Психолог - ғалымдар тобы
Сабақ тақырыбы
«Нар идірген осылай туған» (презентациямен)
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушыларға шығарманың композициясын, мәтінін, кейіпкерлерін талдату арқылы автор идеясын ұғындыру; жазушы шеберлігін аңғарту.
Дамытушылық
Өзіндік таным-түсінігін кеңейте отырып, ғылыми тілде ұтымды сөйлей алуға, мәнді сұрақ қойып, мағыналы жауап алуға бейімдеу; ой-өрісін шыңдау.
Тәрбиелік
Өнердің, күйдің құдіретін түйсініп, оны бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Форматы мен типі
- Сабақ түрі:
- Баспасөз-конференция
- Оқыту формасы:
- Топтық жұмыс
- Типі:
- Іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру
Ресурстар
- Пәнаралық байланыс:
- Ән-музыка, психология
- Техникалық құралдар:
- Компьютер, үнтаспа
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты мен жұмыс форматы таныстырылады, топтардың рөлі бөлінеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Т. Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасы мазмұны мен композициясын талдау арқылы сұралады.
Оқиға басталуы
Қос салт атты.
Байланысуы
Жырада кездескен жалғыз нар.
Дамуы
Өрге шыға алмай тайғанақтаған күй.
Шиеленісуі
«Әлденеге талпынған көңілі құрғыр…»
Шарықтау шегі
«Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар…»
Шешімі
«Заманым өткен екен ғой…»
«Т. Ахтанов — қазақ прозасының алыстан көрінер айтулы биік асуларының бірі екеніне дау жоқ».
Баспасөз-конференция: рөлдер мен құрылым
Мұғалім сөзі
Конференция форматы таныстырылып, әр топқа міндеттер жүктеледі.
I топ
Әдебиетші-ғалымдар
II топ
Өнертанушы-ғалымдар
III топ
Психолог-ғалымдар
IV топ
Тілшілер
Сұрақ-жауап кезеңі (тілшілер сұрақтары)
-
1) Әдебиетшілерге:
Жазушы Т. Ахтанов шығармалары туралы пікір білдіріңіздер. Бұл шығарманың тақырыбы мен идеясы қандай?
-
2) Өнертанушыларға:
Аңызға айналған қандай күйлерді білесіздер? Күйлердің шығу тарихына тоқталыңыздар.
-
3) Психологтарға:
Ботасы өлген аруана Естемес күйшісіне қалай әсер етті? Егер әсер етсе, жолда күй неліктен толық шықпады?
-
4) Өнертанушыларға:
Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
-
5) Психологтарға:
Оразымбетке қандай мінездеме берер едіңіздер?
-
6) Әдебиетшілерге:
Шығармадағы мақал-мәтелдер мен әдеби-көркемдегіш сөздерге мысал келтіріңіздер.
-
7) Барлық топқа:
Осы шығармасы арқылы жазушы шеберлігіне қандай баға беруге болады?
-
8) Психологтарға:
Қарт күйшінің жүрегін бүлк еткізген, көңілін әлденеге талпындырған не? Күйшінің ішкі көңіл күйі мен толғанысын сипаттап беріңіздер.
Көрермен сұрақтары
- «Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар» деген қыз сөзі нені меңзейді?
- Қарт күйші Естеместің «Заманым өткен екен ғой» деп күрсінуі нені білдіреді?
Тыңдалым және мәтінмен жұмыс
Мұғалім сөзі
Сармалайдың «Нар идірген» күйі тыңдалады.
Тапсырма
Кітаптан нардың суреттелуін тауып, мәнерлеп оқыңдар.
Рефлексия
Бұл күй сізге қалай әсер етті? Әсердің себебін мәтіндегі детальдармен байланыстырып түсіндіріңдер.
Шығармашылық бөлім
Ойын: «Портрет»
Кейіпкерлердің ішкі әлемін ашатын белгілерді іріктеп, қысқа әрі дәл сипаттама құрастырылады.
«Күй тілі — көп заманның алуан ісі.
Күйлердің әлемге аян бар мәнісі.
Өмірді күймен бірге қоса алмайтын —
Нар құлақ, көрсоқырлар алданысы».
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
«Күй — қазақтың төл өнері» тақырыбында материал дайындау (суреттер, мысалдар, қысқа түсіндірме ұсыну).
Бағалау
Тілшілер мен «қонақтар» жауаптардың нақтылығы, дәлелі, сөйлеу мәдениеті және топтық жұмысқа қатысу деңгейі бойынша әділ бағасын береді.