Аяз Атаның сөзі

Мерекелік кештің мақсаты мен мазмұны

Бұл кештің мақсаты — оқушыларға Жаңа жыл туралы түсінік беру, мерекені татулықпен, достықпен, бірлікпен қарсы алуға баулу. Оқушылар өз бойларындағы өнерін ортаға салып, бір-біріне үйретіп, көңілді өткізудің өз қолдарында екенін ұғындырады.

Көрнекіліктер

  • Жасыл шырша

    Мерекенің негізгі символы.

  • Түрлі-түсті отшашу

    Көңіл күйді көтеретін әсер.

  • Гүлдер, жалаушалар, шарлар

    Сахнаны көркемдеу элементтері.

  • Қанатты сөздер

    Тәрбиелік мәні бар тіркестер.

  • Буклеттер

    Кеш туралы қысқаша ақпарат.

  • Қабырға газеті

    Мерекелік жаңалықтар мен құттықтаулар.

Кештің барысы

Ашылу сәті

Би Жүргізушілер Тілек

Би

«Сыр маржандары»

Жетекші: Қыдырова Айнұр апай

Музыка әуенімен сахнаға үш жүргізуші шығады: Шаттық, Несібелі, Қарақат.

Шаттық

Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы — ассалаумағалейкум!

Несібелі

Армысыздар, бармысыздар, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен шабытты шәкірттер!

Қарақат

Аппақ бүгін қыр-далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем — бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.

Жүргізушілердің арнауы

Шаттық

Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде — әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.

Несібелі

Құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Келе жатқан Тауық жылы мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

Ресми құттықтау

Кешімізді ашу үшін мектеп директоры Нальтаев Құлахмет Сейдахметұлын ортаға шақырамыз.

Ән мен өнерге кезек

Ән Тілек

Қарақат

Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әнші қызым ән салғанда, беу, шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар!

Келесі нөмір

Аружанның орындауындағы «Жаңа жыл» әні

Қарсы алыңыздар! Орындаушының тілегімен жалғасады.

Шаттық

Уа, халайық, жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.

Несібелі

Уа, халайық, құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті!

Қарақат

Уа, халайық, той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Ескі жылды шығарып сап,
Төрге шықсын жаңа жыл!

Кейіпкерлер шеруі және тілектер

Сахналық көрініс Тілек

Сахнаға Тауық жылы кейіпкері балапандарымен бірге шығады. Олардың тілектерін оқушылар айтады: Жанар, Балнұр, Айша, Тоғжан, Нұрбақыт, Назар.

Ит жылынан тілек

Қадірменді ағайын, қош келдіңіздер! Мені құрметпен қарсы алғандарыңызға рақмет. Құдай қаласа, бұл жыл баршаңызға бақыт, қуаныш, табыс әкелсін. Күткен үміттеріңіз ақталып, әр шаңыраққа бейбітшілік пен амандық орнасын. Өздеріңізге және жақындарыңызға болаттай денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыс тілеймін. Бүгін сіздерге күшіктеріммен бірге тосынсый ала келдім.

Үш жүргізуші: Олай болса, кел төрлет, Жаңа жыл!

Би

«Балапандар биі»

Би барысында сахнаға Аяз ата кіріп келеді.

Аяз атаның келуі

Құттықтау Хор

Шаттық

Қош келдіңіз, Аяз ата!
Қарсы аламыз орын беріп.
Ән салыңыз бізбен бірге,
Би билеңіз бізге еріп.

Несібелі

Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.

Аяз атаның құттықтауы

Құрметті достар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл жағымды жаңалықтарға толы болып, табыстарыңыз еселенсін. Әрбір игі ісіңізге сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт, бақ-береке орнасын.

Хор

«Жаңа жыл»

Кештің жалғасы: жас таланттар

Өнер Би

Қарақат: Аяз ата, достарымыз сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыз. Ендеше, ерекше мерекелік кешіміз одан әрі жалғасады. Ортаға сыныптың жас таланттарын шақырамыз!

Би

Заманауи би

Шаттық: Биылғы Жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше. Бұл мереке — жетістіктерді дәріптеп, жаңа белестерге жігер беретін сәт. Сонымен бірге тәй-тәй басқан Түгіскен өнер мектебіміз де аз уақыт ішінде өз тарихындағы үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Кел төрлет, Жаңа жыл!

Түйін

Бұл сценарий оқушылардың шығармашылығын ашып, ортақ қуанышқа ұйыстыратын, бірлік пен достықты нығайтатын мерекелік кеш құруға бағытталған. Ән, би, құттықтау және сахналық көріністер арқылы Жаңа жыл мейрамы мазмұнды да әсерлі түрде өтеді.