Египет қақпасы
Египет пирамидасы: математика сабағын ойын арқылы байыту
Оқушылардың математикалық білімін тереңдету, математикаға қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту — дұрыс ұйымдастырылған жұмысқа тікелей байланысты. Мұндай тәсіл тек үлгерімді көтеріп қана қоймай, оқушының ой-өрісін кеңейтіп, жаңа жағдайда жылдам шешім қабылдау дағдысын қалыптастырады.
Осы мақсатта біз «Египет пирамидасы» тақырыбын таңдап, сабақ құрылымын ойын форматына енгіздік. Ойынның өзегі — төрт қақпа арқылы «пирамиданың сырын ашуға» бағытталған сайыс.
Жүргізушінің кіріспесі
Бүгін біз Мысыр еліне саяхат жасаймыз. Мақсатымыз — Египет пирамидаларының құпиясына үңілу.
Египеттегі ең үлкен пирамида — Хеопс перғауынға арнап салынған. Ол б.з.д. шамамен 200 жылдары тұрғызылған деп айтылады. Биіктігі 150 м (қазіргі шамамен 50 қабатты үйдің биіктігіндей). Жер бетіндегі периметрі 1000 м. Құрылысына 200 жыл кетіп, бір мезгілде 100 мың адам үздіксіз еңбек еткен деген дерек бар.
Пирамидаға «жақындау» үшін біз арнайы қақпалардан өтеміз. Әр қақпа — математика мен логикаға құрылған тапсырмалар жүйесі.
Ойын құрылымы: «Тақырыптың көпірі» және 4 қақпа
Алдымен қатысушыларды іріктеу үшін «Тақырыптың көпірі» кезеңі өткізіледі: сұрақтарға кім бірінші болып қол көтерсе, сол оқушы ортаға шақырылады. Осылайша 4 оқушы таңдалып алынады.
Қақпалар тізімі
- Арифметика қақпасы
- Виет қақпасы
- Пифагор қақпасы
- Египет қақпасы
Ойын ережесі
Ойыншылар ортаға шақырылып, әр қақпа бойынша алдын ала дайындалған тапсырмалар ұсынылады.
Оқушы өзі таңдаған сұраққа жауап берсе, ұпай өзіне жазылады. Жауап бере алмаса, қасындағы ойыншылар жауап беруге мүмкіндік алады — ұпай дұрыс жауап берген оқушыға беріледі.
Сұрақ таңдау реті: 1-қақпада №1 оқушы, 2-қақпада №2 оқушы таңдайды, әрі қарай осылай жалғасады.
Ойыншыларды ортаға шақыру (көркем жолдар)
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
«Тақырыптың көпірі»: іріктеу сұрақтары
- 1) 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен үлкен, 5-тен кіші сан шығады? Жауабы: үтір
- 2) Қандай екі санның көбейтіндісі олардың қосындысынан кіші болады?
- 3) Қандай екі санның көбейтіндісі мен айырымының нәтижесі өзара тең болады?
- 4) Кітапқа 100 теңге және оның бағасының жартысын төлеген. Кітап қанша теңге тұрады? Жауабы: 200 теңге
- 5) Торғайлар бір-бірден бұтаққа отырса, бір торғай артық қалады; ал екіден отырса, бір бұтақ артық қалады. Бұтақ пен торғай саны қанша? Жауабы: 4 торғай, 3 бұтақ
- 6) Қандай үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең? Жауабы: 1, 2, 3
- 7) Оқушы кешкі 8-де ұйықтайды да, сағатты 9-ға шырылдауға қояды. Оқушы қанша сағат ұйықтайды? Жауабы: 1 сағат
- 8) Бұрыш өлшейтін құрал қалай аталады? Жауабы: транспортир
- 9) 9-дан 100-ге дейінгі сандарда «9» цифры неше рет кездеседі? Жауабы: 20 рет
- 10) Сызғыштың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын қиып тастасаң, қанша бұрышы қалады? Жауабы: 5 бұрыш
Қақпалар тапсырмасы
1) Арифметика қақпасы
- Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар? Жауабы: 5 және 3
- Жылқыға жем беру есебі: Бір адам алты жылқысына күн сайын 10 қадақ сұлы береді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге — 3 қадақ, құнанға — 2 қадақ, тайға — 1 қадақ. Бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу? Жауабы: 1 бие, 2 құнан, 3 тай
- 8 күнтізбе 72 теңге тұрады. Осындай 12 күнтізбе қанша тұрады? Жауабы: 108 теңге
- Ешқандай арифметикалық амал қолданбай 666 санын 1,5 есе арттыр. Жауабы: 999
2) Виет қақпасы (жұмбақтар)
Шарты: жұмбақтың шешуін тауып, жауабын үш тілде айту.
-
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.
Сызғыш Линейка Ruler
-
Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама.
Кітап Книга Book
-
Жиырма төрт батыр бірін-бірі жеп жатыр.
Дойбы Шашки Checkers
-
Нәрселерді санағанда керек ол бізге ауадай. Айтыңдаршы, бұл қандай сан — жан-жағына қарамай?
Натурал сан Натуральное число Natural number
3) Пифагор қақпасы
- «Екі сегіз — он алты, және сегіз, және алты, жанап жүрген бір алты». Қосындысы неше алты? Шешуі: 2×8=16; 16+8+6+6=36=6×6
- Оңынан да, солынан да оқығанда өзгермейтін сан бар. Мысал келтір. Мысалы: 1961, 1881
- 188 санын әр бөлігінде 100 болатындай етіп екі бөлікке бөл.
- 3 мысық 3 тышқанды жеуге 1,5 сағат жұмсайды. 10 мысық 20 тышқанды неше сағатта жейді? Жауабы: 3 сағат
4) Египет қақпасы
- Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. Жауабы: киіз үй
- Қос құлақты, жүз тісті, жүзінен бірақ із түсті. Жауабы: ара
- Доп емес, дөңгелек емес, ұқсас, бірақ — достарым. Фигура ол негізгі. Дәл жауапты қостадым. Жауабы: шеңбер
- Бүтін сан да, бөлшек сан да — барлығы да бар онда. Бұл қандай сан, айтыңдаршы: оң, теріс сан — бәрі осында. Жауабы: рационал сан
Қорытынды және марапаттау
Ойын соңында ең көп ұпай жинаған оқушы «Египет пирамидасының сырын ашады» — яғни сайыстың жеңімпазы атанады.
Марапаттау ұпай санына қарай жүргізіледі.