді қайталау».
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың білімін тереңдету, алған білімдерін жүйелеу, бекіту және қорытындылау.
Дамытушылық
Ойлау белсенділігін арттыру, ауызша және жазбаша жүйелі сөйлеуді дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойын еркін әрі ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілетті шыңдау.
Тәрбиелік
Ұлт дәстүрлерінен үлгі алуға тәрбиелеу және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар алған білімдерін жүйелейді және құрмалас сөйлем тақырыбын қайталайды.
- Топпен жұмыс жасау дағдысын жетілдіреді.
- Шығармашылық қабілетін шыңдайды.
- Критерийлер бойынша тапсырмаларды орындап, өз білімін бағалайды.
Әдістер, модульдер және ресурстар
Сабақ әдістері
- Оқытудың 7 модулі негізінде жұмыс
- Интерактивті оқыту, түсіндіру, баяндау, әңгімелеу
- Мадақтау, қайталау, сұрақ-жауап
Қолданылған технологиялар
- Сатылай кешенді талдау
- Сыни тұрғыдан ойлау
- АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)
Көрнекіліктер
Бейнебаян, презентациялар, плакаттар, суреттер, кеспе қағаздары.
Қолданылған модульдер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу және тіл туралы ой қозғау
Марфуға Айтқожина ақын жырлағандай, сұлу да көркем қазақ тілі сабағымызды әдеттегідей «шаттық шеңберінен» бастайық:
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген ана тілі талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында,
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда.— Марфуға Айтқожина
Білім алауға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне — мен!
Доспын енді сенімен.
Достығымыз берік боп,
Бекітейік беріп қол.
Қуанышты шеңберге,
Қандай жақсы қол берген!
Достарды біз қолдаймыз,
Белсенді жұмыс жасаймыз.
Бүгінгі тақырып
Құрмалас сөйлемді қайталау.
Сабақ мақсаты (қысқаша)
Білімді жүйелеу, бекіту, қорытындылау, талдау және жинақтау арқылы нәтижені бағалау.
Бағалау критерийлері
- 0 — материалды түсінбедім
- 1 — материалды түсіндім, бірақ кейбір тұстарда қателіктер бар
- 2 — материалды түсіндім, бірақ толықтыру қажет
- 3 — материалды толық меңгердім
Ұпайды бағаға айналдыру
- 14–15 ұпай
- «5»
- 12–13 ұпай
- «4»
- 10–11 ұпай
- «3»
- 8–9 ұпай
- «2»
Сабақ кезеңдері
Сабақ мақсатына жетіп, нәтижесін көру үшін келесі кезеңдерден жүйелі өтеміз:
- Білім мен дәстүр сыны
- Талаптыға нұр жауар
- «Білек сүріндіре алмағанды — білім сүріндіреді»
- Білімді жүйелеу
- Білімді бекіту
Үй жұмысын тексеру: «Білім мен дәстүр сыны»
Бұл кезеңдегі тапсырмалар Наурыз мерекесімен байланысты. Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Қима қағаздардағы суреттерді дұрыс сәйкестендіріп құрастырғанда, Наурыз тойын тойлап жатқан ауыл көрінісі шығуы керек.
Құрастыруды бастамас бұрын, әр қима қағаздың артындағы тапсырмаларға дұрыс жауап берілуі тиіс. Осы арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білім деңгейі және салт-дәстүр туралы түсінігі анықталады.
Қима қағаздардағы сұрақтар
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Қазақтың ұлттық киімдерін ата.
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не және ол неше түрге бөлінеді?