Конститутцияны қорғау
Мектепішілік құқықтану пәні бойынша сайыс (10–11 сынып)
Тақырыбы: «Сен өз құқығыңды білесің бе?»
Сайыстың мақсаты
- Оқушылардың құқықтық білімін тексеру, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру; ұйымшылдық пен тәртіптілікті қалыптастыру және сын сәтте тиімді шешім табуға, мақсат қоя білуге тәрбиелеу.
- Ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту; қабілеттерін шыңдау.
- Конституцияны және құқықтық-нормативтік актілерді орындауға, құрметтеуге; адамгершілікке және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Сайыстың құрылымы
I тур
Таныстыру
II тур
«Біліміңді көрсет» (топ басшылары сайысы)
III тур
«Сөйле, тілім, жасқанбай» (құқықтық терминді табу және 2 тілде аудару)
IV тур
«Ой елегінен өткіз»
V тур
«Жеті жарғыны білеміз бе?»
VI тур
«Балалы үй — базар» (ҚР бала құқықтары)
VII тур
«Ойды аяқта» (мақал-мәтелді аяқтау және мағынасын түсіндіру)
Қорытынды
Сайысты қорытындылау және марапаттау
I тур — Таныстыру
Қатысушы
10 «А» сыныбы
Қатысушы
10 «Ә» сыныбы
Қатысушы
11 «А» сыныбы
II тур — «Біліміңді көрсет» (сұрақ-жауап)
А нұсқасы
1–10
-
1. «Штандарт» сөзінің мағынасы қандай?
Жауабы: полк туы.
-
2. «Невада — Семей» экологиялық қозғалысы қашан құрылды?
Жауабы: 1989 жылы.
-
3. «Жеті жарғы» бойынша қазақ хандары неше құқық пен функцияны иеленді?
Жауабы: 5.
-
4. Республика Президенті мәртебесі қашан енгізілді?
Жауабы: 1990 жылы 24 сәуір.
-
5. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде неге бағынады?
Жауабы: Конституция мен заңға.
-
6. ҚСРО-ның ыдырауы туралы Алматы мәлімдемесі қашан қабылданып, ТМД қашан құрылды?
Жауабы: 1991 жылы 21 желтоқсан.
-
7. Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаға мүше бола ала ма?
Жауабы: жоқ.
-
8. «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қашан қабылданды?
Жауабы: 1990 жылы 25 қазан.
-
9. Конституциялық кеңестің негізгі қызметі қандай?
Жауабы: Конституцияны қорғау.
-
10. ҚР Мемлекеттік Гимнінің жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі қашан бекітілді?
Жауабы: 2006 жылы 7 қаңтар.
B нұсқасы
11–20
-
11. Заң шығарушы билік?
Жауабы: Парламент.
-
12. ҚР-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қашан қабылданды?
Жауабы: 1997 жылы 2 наурыз.
-
13. Сенат депутатының өкілеттік мерзімі?
Жауабы: 6 жыл.
-
14. Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды?
Жауабы: 1992 жылы 2 наурыз.
-
15. Конституция неше бөлімнен тұрады?
Жауабы: 9 бөлім.
-
16. Ақмола қаласы қашан Астана болып өзгертілді?
Жауабы: 1998 жылы 7 мамыр.
-
17. Сенаттың неше депутатын Президент тағайындайды?
Жауабы: 15.
-
18. ҚР Қарулы Күштері қашан құрылды?
Жауабы: 1992 жылы 7 мамыр.
-
19. Азаматтарға амнистия туралы актіні кім жариялайды?
Жауабы: Президент.
-
20. Қазақтардың I Дүниежүзілік құрылтайы қайда және қашан өтті?
Жауабы: 1992 жылы 28 қыркүйек, Алматы.
C нұсқасы
21–30
-
21. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?
Жауабы: дүниеге келген күннен бастап.
-
22. Атқарушы билікті ата.
Жауабы: Үкімет.
-
23. Президенттік лауазым қашан енгізілді?
Жауабы: 1990 жылы 24 сәуір.
-
24. Конституцияның екінші бөлімі қалай аталады?
Жауабы: «Адам және азамат».
-
25. Парламенттің төменгі палатасы?
Жауабы: Мәжіліс.
-
26. Үкіметті кім басқарады?
Жауабы: Премьер-министр.
