Айналайын ана

Сабақ тақырыбы

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады…

Мақсаты

Оқушыларға 8 наурыз мерекесі туралы түсінік беру; аналарға деген сүйіспеншілікке баулу; ана еңбегін қадірлеп, үмітін ақтауға, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Кіріспе

Мұғалім сөзі

Наурыз күні — Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,
Ұғып ал, балаларым, сендер мұны.

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, ең қадірлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күннен бастап ананың жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірімге толы көзқарасы арқылы берілетін сүйіспеншілік пен қамқорлық — өмірдің ең үлкен сыйы.

Сол мейірімділік пен еңбекті ардақтау үшін адамзат қауымы бір күнді ерекше мейрам етіп белгілеген. Ол — 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күні. Бұл мерекенің тарихы да осы құрметтен бастау алады.

Негізгі бөлім

Гүлім

1908 жыл, 8 наурыз. Көктем күні еді. Нью-Йорк жұмысшы әйелдері жұмыс уақытын қысқартуды және жалақыны көбейтуді талап етіп, демонстрацияға шықты.

Осы оқиғадан кейін 1910 жылы Копенгагенде өткен социалист әйелдердің II халықаралық конференциясы 8 наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылдады.

Биыл бұл мерекеге 105 жыл толып отыр.

Дархан

Өмірде анаңнан артық жан жоқ. Өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін береді.

Сондықтан ешбір бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам — бақытты. Ана — кешірімді жан: сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды, қорғайды.

Құрметті аналар! Сіздерді көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ән

__________________________________

Өлеңдер мен көріністер

Ажар

Айналасына ас қатып,
Изенді көлдей шалқытқан.
Қасын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан…
Бұл кім?

АНА

Асем

Анам мені «айым» дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Анам мені «күнім» дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

Әйгерім

Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп, дем алам,
Құшағыңда қажымай.

Қарақат

«Жаным» дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым, білсең…

Бәрі: «Айналайын, ана!»

Олжас

«Құлыншағым» — деп мені
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені…

Бәрі: «Айналайын, ана!»

Ажар

Еркелесем — күлімдейтін,
Ұрысса да — білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім» — дейтін.

Мереке

Тойға барсақ болғаны,
Есіңе мені аласың.
Тәтті-тәтті тағамды
Маған сақтап қоясың.

Жалын

Еркеназ

Ата-бабам айтып кеткен о бастан,
Өмір-тірлік ұрпақтармен жалғасқан.
Деп айтыпсың мен туғанда, жан әке,
Өмірімнің өзегімін — жалғасқан.

Балалықтың бал шағын анам маған сыйлаған,
Әлдиіне қуанып, бесік жырын тыңдаған.
Қуат алып сіздерден болашаққа аттанамын,
Ата-анамның үмітін ақтар Еркеназ қызы мен болам.