Түсініп оқу, ой қорыту дағдыларын қалыптастыру
4-сыныпқа арналған кіріктірілген сабақ: «Білім кеңістігінде»
Бұл кіріктірілген сабақта бірнеше пән мазмұны бір арнаға тоғыстырылып, оқушылардың білімін жүйелеуге, тереңдетуге және күнделікті оқу әрекетінде қолдануына бағытталады.
Мақсаты
Әр пәнді қамти отырып, оқушылардың білім деңгейін жүйелеу және дамыту.
Міндеттері
- Түсініп оқу және ой қорыту дағдыларын қалыптастыру.
- Берілген тапсырманы талдау және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.
- Сыни ойлау стратегияларын жүйелі қолдануға машықтандыру.
Күтілетін нәтиже
- Сыныптастарымен ой бөлісіп, ортақ пікірге келеді.
- Тапсырманың негізін түсініп, оны тыңғылықты орындауға үйренеді.
- Өз пікірін еркін әрі дәлелді жеткізуге дағдыланады.
Математика сабағы
Оқушыны пәнге баулитын қысқа өлең жолдары арқылы назар шоғырландырылып, кейін есептер мен өрнектер орындауға көшеді.
Назар аудару: есептерді орындағанда амалдардың орындалу ретін сақта.
Жұмбақ-өлең
Білімге құштар жандарды,
Үйреткен есеп сандарды.
Төрт амалы да бар оның,
Әр ізі таңбалы.
Айта қойшы, оқушым, бұл қай сабақ?
Есептеулер
Төмендегі өрнектерді есепте:
- 1302 : 186 =
- 1980 : 165 =
- 1358 : 194 =
- 168 × 25 =
- 502 × 481 =
- 310 × 243 =
Мәтін есеп
Арасы 1400 км болатын екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан көліктер 7 сағаттан кейін кездесті. Олардың бірінің жылдамдығы 110 км/сағ болса, екіншісінің жылдамдығын тап.
Өрнектер
Амалдардың орындалу ретін сақтап есепте:
Қазақ тілі сабағы
Ана тілі — ұлттың рухани өзегі. Сабақта тілдің қадір-қасиеті туралы ой қозғап, негізгі грамматикалық ұғымдарды қайталау ұсынылады.
Тақырыптық ой
Қазақ тілі — қасиетті тіл, мемлекеттік тіліміз.
Ана сүтімен бойымызға дарыған тіл — ана тіліміз.
Ана тілі көңіліңе гүл егер,
Ана тілді — ғұмырым деп біле бер.
Өзге тілде сөйлей білу — бір бақыт,
Ана тілде таза сөйлеу — шын бақыт!
Кім тапқыр?
Сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап бер.
- 1. Қандай сөз таптары бар?
- 2. Қай сөз табы септеледі? Атап бер.
- 3. Қандай сөйлем мүшелерін білесің?
- 4. Зат есім неше жақта жіктеледі?
- 5. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- 6. «Ана» сөзін үш жақта жікте.
- 7. Етістік дегеніміз не?