Әжеме еріп наурызда
Мерекелік сценарий
«Қақпаны аш, Наурыз келді» ертеңгілігі
Балалар залға көңілді ән-күймен кіреді: әуелі ұлдар, артынан қыздар. Мерекелік көңіл күй орнап, Наурызға арналған ертеңгілік басталады.
Жүргізуші сөзі
Құрметті қауым! Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Күн мен Айға әлемнің,
Берем ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйеніп,
Сәлем берем иіліп!
Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар, қадірлі әріптестер! Көптен күткен Наурыз — жаңа жылымыз — ортамызға қайта оралды. Наурыз — мұсылман қауымның ұлттық мейрамы, жыл басы, ұлыстың ұлы күні. Бұл күні үлкендер үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм татып, ақ батасын береді. «Тойдың көркі — ән» дейді халқымыз. Ендеше, балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!
Ән
«Наурыз»
Тақпақтар
Алия
Наурыз тойы — елдің тойы,
Көктем тойы — төлдің тойы.
Әжеме еріп Наурызда,
Араладым туыстарды да.
Әділ
Жасасын деп Ұлыстың Наурызы,
Құтты болсын — айтты атамыз.
Барлық үйге кіріп-шығып,
Барлық үйден дәм татамыз!
Адилия
Наурыз келді — тойға ұласқан,
Наурыз тойы құтты болсын!
Ырыс тасып, берекелі,
Өмір сүрсін бақытты елім!
Оқиға желісі: сүйінші хабар
Музыка ойнап тұрғанда залға бір бала атқа мініп, шауып келеді де, қуанышты хабар жеткізеді:
Бала:
Сүйінші, сүйінші! Сара апамның ауылында тұсау кесу тойы басталды. Келіңіздер, көріңіздер, қуанышқа ортақ болыңыздар!
Тәрбиеші:
Міне, ботам, сүйіншіңді ала ғой, — деп ырымын береді. Ал, балалар, ендеше Сара апамның ауылына тойға барайық!
Сара апамның ауылы
Ақ әже:
Сәлеметсіздер ме, ботақандарым! Наурыз — ұлыстың ұлы күні, құтты болсын! Бүгін Наурыз мерекесімен бірге менің немеремнің тұсау кесу тойы да қатар келіп қалды. Кіріңдер, төрлетіңдер!
Жүргізуші:
Әже, біздің балалар Наурыз мерекесіне арнап тақпақтар дайындап, жаттап келді.
Тақпақтар
Асыл
Шаттығымыз — жырымыз,
Жаңа Наурыз — жылымыз.
Ақ тілекпен осындай,
Бақ боп үйге кіріңіз!
Иса
Арпа, бидай бастаған,
Жеті дәмнен аспаған.
Наурыз көже ежелден —
Бұл тойдағы бас тағам!
Ақ әже:
Баян немеремнің тұсауы кесілер алдында балалар қандай тілек айтар екен?
Рахмет, қарлығаштарым! Ендеше, тұсау кесу рәсімін бастайық. Неліктен тұсауды ала жіппен кеседі деп ойлайсыңдар? Бұл — болашақта Баян ешкімнің ала жібін аттамасын деген ізгі тілек.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Ән
«Айналайын-ай, балапаным-ай»
Ой, құлындарым, ботақандарым, қандай жақсы ән айттыңдар! Рахмет сендерге, көп жасаңдар!
Тазша баламен ойындар
Тазша бала:
Сәлеметсіздер ме! Мен — Тазша баламын. Осы ауылда той болып жатқанын естіп, мен де келіп қалдым. Өзіммен бірге ойындар әкелдім. Наурыз мейрамы ойынсыз өте ме? Ендеше, қазір ойын ойнаймыз!
Ойын 1
Арқан тарту
Ойын 2
Асық
Тақпақтар
Бауыржан, Аделя, Алихан
Ән
«Туған жер»
Қорытынды
Ақ әже көпшілікке ақ батасын береді. Құрметті ата-аналар, балалар, мерекеміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет!