Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
Қызылорда қаласы • М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж
Информатика пәнінің оқытушысы: Тілеуімбетова Индира Алдабергенқызы
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану жолдары
Бұл сабақ семинар-тренинг формасында өтіп, оқушылардың ақпараттық технология құралдарын (дербес компьютер, интерактивті тақта, MS Word және MS Excel) практикада саналы әрі тиімді қолдану дағдыларын жүйелеуге бағытталған.
Сабақтың түрі мен типі
- Сабақтың түрі
- Семинар-тренинг
- Сабақтың типі
- Білімді жинақтау және жүйелеу
Оқыту технологиялары
- Компьютерлік оқыту технологиясы (КОТ) — тапсырмаларды цифрлық ортада орындау арқылы нәтижені жедел көру.
- Дамыта оқыту технологиясы (ДОТ) — логикалық ойлау мен шығармашылықты жүйелі дамыту.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Компьютер құрылғылары, MS Word мәтіндік редакторы, MS Excel электрондық кестесі және интерактивті тақтаның мүмкіндіктері туралы толық білім қалыптастыру; берілген мәліметтер негізінде интерактивті тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық
Логикалық ойлау, шығармашылық қабілет және интеллектуалдық белсенділікті дамыту; өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ізденімпаздыққа, ұстамдылыққа, тапқырлыққа және өз ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу.
Кәсіби
Компьютерлік жауапкершілік пен кәсіби сауаттылықты қалыптастыру; болашақ мамандыққа байланысты әдістерді меңгерту арқылы әдістемелік бағыт беру. Практикалық тапсырмалардың көптүрлілігі оқушыларды ақпараттық технология қолданылатын шынайы өмірлік жағдайларға дайындайды.
Қолданылатын ресурстар
Техникалық құралдар
- •Интерактивті тақта
- •Компьютер
- •Фишка (бағалау үшін)
Пәнаралық байланыс
- •Математика
- •Экономика
- •Тарих
Оқыту әдістері
Күтілетін нәтиже
Оқушылар интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін және компьютерді қолдана отырып, дербес компьютердің негізгі құрылғыларын, MS Word пен MS Excel бағдарламаларының толық мүмкіндіктерін меңгереді және олармен еркін жұмыс жасай алады.
Пайдаланылатын әдебиеттер
- PROMETHEAN фирмасының арнайы шығарылған кітабы
- Компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық
- «Информатикадан 30 сабақ», Бөрібаев, Балапанов
- «Информатика», М. Байжұманов, Л. Жапсарбаева
- «Информатика негіздері», Г. Жапарова
- «Информатика негіздері» журналы
Сабақ жоспары
Сабақ кезеңдері теорияны қайталау мен практикалық әрекеттерді кезектестіре отырып ұйымдастырылады. Бағалау әр кезеңде жиналған фишкалар арқылы жүргізіледі.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Кабинеттің тазалығын және сабаққа дайындықты қадағалау.
- Оқушыларды түгендеп, журналға белгі қою.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Бағалау жұмысы бағалау парағы және фишкалар арқылы жүргізілетінін ескерту.
- Сабақтың мақсатын қою және мотивация әдісін қолдану.
II. Теориялық материалдарды қайталау
- Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері: үй тапсырмасы ретінде берілген зерттеу нәтижелерін талдау.
- Дербес компьютер құрылғылары: интерактивті тақта және электрондық оқулық арқылы тапсырмалар.
- MS Word: электрондық оқулық тапсырмаларын орындау.
- MS Excel: интерактивті тақта және электрондық оқулық арқылы тапсырмалар.
III. Практикалық тапсырмалар мен жаттығулар
- «Сандар сыр шертеді»: ұяшықтардағы жасырын тапсырмаларды жеке орындау.
- «Адасқан сөздер»: шашыраған сөздерден мағыналы сөйлем құрастыру.
IV–VI. Бекіту, қорытындылау, үй тапсырмасы
- Тест тапсырмаларын орындау.
- Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау; жиналған фишкалар негізінде бағалау.
- Үй тапсырмасын түсіндіру.
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Аудиторияға кіргеннен кейін кабинеттің тазалығын тексеру; оқушылардың кітап-дәптерлерінің түгелдігін қадағалау; компьютерлер мен интерактивті тақтаның электр көзіне дұрыс қосылғанын тексеру; оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады, бағалау тәртібі (бағалау парағы және фишка) түсіндіріледі.
II. Теориялық материалдарды қайталау
2.1. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері (зерттеу әдісі)
Үйге берілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері талқыланып, сұрақтарға жауап беріледі:
- Интерактивті тақта дегеніміз не?
- ACTIVboard және ACTIVpen құралдары туралы не айта аласыз?
