Жүзден жүйрік
Автор туралы мәлімет
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосы, Қарабау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қуанышева Арайлым Женисовна.
Іс-шара
Интеллектуалдық ойын
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Бұл материал 4-сынып оқушыларына арналған «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық сайысты ұйымдастыруға бағытталған. Ойынның өзегі — білім мен шапшаңдықты ұштастыру, топпен жұмыс істеу және өмірлік дағдыларды дамыту.
Мақсаттары
Білімділік
- Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға баулу.
- Дарындылықты дамытып, озық ойлауға ынталандыру.
- Өз білімін өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Жарысу мәдениетін қалыптастыру, жеңіске ұмтылысын арттыру.
- Сөздік қорын байыту.
- Ойлау қабілетін, логикалық пайымын дамыту.
Тәрбиелік
- Дене бітімінің дұрыс қалыптасуына назар аударту.
- Спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар
Компьютер, тірек-сызбалар, сұрақтар жинағы, көрнекі парақшалар, суреттер, сигналдық белгі, доп, колцо, кедергілер, арқан, кегли, матрас, спорттық бөрене, ыдыс.
Пәнаралық байланыс
Жүрісі: кіріспе сөз
Жүргізуші сөзі
Қайырлы күн, ұстаздарым, ардақты!
Жас бүлдіршін білім қуған жан-жақты.
Кәрі де жас, үлкен-кіші қаумалап,
«Жүзден жүйрік» сайысына кеп қалды.
Білімді ұрпақ — мектептің берекесі.
Құтты болсын апталықтың мерекесі!
Келіңдер, көріңдер, тек ынта бөліңдер.
Шығам деп сеніңдер, оқасы жоқ әуелде.
Қиналсаң егер де — оп-оңай жеңімпаз
болғандар жоқ елде.
Сайыскерлер
- I топ: «Барыс» құрамы — аты-жөні көрсетіледі
- II топ: «Сұңқар» құрамы — аты-жөні көрсетіледі
Қатысушыларға үндеу
Қызады бүгін той-сайыс, ортамызды ашайық.
Жарыс пен білімді төктіріп, інжу-маржан шашайық.
Қош келдіңіздер!
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 4-сынып оқушылары арасындағы «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер. Оқушыларымызға сәт сапар тілейміз!
Ал, құрметті халайық, жарысып енді көріңдер.
Әділқазы алқасы, әділ баға беріңдер!
Әділқазы және ойынның басталуы
«Өнерлімен дос болсаң, қиялыңды қозғайды», — демекші, «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Енді ойынымыздың шартымен танысамыз.
Ескерту
Толық нұсқасы қажет болса, құжатты жүктеу бөлімі арқылы тіркеме материалдарды қоса беруге болады.