Ғазиз

Қыз есімдерінің мағынасы мен төркіні

Төменде қазақ есімдік қорында жиі кездесетін бірқатар қыз есімдерінің шығу тегі мен мағынасы берілген. Түсіндірмелер араб, иран (парсы), латын, грузин және қазақ тілдік қабаттарымен байланысты.

Ғ әрпінен басталатын есімдер

Ғазиза (Қазиза)
Араб тіліндегі «азиз» сөзінен: күшті, қуатты, сондай-ақ сирек, бағалы, сүйкімді, қадірлі. Мағынасы — аса сирек кездесетін, қадірлі, сүйкімді қыз. Өзгерген түрі: Қазиза.
Гайни, Гайния
Араб тіліндегі «эйнь» сөзімен байланысты: кез, ең маңызды, аса елеулі.
Ғайнижамал
Араб тілінен: әдемі, көркем, тана көз (сұлу көзді) деген мән береді.
Ғалима
Араб тілінен: білімді, дана, оқымысты қыз, әйел.
Ғалия
(Қараңыз: Әлия.)
Ғарифа
Араб тілінен: көмекші, оқушы, аға бастық деген мағына береді.
Ғафура
Араб тілінен: кешірімшіл.

Д әрпінен басталатын есімдер

Дайана
Латын тілінен алынған Диана есімімен байланысты: пәктік пен ай құдайының аты.
Дамира
Жаңа есім: «Да здравствует мир» тіркесінен жасалған, әйел есіміне тән қосымшасы жалғанған нұсқа ретінде түсіндіріледі.
Дана
Иран тілінен: білгір, данышпан.
Данагүл
Иран тілінен: гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.
Дара
Қазақ тілінен: ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Бұл есім бала өзгеден озық, ақылды не сұлу болсын деген тілекпен қойылады.
Дариға
Иран тілінен: «шіркін-ай», «ойпырай» сияқты таңданысты, көңіл күйді білдіретін сөз. Ауыспалы мағынасы — керемет, тамаша.
Дария
Иран тілінен: теңіз, ұлы өзен.
Дәлила
Араб тілінен: белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші. Мағынасы — жөн сілтеуші, бағыт беруші, ағартушы.
Дәмелі
Үмітті, үміткер.
Дәмина (Дамина)
Араб тілінен: жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгерген түрі: Дамина.
Дәнеш (Данеш)
Иран тілінен: білім, ғылым.
Дидара
Иран тілінен: түр, жүз, келбет. Қыз бала көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.
Дила
Грузин тілінен: жарық таң. Бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.
Дильназ
Парсы тілінен: «өмір еркесі». Қосымша бөлігі «наз»еркелік, қылық мағынасын береді.
Динара
Араб тілінен: алтын тиын, ақша.
Дүния
Араб тіліндегі «дунйа» сөзінен: әлем, жер жүзі; сондай-ақ өмір, тіршілік.
Дүрия
Иран тілінен алынған «дуруйе»: жібектен тоқылған әдемі мата.
Ділара
Иран тілінен: көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.
Ділбара
Иран тілінен: сүйікті, өте сұлу.
Ділдә
Араб тілінен: алтын ақша, таза алтын.