Пергамент кітабы

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.
  • Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.
  • Зейінді шоғырландыру, шығармашылық қабілетті, тіл байлығын, ой-өрісті дамыту.
  • Оқулықты құрметтеуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, презентация, мақал-мәтелдер, тақтадағы суреттер, көріністер, кітап кейіпкерлері мен бетперделері, жадынама, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы

Кіріспе өлең

Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін.

Жұмбақ

Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін.

Жауабы: Кітап

Не білеміз?

Кітап сөзі араб тілінен аударғанда «жазба» дегенді білдіреді. Түрік тілінде оған жақын ұғымдар ретінде «дәптер», «мерзімді баспасөз басылымы» сөздері қолданылады.

Кітап — өмір айнасы, заманның сыры, тарихтың шежіресі; оқу мен тәрбиенің маңызды құралы. Кітаптардың мазмұны, қағазы, мұқабасы және безендірілуі әртүрлі болады.

Кітап ханшайымының әңгімесі

«Сәлем, достарым! Сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен — сендердің достарыңмын. Достарың туралы көп білесіңдер ме? Ендеше, тыңдаңдар...»

Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде баспа кітаптар болмаған кезде адамдар мәтінді қолмен көшіріп жазған. Бұл — өте қиын әрі ауыр еңбек еді. Кейін қағаз жасау үйренілді, ал бүгін кітаптар жылдам басылып шығады.

Кітапты жасауға көп адам қатысады: орманшы ағаш өсіреді, қағазшылар қағаз дайындайды, жазушылар мен ақындар мәтін жазады, суретшілер иллюстрация салады, терушілер тереді, баспагерлер басып шығарады, түптеушілер кітапты қапсырады. Кітап жасайтын машина да адамның еңбегінсіз кітап шығара алмайды.

Тарихтан қысқаша мәлімет

  • Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.
  • Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылғаннан кейін қалыптаса бастады.
  • Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылдан бастап жарық көре бастады.

Ертедегі кітап түрлері

Түркі халықтарының көне жазба ескерткіштері

Ежелгі жазба мұралар — тарих пен мәдениеттің құнды дереккөздері.

«Папирус» кітабы

Мысырда папирус өсімдігінен жасалған материалға жазып, оны жұмыр таяқшаларға шиыршықтап ораған.

«Пергамент» кітабы

Қолжазба сақтаудың тағы бір түрі — пергамент. Ол берік, бірақ дайындауы күрделі болған.

Баспа және түптеу цехтары

Кітаптың жарыққа шығуы — баспа, түптеу және көптеген маманның бірлескен еңбегі.

Сұрақтар арқылы ойлану

  • Кітап жасау оңай ма?
  • Кітап жасауға қанша адам қатысады?
  • Кітаптың өмірі ұзақ па? Ол неге байланысты?
  • Өз оқулығыңды қалай сақтайсың?

Көрініс: «Кітаптар мұңы»

Әліппе

«О, Кітап ханшайымы! Мені ұқыпсыз оқушылар құртып жібере жаздады. Бір әдепті бала көмектесіп, құтқарды...»

«Парақтарымды паршалап, қорғаныш мұқабамды бүлдіріп, сүйретіп жүрді...»

Ана тілі

«Мені жазу үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөлді. Бар мақсат — балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді».

«Бірақ мен бір жылға жетпей жыртылып, шимайланып, сия тамған парақтары бар күйге түстім...»

Математика

«Мен де оңған жоқпын. Бірнеше күн өтпей-ақ беттеріме сиямен сызықтар түсіп, суреттерім шимайланды...»

«Оқу жылының соңында мені аулада доп қылып тепкілеп кетті...»

Үміт

Қазақ тілі оқулығы: «Жүріңдер, достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Ол сендерді бүтіндейді. Құдайым, Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі жылы да ұқыпты оқушыға тап болғайсыңдар!»

Кітап ханшайымы: «Кітаппен дос болайық, ата-баба үмітін ақтайық!»

«Балаларым, оқы, ойна: оқу-білім саған пайда».

Ана тілі: «Кітабыңның шетін жыртып, сиямен бояп қойма».

Жадынама: Есіңе сақта!

  1. 1 Кітапты ұқыпты, таза ұста. Өзіңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын ұмытпа.
  2. 2 Кітапты төсекте жатып немесе ас ішіп отырып оқыма. Оқу — үлкен ой еңбегі.
  3. 3 Кітапты қалай болса солай оқыма: беттерін бүктеме, ашып-жапқанда асықпа.
  4. 4 Кітапты жыртуға да, сызуға да болмайды.
  5. 5 Кітапханада шулама: басқаларға кедергі келтіресің.

Әдеби монтаж

1-оқушы

Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.

2-оқушы

Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.

3-оқушы

Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.

4-оқушы

Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.

5-оқушы

Зауыттарда күн-түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.

6-оқушы

Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.

7-оқушы

Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.