Биология ғылымың маңызын түсіндіре білу

9-сынып • Биология пәні

Күнделікті сабақ жоспарлары мен бөлім тақырыптары

Төменде 9-сынып биология курсына арналған тақырыптар тізімі және «Биология және оның зерттеу салалары» сабағына үлгі жоспар берілген. Мәтін редакцияланып, тілдік қателері түзетілді.

Сабақ тақырыптары (жыл бойы)

Кіріспе және жасуша биологиясы

  • Биология және оның зерттеу салалары
  • Организмдердің негізгі құрылымдық деңгейлері
  • Организмдердің негізгі қасиеттері
  • Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар
  • Жасушаның бөлінуі
  • Жасушадағы зат алмасу
  • Жасушадағы энергия алмасу

Көбею, даму және эволюция негіздері

  • Организмдердің өздігінен реттелуі. Гомеостаз
  • Жыныссыз көбею
  • Жынысты көбею
  • Организмдердің жеке дамуы
  • Тіршіліктің пайда болу тарихы
  • Тірі организмдер көптүрлілігі. Сүтқоректілер
  • Адамның шығу тегі. Адам нәсілдері

Генетика және селекция

  • Генетикаға кіріспе. Мендельдің гибридологиялық әдісі
  • Мендельдің I және II заңдары. Аллельді гендер. Фенотип және генотип
  • Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы
  • Жыныс генетикасы
  • Модификациялық өзгергіштік
  • Мутациялық өзгергіштік
  • Адам генетикасы. Адамның тұқым қуалайтын аурулары
  • Селекция негіздері: өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы

Экология және биосфера

  • Дүние жүзі және Қазақстан экологиясы. Қала экологиясы
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтары
  • Организмдердің тіршілік ортасы және әсер етуші факторлар
  • Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм
  • Организмнің бейімделу ерекшеліктері
  • Популяция: түсінігі және негізгі қасиеттері
  • Биоценоз: түсінігі, құрылымы және биоценология ғылымы
  • Биосфера. Биосферадағы зат және энергия айналымдары
  • Табиғи ортаның сапасы. Биосфераны қорғау
  • Экологиялық проблема. Әлемдік экологиялық проблемалар
  • Тест (IV тоқсан)

Сабақ жоспарының үлгісі

Пән: Биология • Сынып: 9

Сабақ тақырыбы

Биология және оның зерттеу салалары

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларды биология және онымен тығыз байланысты ғылымдардың зерттеу салаларымен таныстыру.
  2. Биология ғылымының маңызын түсіндіру.
  3. Ұқыптылыққа және тазалыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру бөлімі
  2. II. Жаңа сабақты түсіндіру
  3. III. Бекіту
  4. IV. Бағалау
  5. V. Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақ мазмұны (қысқаша конспект)

Биология — Жер бетіндегі тірі ағзалардың орасан зор сан алуандығын, олардың құрылысын, тіршілік әрекеттерін және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым.

Биологияның негізгі міндеті — тірі ағзалардың қасиеттерін зерттеу, олардың көптүрлілігін түсіндіру, құрылымдық деңгейлер арасындағы өзара байланыстарды және қоршаған орта жағдайларының әсерін анықтау.

Биологияның негізгі салалары

  • Микробиология — бактериялардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерін зерттейді.
  • Ботаника — өсімдіктердің құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
  • Зоология — жануарлар дүниесін зерттейді.
  • Микология — саңырауқұлақтарды зерттейді.

Түйінді бағыттар

  • Генетика — тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті оқытады.
  • Биохимия — ағзалар құрамындағы химиялық заттардың құрамы мен өзгеруін зерттейді.
  • Экология — тірі ағзалардың қоршаған ортамен және бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады.
  • Физиология — тұтас ағза мен оның мүшелерінің қызметін зерттейді.
  • Цитология — жасушаның құрылымын, қызметін және қасиеттерін зерттейді.

Бекіту сұрақтары

  1. Микробиология ғылымы нені зерттейді?
  2. Физиология нені зерттейді?
  3. Қазақстанда биология ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіңдер?

Үй тапсырмасы

§1 оқу.

Автор туралы мәлімет

Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі (мектепке дейінгі шағын орталығымен) коммуналдық мемлекеттік мекемесі, химия–биология пәні мұғалімі — Искакова Зинат Арипбайқызы.