-
27. Азаматтарды полиция қанша сағатқа дейін ұстай алады?
Жауабы: 72 сағатқа дейін.
-
28. Парламенттің жоғарғы палатасы?
Жауабы: Сенат.
-
29. Қазақстан Республикасында неке жасы?
Жауабы: 18.
-
30. Мемлекеттік тудың авторы кім?
Жауабы: Шәкен Ниязбеков.
III тур — «Сөйле, тілім, жасқанбай»
Бұл кезеңде құқыққа қатысты сөздер мақал-мәтелдердің ішіне жасырылған. Қатысушылар табылған құқықтық терминнің қазақша және орысша аудармасын айтуы тиіс.
I топ
- Бір қазаға екі … жоқ. (Жаза — наказание)
- Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі … табар. (Куә — свидетель)
- Мен … қылған күні ай жарық болды. (Ұрлық — кража)
- Би екеу болса, … төртеу. (Дау — спор)
II топ
- Әр елдің … басқа, иттері қара қасқа. (Заң — закон)
- Елшіге … жоқ. (Өлім — смерть)
- Тақыр жерге су төксең, жүруге тайғақ болар; жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде … болар. (Айғақ — доказательство)
- Ата-анаңның қадірін балалы болғанда білерсің, анық достың қадірін … болғанда білерсің. (Жала — клевета)
III топ
- … істің — арты игі. (Әділ — справедливый)
- Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ, қыдырып айтқан … керегі жоқ. (Билік — власть)
- Жолға шықсаң сайлан, бес … байлан. (Қару — оружие)
- У ішкен бір өледі, … ішкен мың өледі. (Ант — клятва)
IV тур — «Ой елегінен өткіз»
-
1. ҚР Конституциясының 1-бабында не туралы жазылған?
Жауабы: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
-
2. ҚР егемендігі мен тәуелсіздігін білдіретін аса маңызды 3 құжатты ата.
Жауабы: Егемендік туралы декларация; Тәуелсіздік туралы конституциялық заң; Конституция.
-
3. Әнұранның әуені қай жылдан бері шырқалып келеді?
Жауабы: 1945 жылы 16 қараша.
-
4. Қазақ жеріндегі құқықтық ғұрыптармен қатар жазылған заң жобаларын ата.
Жауабы: «Төре бітігі», «Шыңғыс Ясасы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы».
-
5. Конституция неше бөлім және неше баптан тұрады?
Жауабы: 9 бөлім, 98 бап.
Қосымша тапсырма: 1–9 баптардың мазмұнын және 50-баптың мазмұнын талдау.
V тур — «Жеті жарғыны білеміз бе?»
Бұл бөлімде дәстүрлі құқық нормалары бойынша сұрақтар ұсынылады (толықтыру және жауап беру форматында).
- 1. Қанға — қан алу …
- 2. Ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам …
- 3. Өсиет …
- 4. Барымтадан қайтқан мал …
- 5. Дауды шешу …
- 6. Куәлікке кемінде …
VI тур — «Балалы үй — базар» (ҚР бала құқықтары)
-
1) Бала құқық қабілетті
Талқылау: құқық қабілеттіліктің мәні, шегі және қорғалуы.
-
2) Баланың білім алуға құқығы
Талқылау: білімге қолжетімділік, қауіпсіз орта, тең мүмкіндік.
-
3) Баланың еңбек бостандығына құқығы
Талқылау: еңбек құқығы, мәжбүрлі еңбекке тыйым, жас ерекшелігі.
VII тур — «Ойды аяқта» (мақал-мәтел)
Мақал-мәтелді аяқтап, мағынасын түсіндіру.
-
1. Заңның құрығы …
Жауабы: бәрінен ұзын.
-
2. Өш алғаннан гөрі …
Жауабы: кешірген жақсы.
-
3. Әр адамның құдайы …
Жауабы: оның ары.
-
4. Жамандық қылсаң пәле күт …
Жауабы: бәріне де зауал бар.
-
5. Жазасын тартпайтын …
Жауабы: жамандық болмайды.
-
6. Туғанына бұрғаны …
Жауабы: биді құдай ұрғаны.
Қорытынды және марапаттау
VIII бөлім
Сайыстың нәтижесін шығару, ұпайларды жариялау.
IX бөлім
Жеңімпаздарды марапаттау және алғыс білдіру.