Үш қыз ертегісіМақсаты: ертегіні балаларға таныстыру, мазмұнын ашу, кейіпкерлердің тағдырына балаларды ортақтастыру арқылы олармен бірге қуанып, бірге армандап, ізгілік пен ерсілікті айыра білуге үйрету
Мақсаты
Балаларды татар халқының «Үш қыз» ертегісімен таныстыру, мазмұнын ашу және кейіпкерлер тағдырына ортақтастыру арқылы бірге қуанып, бірге армандауға жетелеу. Ізгілік пен жамандықты ажырата білуге үйретіп, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құралдар
- Ананың және қыздардың иллюстрациялы суреттері
- Жұмыс дәптері
- Түрлі түсті қарындаштар
Сөздік жұмыс
- Аяулы жан
- Өмірдегі ең жақын, ең қымбат адам.
- Қайырымдылық
- Қиын кезде көмек көрсету, мейірімділік таныту.
Билингвальды компонент
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушылық: «Шаттық шеңбері»
Біздің топта балалар
Тату-тәтті ойнайды.
Дос көңілі әрқашан
Тек жақсылық ойлайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік: кіріспе әңгіме
Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
- Өмірдегі ең жақын, ең аяулы жан кім?
- Ең аяулы жан — ана.
Анамызды сыйлап, айтқанын орындап, ренжітпей жүруіміз керек. Ана ауырып қалса, дәрі-дәрмегін беріп, жанында болып, көмектесу маңызды.
Бүгін біз татар халқының «Үш қыз» ертегісімен танысамыз. Педагог ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді.
Сұрақ-жауап
- 1 Анасы тиінді жұмсап, қыздарын не үшін шақырады?
- 2 Тиін үлкен қызды неге айналдырады? Неліктен?
- 3 Тиін ортаншы қызды неге айналдырады? Неліктен?
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Жақсы сергіп алайық.
Дәптермен жұмыс
- Дәптердегі тапсырманы түсіндіру.
- Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Мақал жаттау
Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.
Рефлексиялық түзетушілік
Егер аналарың немесе қамқоршыларың ауырып қалса, сендер қалай көмектесесіңдер?