Мойыма дос

Мұхтар Шаханов

Тарысы бар аймақтың

Даттайды екен бір кінәңді ел білсе,
Бірақ ол да келген қайғы уақытсыз.
Қызғанышы ізгілігін сөндірсе –
Нақ сол адам бақытсыз.
Көздер барда қадалатын тамсана
Шын сұлулық қалмақ емес назарсыз.
Қажырсыз ба, қанша сұлу болса да,
Нақ сол адам ажарсыз.
Жабырқама,
Беліңді жаз бүгілген.
Еңкеймесін ер жігіттің атағы,
Ол солай ғой,
Түймедей бір мініңнен
Бәз біреулер түйе жасап жатады.
Мойыма дос.
Неге әлсіздік байқаттың,
Тарылмасын көңіліңнің қойнауы.
Ойлашы өзің,
Тарысы бар аймақтың
Мүмкін бе екен торғайлары болмауы?



Ұқсас жұмыстар

Қобдабай Қабдыразақұлы
Кемел кісі қалыптастыру жолы
Есте қалдыру
Адам есі
Ес дамытудың тәсілдері мен шаралары
Логикалық есептерді шығару әдістері
Естің түрлері
Ес процесінің даму жолдары оны қалыптастырудың ғылыми – теориялық негіздері
Қазақстанның даму жолдары және перспективалары: «Мәңгілік ел» идеясы
Оқушының оқуға белсенділігі мен қызығушылығын арттыру
ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ ХАЛЕЛ
О. Жандосов -қайраткер, қаламгер
Халел Досмұхамедовтың (1883-1937) педагогикалық қөзқарастары.
ДОСМҰХАМЕДОВ Жанша
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым
Қош келдің досым
Түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты, Екеуі бір жерге қоныстаныпты
Досай кіжінді
Адамдар бір - бірімен дос болу керек
Ертеде ит, мысық және тышқан үшеуі дос болыпты