Сізді қызықтыратын, толғандыратын сұрақтардың жауабын мүмкін осы кітаптан табарсыз
Жаңа кітап: «Абай және қазақ болашағы»
Жақында «Абай және қазақ болашағы» атты кітап жарық көрді. Еңбектің авторы — белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбден.
Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеп келеді. Абай ой мен сөз бостандығының символына айналды. Қазақтың идеалы — Абай.
Кітаптың өзегі: Абай ойларын XXI ғасырда іске асыру
Кітапта Абайдың қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда жүзеге асыру тетіктері айқындалады. Автор Абайдың «толық адам» ілімінен ар-ұят, намыс, мейірімділік сияқты ұғымдарды бүгінгі қоғамның жаңғыруына тірек етуді ұсынады.
Еңбектің басты мақсаты — Қазақстанды жаңа өркениеттік деңгейге, ізгіленген қоғамға көтерудің жолдарын ұсыну. Әр қара сөздің мазмұны екі бөлімге құрылып, алдымен қазіргі ахуал талданады, кейін «не істеу керек?» деген сұраққа нақты ұсыныстар беріледі.
Ойландыратын сұрақтар
Ұлы Абайдың феноменін бәріміз мойындаймыз: үлкеніміз де, кішіміз де, байымыз да, кедейіміз де оның ой-өрісін, болмысын қадірлейміз. Бірақ іс жүзінде неге біріміз оның айтқанын орындауға тырыссақ, енді біріміз керісінше әрекет етеміз?
Кітап жауап іздейтін негізгі тақырыптар
-
Өзімізді тану
Біз кім едік, қазір кімбіз, қайда барамыз, алда не күтіп тұр?
-
Байлық пен әлеует
Қандай ресурстарымыз бар және оны қалай пайдаланып жүрміз?
-
Рухани жаңғыру
Рухани құндылықтарымыз қай деңгейде, оны қалай жаңғыртамыз?
-
Табиғат пен адам үйлесімі
Экология және өмір сапасы үшін қандай тепе-теңдік керек?
-
Технология және бәсеке
Жаңа технологиясыз жаһандық бәсекеге түсе аламыз ба?
-
Ауылдың ахуалы
Ауылдың жағдайы қандай, оны қалай көтереміз?
-
Білім мен ғылым
Қазіргі деңгей қандай және серпілісті қалай береміз?
-
Отбасы және адам қажеттілігі
Әр адамға, әр отбасына шын мәнінде не керек?
-
Жастар болашағы
Жастарға мүмкіндік пен бағыт-бағдарды қалай күшейтеміз?
-
Тиімді мемлекеттік басқару
Басқарудағы нәтижелілік пен әділеттілікті қалай арттырамыз?
-
XXI ғасырдағы өмір сүру жолы
Адамзаттың жаңа дәуірдегі бағдарын қалай анықтаймыз?
Тарихи тұлғалар және өркениеттік сабақтастық
Кітапта қазақ еліне және жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан 30-ға жуық тарихи ұлы тұлға туралы қысқаша мәлімет беріледі. Олардың қатарында әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев сияқты ірі қайраткерлер бар.
Қорытынды бағдар: базалық құндылықтар тетіктері
XXI ғасырдың шақырулары
Еңбектің соңында адамзаттың XXI ғасырда өмір сүру жолдары ұсынылады. Автор алға жетелейтін базалық құндылықтардың тетіктерін әр қырынан қарастырады.
Назардағы бағыттар
- Рухани-мәдени жаңғыру
- Ғылыми-технологиялық серпіліс
- Экология және табиғатпен үйлесім
- Ғарышты игеру
- Қауіпсіздік
- Экономика және басқару тиімділігі
Кітапты қайдан алуға болады
Бағасы: 999 тг
Мекенжай
Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 29 (Пушкин к-сі қиылысы), каб. 108
Байланыс
E-mail: osabden@mail.ru
Тел.: +7 (727) 272-12-16
Олжас, Гүлжан: +7 702 648 44 55