Тіл туралы өлең айту

Сабақ тақырыбы

Мұрын — иіс сезу мүшесі. Тіл — дәм сезу мүшесі.

Сабақ мақсаты

Білімдік

Сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы түсінік қалыптастыру және олардың адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін арттыру, өз ойын жүйелі баяндау, түсінгенін дәлелдеу, жұмбақ шешу және сахналау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу; сезім мүшелерін күту мен гигиена ережелерін дұрыс қолдануға үйрету.

Құрал-жабдықтар мен әдістер

Көрнекілігі

  • Видеопроектор, слайдтар
  • Суреттер
  • Тест сұрақтары
  • Карточкалар
  • Ребус

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Ойын элементтері
  • Көрнекілік арқылы түсіндіру

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2) Психологиялық дайындық

Айналаға алақанмен
Жылылықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп
Біз сабақты бастайық.

3) Үй тапсырмасын тексеру

  • Көру мүшесінің негізгі қызметін атау.
  • Есту мүшесі туралы айту.
  • Көз бен құлақты күту ережелерін атап шығу.
  • Слайд арқылы суреттермен жұмыс.

4) Жаңа сабақ: мұрын және тіл

Тәжірибе: иісті анықтау

Оқушыларға байқатпай жанған шүберектің иісін және әтірдің иісін сездіру. Сұрақ: «Не байқадыңдар?»

Қорытынды: иіс сезу мүшесі — мұрын.

Тәжірибе: дәмді ажырату

Оқушыларға айран мен балдың дәмін татқызып, байқағанын сұрау.

Қорытынды: дәм сезу мүшесі — тіл.

Слайдтан тақырыпқа қатысты сөздер мен ұғымдарды оқыту, талқылау.

5) Тыныс алу мүшелерін сақтау және суық тиюдің алдын алу

  • Жаурамай жүр: жылы киініп, жылылықты сақта.
  • Дымқыл аяқ киім мен киімді киме.
  • Тұмаудан сақтан: жөтеліп, түшкіріп жүрген адамдардан қашық жүр.

Есте сақта: темекі тарту иіс сезу қабілетін төмендетеді.

Оқулықпен жұмыс: 47-беттегі «Сен білесің бе?» бөлімін оқыту және талқылау.

Сергіту сәті

Мынау — менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау — басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.

Мынау — менің оң қолым,
Мынау — менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

Оқулық және дәптермен жұмыс

  • Оқулық мәтінін іштей оқу.
  • Дәптерге 47-беттегі «Есіңе сақта!» және «Сен білесің бе?» бөлімдерін жазу.

Сарамандық жұмыс: «Не байқадың? Не білдің?»

1) Иісті ажырату

Көзіңді жұмып, түрлі заттардың иісін анықтап көр. Соңында қорытынды жаса.

2) Дәмді ажырату

Көзіңді жұмып, түрлі тағамның дәмін анықтап, атауын айт. Соңында қорытынды жаса.

Ой толғаныс: ребус және мақал-мәтел

Ребус шешу: ребусты дұрыс шешсеңдер, мақал шығады.

Жауабы: «Тіл қылыштан өткір.»

Тіл туралы тағы қандай мақал білесіңдер?

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.»

Тіл туралы өлең

Ана тіліңді біліп қой —
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тіліңді біліп қой —
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Сұрақ

Біздің мемлекеттік тіліміз?

Қазақ тілі.

Сұрақ

Біз қандай елміз?

Тәуелсіз елміз.

Сұрақ

Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?

20 жыл.

Қорытындылау: тест сұрақтары

1) «Көру» деген — бұл...

  • АӘдемі көзілдірік.
  • ӘДүниеге көзқарас.
  • БӘдемі көз.
  • ВАлыстан және жақыннан көру.

2) Құлақ адамға ... қажет.

  • АЕртегі тыңдау.
  • ӘЫстықтан қорғауға.
  • БТыңдағыштарды құлаққа салуға.
  • ВТепе-теңдікті қалыпты сақтауға.

3) Мұрын — ... ағзасы.

  • АИіс сезу.
  • ӘЕсту.
  • БДәм тату.
  • ВДәм сезу.

4) Тілді ... керек.

  • АКүте білу.
  • ӘТығу.
  • БКөрсету.
  • ВШығару.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

Мұрын мен тілдің қызметі туралы әңгімелеу, негізгі ережелерді қайталау.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, қорытынды пікір айту.