Оқушыға тақтаға орындату

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Информатика пәні мұғалімі: Зайнагиева Жадыра Түлемісовна

Пәні: Информатика Сыныбы: 9 Сабақ тақырыбы: Паскаль программалау тілінде есептер шығару

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Паскаль программалау тілінің операторларын қолдана отырып есеп шығаруды үйрету.

Дамытушылық

Паскаль тілінде есептер шығару арқылы қызығушылығын арттыру, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, адалдыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Әдісі

Түсіндірмелі, сұрақ–жауап

Типі

Аралас сабақ

Түрі

Дамытушылық

Көрнекілігі

  • Pascal бағдарламасы
  • Үлестірмелер
  • Плакат
  • VIP-test бағдарламасы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Сабақтың басталу кезеңі: тәртіп, назар, дайындық.

  1. 1 Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. 2 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Алғашқы қадам (үй тапсырмасын тексеру)

Үй тапсырмасын талдау: тақтада орындату, тексерту және сұрақтар арқылы білімін бекіту.

Жұмыс тәртібі

  • Үйге берілген есепті тексеру.
  • Есепті бір оқушыға тақтада орындату.
  • Орындау барысында сыныпқа бағыттаушы сұрақтар қою арқылы қайталау жүргізу.

Қайталау сұрақтары

  1. Паскаль программалау тіліндегі циклдік операторлардың неше түрі бар?
  2. Параметрі бар цикл дегеніміз не?
  3. Параметрі бар циклдің жазылу пішімі қандай?
  4. «Дейін» циклі дегеніміз не?
  5. «Әзірше» циклі дегеніміз не?
  6. «Дейін» және «әзірше» циклдерінің жазылу пішімі қандай?