Шығыс септігінің сұрақтарын тап
Сабақ тақырыбы: Шығыс септік
Сабақ мақсаты
- Білімділік: зат есімнің септелуі туралы білімді нығайту; шығыс септіктегі сөздердің сұрақтары мен жалғауларын меңгерту.
- Дамытушылық: жаттығулар арқылы шығыс септіктегі сөздің сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту; сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
- Тәрбиелік: пәнге қызығушылықты арттыру; топпен жұмыс істеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
- Көрнекілігі
- Суреттер, кесте
- Әдіс-тәсілдер
- Ассоциация, семантикалық карта, Венн диаграммасы, тест, екі жақты түсіндірме күнделік, «Ішіне — сыртына».
Ұйымдастыру бөлімі
Әрбір адам — досым, сыныптасым.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.
Әрбір сабақ — үйрену, оқу, іздену.
I. Қызығушылықты ояту
Қайталау сұрақтары
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Септік жалғаулары дегеніміз не?
- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
- Қазақ тілінде неше септік бар?
Тапсырма:
Септіктер бойынша ассоциация құрыңдар.
Семантикалық карта
| Сөздер | Атау | Ілік | Барыс | Табыс | Жатыс |
|---|---|---|---|---|---|
|
Бөлмеде құмда Айданада |
— | — | — | — | + |
|
Суретшінің ағаштың оқушылардың |
— | + | — | — | — |
|
Оқушы кітап ағаштар |
+ | — | — | — | — |
|
Шеңберді саңырауқұлақты Әсемді |
— | — | — | + | — |
|
Ауылға мектепке Сәулеге |
— | — | + | — | — |
Қосымша:
«Қайың» сөзін септеңдер.
II. Мағынаны тану
Көркем жазу және талдау
Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар:
Оқушылар кітапханадан кітапты алды.
Асан хабарды газеттен оқыды.
Терезеден зәулім ағаштар көрінеді.
Марат досынан кітабын алды.
Ереже: Шығыс септік
Шығыс септіктегі зат есімдер кімнен? кімдерден? неден? нелерден? қайдан? деген сұрақтарға жауап береді.
Жалғаулары
-дан -ден -тан -тен -нан -нен
Оқулықпен жұмыс
- Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
- Мақал-мәтелдерді оқы. Шығыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қой, жалғауын анықта. Мақалдың мағынасын жаз.
Екі жақты түсіндірме күнделігі
| Мақал-мәтел | Мағынасы |
|---|---|
| Шегірткеден қорыққан егін екпес. | … |
| Баладан мін табылса, ата-анаға сын тағылар. | … |
| Түлік төлден өседі. | … |
| Қорқақ көлеңкесінен де қорқады. | … |
Сергіту сәті
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір-бірімен шатастырып алып жүрме.
Жалғанатын жалғаулары сан түрлі ғой,
Жатта соны, ойнап-күлме, босқа жүрме.
Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Жаттап алсаң, балақай, зат есімді септе тез.
Ребус және сөйлем құрау
Ребус:
Ай + гүл
Осы сөзді қатыстырып, септік түрлеріне сай сөйлемдер жазыңдар:
- Айгүл мектепке келді.
- Айгүлдің мінезі ашық.
- Мен Айгүлге кітап сыйладым.
- Мейіржан Айгүлді қонаққа шақырды.
- Айгүлде ертегі кітаптар көп.
- Айгүлден үлгі алуға болады.
- Жандос Айгүлмен мұзайдынға барды.
Ұжымдық жұмыс: «Ішіне — сыртына»
Берілген сөздерді «Ішіне» және «Сыртына» бөліп жазыңдар:
Ішіне
…
Сыртына
…
III. Толғаныс
Венн диаграммасы
Жатыс септік пен шығыс септікті салыстырыңдар.
Жатыс септік
…
Шығыс септік
…
Тест жұмысы
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
- a) 6
- в) 7
- с) 5
2. Сөйлемнен шығыс септігінде тұрған сөзді тап: «Кеше Сәуледен хат келді.»
- a) Сәуледен
- в) келді
- с) кеше
3. Шығыс септігінің сұрақтарын тап.
- a) кімде? неде?
- в) кімнің? ненің?
- с) кімнен? неден?
4. Шығыс септігінің жалғауларын тап.
- a) -да, -де, -та, -те
- в) -дан, -ден, -тан, -тен
- с) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
5. Шығыс септігінде тұрған сөзді тап.
- a) мектептен
- в) мектепте
- с) мектептің
Бағалау және үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы
- Зат есімдердің септелуін жаттау.
- 4-жаттығу: ребусты шешіп, шыққан сөздерге шығыс септік жалғауын жалғап, сөйлем құрастыр.
Қорытынды диалог
Мұғалім: Әрбір адам
Оқушылар: досым, сыныптасым.
Мұғалім: Әрбір ісің
Оқушылар: тірлік, тірек, адамдық.
Мұғалім: Әрбір сөзің
Оқушылар: шындық, бірлік, адалдық.
Мұғалім: Әрбір сабақ
Оқушылар: үйрену, оқу, іздену.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызды қызықты өткізіп, жаңа нәрсе үйрену үшін бәріміз белсенді қатысайық.
Толық нұсқасын жүктеу.