- ACTIVstudio Professional Edition дегеніміз не?
- Флипчарт дегеніміз не?
- Негізгі құралдар тақтасы қандай қызмет атқарады?
- Арнайы құралдар тақтасының ерекшелігі қандай?
- Флипчарттың құралдар тақтасы қалай қолданылады?
- Кітапхана ресурсы дегеніміз не?
- Флипчарт бетін өңдеу құралдары қандай?
- Объектіні өңдеу құралдар тақтасының қызметі қандай?
2.2. Дербес компьютер құрылғыларына шолу
Интерактивті тақтамен жұмыс
«Перде/шторка», «өшіргіш» сияқты мүмкіндіктерді қолдана отырып, сұрақтарға жауап беру және сәйкестендіру тапсырмаларын орындау.
Сұрақтар мен тапсырмалар
- Жүйелік блок (құрамына процессор, жедел жад, тұрақты жад, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасымалдаушылар кіреді).
- Монитор (мәліметті экранға шығаратын құрылғы).
- Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы қалай аталады? (Принтер)
- «Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны мекені.» (Кактус)
- Ауқымды желіге қосылу құрылғысы (Модем).
- Әріптік-сандық ақпаратты енгізу құрылғысы (Пернетақта).
- Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (Микрофон).
- Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы (Колонкалар).
- Кернеу ауытқығанда немесе электр энергиясы өшкенде компьютерді қорғайтын құрылғы (UPS).
Электрондық оқулықпен жұмыс
Электрондық оқулықтың I модуліндегі 3, 4 және 9-тапсырмалар орындалады (оқушылар жеке компьютерде жұмыс жасайды).
2.3. Microsoft Word мәтіндік редакторы
Электрондық оқулықтың VI модуліндегі 1–6 тапсырмалар орындалады (жеке компьютерде):
- Microsoft Word бағдарламасын іске қосу.
- Word терезесінің негізгі элементтерін сипаттау.
- Жаңа құжат құру.
- Сақталған құжатты ашу.
- Стандартты және форматтау құралдар тақталарына сәйкес батырмаларды таңдау.
2.4. Microsoft Excel электрондық кестесі
Интерактивті тақтамен жұмыс
- Excel терезесін интерактивті тақтаның «рентген» құралы арқылы талдау.
- Стандартты және форматтау құралдар тақталарына тән батырмаларды сәйкестендіру (батырмаларды тиісті аймақтарға орналастыру).
Электрондық оқулықпен жұмыс
Электрондық оқулықтың IX модуліндегі 1–10 тапсырмалар орындалады (оқушылар жеке компьютерде жұмыс жасайды).
III. Практикалық бөлім
3.1. «Сандар сыр шертеді» кезеңі
Жеке жұмысИнтерактивті тақтада 9 ұяшық беріледі. Әр ұяшықты таңдағанда тапсырма ашылады; оқушылар өз бетінше орындайды.
- Жұмыс үстелінде жаңа бума ашып, Word және Excel-де жаңа құжат жасаңыз.
- Ақпарат тасымалдаушы құрылғымен жұмыс жасаңыз.
- MS Word-та мәтін теріп, оны пішімдеңіз.
- MS Word-та кесте құрыңыз.
- MS Word-та автофигуралармен жұмыс жасаңыз.
- MS Word-та титулдық бет жасаңыз.
- MS Excel-де диаграмма құрыңыз.
- MS Excel-де формулалармен жұмыс жасаңыз.
- MS Excel-де мәліметтер базасын құрып, сұрыптаңыз.
3.2. «Адасқан сөздер» кезеңі
Топтық/жұптықТақтада шашыраған сөздерді байланыстырып, төмендегі сөйлемдерді дұрыс құрастыру қажет:
- Компьютер — ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге және сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.
- Microsoft Word — мәтіндерді енгізуге, түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор.
- Microsoft Excel — математикалық-экономикалық есептеулерді орындауға, диаграмма тұрғызуға және мәліметтер қорын құруға арналған электрондық кесте.
IV. Сабақты бекіту
Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады. Белгілеу аяқталғаннан кейін жауап нұсқалары интерактивті тақтада көрсетіледі. Тесттер жиналып, кері бағытта отырған оқушылар бірін-бірі тексереді.
V. Қорытындылау және бағалау
Сабақ сұрақ-жауап әдісімен қорытындыланады. Әр оқушының жинаған фишкалары есептеліп, қорытынды баға қойылады.
VI. Үйге тапсырма
- ActivTablet, ActivSlate, ActivPanel және ActivVote құралдары бойынша шағын зерттеу жұмысын орындап келу.
- Электрондық оқулықтағы қалған тапсырмаларды орындау.
- Қалаған тақырыпта флипчарт құрып келу.