Құтты болсын анашым, Құтты болсын мерекең

Сабақ туралы мәлімет

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Аябаева Санбибі.

Тақырып

Ана — өмірдің шуағы

Мақсаты

  1. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
  2. Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен жауапкершілік туралы түсінік беру.
  3. Балаларды ата-анаға сүйіспеншілікке баулу, ананың еңбегін ардақтау, мейірімділік пен сый-құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Мақал-мәтелдер
  • Шарлар
  • Тірек сөздер

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ана, ана, ана! Неткен мейірлі, неткен шапағатты сөз! Үш әріптен құралған осы қасиетті ұғымның түбінде ұлы сезім жатыр. Бар махаббат пен мейірімді сыйдырып тұрған аналық сезімді қадірлейік. Жақсылық атаулының бәрі де ана сүтімен дариды. Олай болса, бүгінгі барлық ізгі тілектеріміз сіздерге арналады.

Ардақты аналар, аяулы қыздар! Көктемнің шуағын ала келген 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Өлең жолдары

Айналайын ана деген асыл аттан,

Шуағын бар әлемге шашыратқан.

Ойнап жүрген құлынын даладағы,

Үйде отырып дауысынан ажыратқан.

Балалардың хормен айтатын тілегі

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой, аналар!

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз, балалар!

Ән

«Ана»

Дүниедегі құдіреттің бәрі ананың тілегі мен махаббатының арқасында. Ал ақ самайлы, аяулы да ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымыз да бұл жарық дүниенің есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз!

Менің әжем — бұл әже,

Айтқан сөзі — дәл әже.

Аман болса, көреді

Қызығымды әлі әже.

Ойын

«Кімнің дауысы? Тап!»

Ортаға 5–6 бала анасымен бірге шығады. Балалар теріс қарап тұрады. Әр ана баласын «құлыншағым» немесе «ботақаным» деп шақырады. Бала дауысын таныса, «Менің мамам!» деп айтуы керек.

Қатысу

Би

Ұлдар биі

Тақпақтар

Мұғалім

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге

Бар баланың тақпағы.

  1. Анам менің сүйіктім, тек өзіңе табынам.
  2. Анаң болса қасыңда, басқа бақыт не керек.
  3. Мен анамды сүйемін, құшағыңа енемін.
  4. Қуанышы баланың — бізді өсірген анашым.
  5. Құтты болсын, анашым, құтты болсын мерекең!
  6. Анам менің күнім дейді, мен қуанcам, күлімдейді.
  7. Таңғалғандай ғалам: кім ең сұлу адам? Ол — менің анам.
  8. Айналайын, анашым, көкте нұр боп жанасың.

Ән

«Қошақаным»

Бала тілегі

Оқушылардың құттықтау сөздері

Би

«Физруков»

Көрініс: «Әже мен немере»

Белі бүгіліп, бойындағы бар күшін сарққан қарт әже еңкейе басып келеді. Мұны көрген немересі жүгіріп шығып: «Әже, айтыңызшы, не іздеп жүрсіз? Бір нәрсе жоғалтып алдыңыз ба?» — дейді.

«Иә, балам, жастығымды жоғалтып алып, соны іздеп жүрмін», — деп әжесі жерге еңкейе түседі.

Немересі қарсы алдына келіп, тоқтай қалып: «Жоғалтқаныңыз алдыңызда тұр ғой, әже», — дейді.

«О, құлыншағым! Менің жастық шағым — сен екенсің ғой», — деп әжесі немересінің басынан сипайды.

Ән

«Ақ мамам»

Аналар қандай?

Сипаттау, теңеу сөздер арқылы ой бөлісу

Би

«Паппури»

Қорытынды

Мұғалім

«Барлық ана — баласымен бақытты, барлық бала — анасымен бақытты», — деп балаларды ортаға шақырамын.

Ұлдар

Ана деген сөзді де,

Апа деген сөзді де,

Әке деген сөзді де,

Аға деген сөзді де —

Ойлап тапқан балалар.

Ескерту

Толық нұсқасын жүктеу.