Есептің шешуінің мүмкін нұсқаларын анықтауда тиімді нұсқаны таңдай білуге үйрету
Сабақтың тақырыбы
Мүмкін нұсқаларды іріктеу
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсат
- Есеп шешуінің мүмкін нұсқаларындағы шамаларды келісілген шартты белгілермен (әріптермен, цифрлармен, қажет болған жағдайда сандармен) белгілеп жазуға үйрету.
- Есептің шешуінің мүмкін нұсқаларын анықтауда тиімді нұсқаны таңдай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсат
Ой-өрісті дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімді практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды өз бетімен ойлауға, сөйлеуге, шыдамдылыққа және реттілікті сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың көрнекілігі
- Интерактивті тақта, слайдтар (нұсқалар ағашы), тапсырмалар жазылған карточкалар, кітап.
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Оқыту әдісі
- Ұжымдық әдіс.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Сабақты өткізу әдісімен таныстыру.
2) Жаңа сабақты меңгеру
- Оқушыларға «мүмкін нұсқалар ағашы» ұғымын түсіндіру.
- Нұсқалар ағашындағы шамаларды келісілген шартты белгілермен белгілеу тәсілін қарастыру.
- Оқулықтағы 1 және 2-мысалдарды талдау.
Оқулықпен жұмыс: 1-мысал
Кезекшілік ету ретінің нұсқаларын анықтау.