Ұнаса қай жері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларды Хх дыбысы мен әрпімен таныстыру.
  • Х дыбысының жазылу ерекшелігін түсіндіру.
  • «Хоккей» мәтіні арқылы орыс тілінен енген сөздердің оқылуын меңгерту.

Тәрбиелік

  • Табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу.
  • Жануарларға қамқорлық көрсете білуге баулу.
  • Ұқыптылыққа, жинақылыққа және таза жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту.
  • Есте сақтау дағдысын жетілдіру.
  • Танымдық ойындар арқылы қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер, әдіс-тәсілдер, байланыс

Көрнекілігі

  • Хайуанаттар бағының суреті
  • Х әрпінің баспа және жазба түрлері
  • Аю, түлкі, қоян, тиін суреттері
  • Мұхтар Әуезовтің портреті
  • Интерактивті тақта

Әдісі

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Музыка

Сабақтың жүру барысы

Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
  • Оқушыларды үш топқа бөлу.
  • Сынып назарын сабаққа аудару.

Өткенді пысықтау

1-топ

«Асыл мұра» мәтінін оқу.

2-топ

Ю дыбысынан басталатын сөз ойлап, сол сөзбен сөйлем құрау.

3-топ

Ю тақырыбындағы сөзжұмбақты шешу.

Сұрақ-жауап қорытындысы

  • Танысқан дыбыс: Ю.
  • Ерекшелігі: Ю — қосарлы дауысты дыбыс (й + у). Й мен у дыбыстары естілгенімен, Ю әрпімен жазылады.
  • Сөздегі орны: сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

Жаңа сабақ: «Хайуанаттар бағына саяхат»

Бүгінгі сабақ ерекше форматта өтеді: оқушылар хайуанаттар бағына «саяхат» жасап, тапсырмаларды орындау арқылы жаңа дыбысты меңгереді.

Негізгі идея

Ойын және мәтінмен жұмыс арқылы Х дыбысының айтылуы, жазылуы және сөз ішіндегі орны бекітіледі.

«Билет сатушы» тапсырмасы

Сәлем алып алыстан,
Туысқаннан, таныстан.
Келетін хат, хабар —
Қай әріптен басталған?

Жауап: Х әрпі.

  • Х — дауыссыз дыбыс.
  • Буын құрамайды, қатаң дауыссызға жатады.
  • Араб, парсы тілдерінен енген сөздерде жиі кездеседі.
  • Сөздің басында, ортасында, соңында келе алады: хор, кітапхана, шах.

Аюдың тапсырмасы: оқулықпен жұмыс

Сөздерді оқып, Х дыбысының орнын анықтау және буынға бөлу.

Сөздер

  • Хат хат
  • Хабар ха-бар
  • Кітапхана кі-тап-ха-на
  • Асхана ас-ха-на
  • Хор хор
  • Халат ха-лат
  • Шеберхана ше-бер-ха-на
  • Дәріхана дә-рі-ха-на

Қысқаша мәлімет: аю

Аю — жыртқыш аң. Қорек талғамайды, орманда тіршілік етеді. Көбіне құмырсқа, бал, құлпынай, таңқурай сияқты азықтармен қоректенеді.

Түлкінің тапсырмасы: сурет және мәтінмен жұмыс

Сұрақтар

  • Суретте не бейнеленген?
  • Бұл спорттық ойын қай кезде ойналады?

Оқушылар сурет бойынша әңгімелейді, кейін «Хоккей» мәтіні дауыстап және хормен оқылады. Әр топтан оқушылар кезекпен оқып шығады.

Қысқаша мәлімет: түлкі

Түлкі — қу әрі айлакер аң. Тышқан, қоян, саршұнақ, суыр сияқты жануарлармен қоректенеді. Ертегілерде жиі кездеседі. Күзде жүні түлеп, қыста жирен түсті қалың жүнге ауысады.

Қоянның тапсырмасы: сергіту сәті

«Сұр қоян» әнін айтып, қимыл-қозғалыспен көрсету.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Қысқаша мәлімет: қоян

Қоян — өте үркек аң. Кішкентай дыбыстан-ақ қаша жөнеледі. Күзде сұрғылт жүнін түлетіп, қыста аппақ тон киеді.

Жазу және дыбыстық талдау

Дәптермен жұмыс: х әрпі

  • Тақтаға х әрпін жазып көрсету.
  • Х әрпінің ұқсастығын табу: көбелекке.
  • Жазба түрі: арқасын түйістірген екі «с» әрпі секілді.
  • Әуеде жазып, дәптерге көркем етіп жазу.
  • Буындар: ха, хе.

Тақтамен жұмыс

Сөздерді жазу

Тақтаға халық, хабар, халат сөздерін жазу (әр топтан 1 оқушы).

Дыбыстық талдау

шахмат, хабар, халық сөздеріне дыбыстық талдау жасау (әр топтан 1 оқушы).

Тиіннің тапсырмасы: «Кім тапқыр?» ойыны

Тиін туралы тақпақ

Мен тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.

Сұрақтар мен жауаптар

  • 1) Үзілісте қайда тамақтанамыз? Асхана
  • 2) Дәрі-дәрмек сататын жер қалай аталады? Дәріхана
  • 3) Ой дамытатын спорттық ойын. Шахмат
  • 4) Әншілердің қосылып ән салатын тобы. Хор
  • 5) Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді. Ол не? Хат
  • 6) Суреттегі жазушы кім? Мұхтар Әуезов

Қорытынды және үй тапсырмасы

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін қандай әріппен таныстық?
    Х дыбысы мен әрпі.
  • Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
    Басында, ортасында, соңында.
  • «Хайуанаттар» сөзінде Х дыбысы қай жерде естіледі?
    Сөздің басында.

Тәрбиелік түйін

Хайуанаттар бағында көптеген жануарлар тіршілік етеді. Табиғаттың осындай сыйын қадірлеп, жануарларды қорғап, қамқорлық жасайық. Кейбір хайуанаттардың саны азайып бара жатқандықтан, табиғатты бәріміз бірге қорғауымыз қажет.

Үйге тапсырма

  • «Хоккей» мәтінін оқу.
  • х әрпін көркем жазуға дағдылану.

Мадақтау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға жұлдызша, төртбұрыш және үшбұрыш пішінді парақшалар таратылады.