Сен бүгін үйде қал
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі, 4-сынып
Сабақ тақырыбы
Сөз және оның мағынасы
Сабақ түрі
Саяхат сабақ
Әдістер
- Топпен жұмыс
- Сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс
- Әдебиеттік оқу
- Математика
- Дүниетану
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Қима қағаздар
- Қосымша материалдар
Сабақ мақсаты
1) Білімді тереңдету
«Сөз» және «сөз мағынасы» туралы түсінікті кеңейту, сөз мағынасын ажырата білуге жаттықтыру.
2) Дамытушылық бағыт
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік бағыт
Сабаққа қызығушылықты арттыру, ынта мен белсенділікті күшейту.
Бұл сабақ «Білім аралына саяхат» түрінде ұйымдастырылады: оқушылар әр аралдың тапсырмасын орындап, соңында «білім кілтін» табады. Яғни, еңбектің бағасы — орындалған тапсырмалар арқылы айқындалады.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жұмысқа бағыттау.
II. Психологиялық дайындық
Зейінді тұрақтандыру, жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Үлкенге де — Сіз,
Кішіге де — Сіз.
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз, — дей отырып,
Сабаққа қызыға кірісеміз біз.
III. Қызығушылықты ояту
Мұғалімнің кіріспе сөзі арқылы сабаққа назар аударту, тапсырмаларға ынталандыру.
IV. Өткенге шолу
Бүгін біз «Білім аралына» саяхатқа шығамыз. Алдымен бірнеше «аралдың» тапсырмасын орындап, соңында жасырылған білім кілтіне жетеміз.
Бүгінгі сабақ тақырыбы: «Сөз және оның мағынасы».
Ой ұштау: дыбысты өзгертіп, жаңа сөз құрау
Тапсырма: берілген сөздердегі бір дыбысты өзгерту арқылы бірнеше жаңа сөз жаса. Содан кейін өзгерген сөздердің мағынасын ашу үшін сөйлем құрастыр.
ТОР
ҚАЛ
ҚОЛ
Сөйлем құрау (мағынаны ашу)
Торда 3 қоян отыр.
Ол ауылдың көшелері тар екен.
Кеше мектепішілік олимпиаданың II туры өтті.
Терезеден күннің сәулесі түсіп тұр.
Сен бүгін үйде қал.
Екі үйдің арасы қас пен қабақ арасындай.
Қар жауып тұр.
Қанның түсі қызыл болады.
Бір қапта жүз центнер бар.
Сұрақ: осы мысалдардан нені байқадыңдар? Сөздегі дыбыстың өзгеруі — сөз мағынасының да өзгеруіне әкеледі.