Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру туралы мәлімет беру. Құжатқа суреттер енгізудің әдіс-тәсілдерін үйрету және көрсету.
Дамытушылық
Ой-өрісті дамыту, танымдық белсенділік пен ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетті арттыру, пәнге қызығушылықты күшейту. Құжаттарды безендіру және суреттерді енгізудің әртүрлі түрлерін меңгеру.
Тәрбиелік
Жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауға және техникалық құралдарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыс.
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақты меңгерту.
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, компьютер, суреттер, карточкалар, электронды оқулық.
- Қолданылатын бағдарламалар
- MS Office (Microsoft Word және т.б.).
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, сурет, валеология, математика.
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, сабаққа жұмылдыру, компьютерлердің дайындығын тексеру, техникалық қауіпсіздік ережелерін еске салу.
-
Үй тапсырмасын тексеру және талдау
Paint графикалық редакторында еркін тақырыпта салынған суреттерді файлдан ашып көрсету және қысқаша таныстыру арқылы тексеріледі.
-
Бүгінгі сабақ жоспары
Сабақтың кезеңдерімен таныстыру, жаңа тақырыпқа кіріспе жасау.
Жаңа тақырып: Word құжатына сурет кірістіру
Microsoft Word құжаттарына басқа бағдарламаларда жасалған суреттерді, сондай-ақ сурет салу құралдарын қолдану арқылы құрылған графикалық объектілерді кірістіруге болады. Бұл объектілерді көшіруге және құжаттың кез келген жеріне орналастыруға мүмкіндік береді.
Paint-та салынған суретті енгізу
Егер сіз Paint бағдарламасында өз суретіңізді салсаңыз, оны алмастыру буфері арқылы көшіріп, Word құжатына қою командасымен кірістіре аласыз.
Дайын суреттер кітапханасынан (Clip Gallery) сурет енгізу қадамдары
-
1
Құжатқа қажетті мәтінді алдын ала енгізіп алыңыз.
-
2
Вставка → Рисунок → Картины командасын орындаңыз.
-
3
Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңдаңыз.
-
4
Суреттер тізімі ашылған соң, таңдаған суретке тінтуірмен шертіңіз.
-
5
Мәтінге суретті кірістіру үшін Вставить батырмасын басыңыз.
-
6
Өлшемі сәйкес келмесе, үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз: суретті белгілеп, бұрышындағы маркерді жоғары/төмен немесе жан-жаққа жылжытыңыз.
-
7
Өлшемді таңдағаннан кейін суретке тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіңіз.
-
8
Жанама мәзірден Формат рисунка командасын таңдаңыз. Ашылған терезеде Положение қосымшасына кіріп, Поверх текста опциясындағы жалаушаны алып тастаңыз да, ОК басыңыз.
-
9
Суретті мәтіннің оң не сол жағына ыңғайлы орналастыру үшін Обтекание қосымшасын таңдаңыз. Вокруг рамки және По большей стороне параметрлерін белгілеп, ОК басыңыз.
Маңызды ескерту
Тапсырманы орындамас бұрын қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде қайталаңыз.
Бекіту сұрақтары
-
Суретті мәтінге қалай кірістіруге болады?
-
Суретті үлкейту, созу, кішірейту және көшіру әрекеттерін түсіндіріңіз.
-
Paint редакторындағы суретті Word құжатына қалай енгізуге болады?
-
Мәтінді қалай безендіруге болады?
-
Мәтіндегі қателерді қалай тексеруге болады?
Қорытынды
Мұғалім сөзі
Сендер — менің байлығым, оқушыларым,
Үміт еткен мақсатым, бар арманым.
Мен жетпеген шыңдарға сендер жетсең,
Орындалар өмірде бар арманым.
Бағалау
Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасы
90–91-беттерді мәнерлеп оқу, түсіну және еркін тақырыпқа қысқаша әңгіме құрастырып келу.