Қалқаман - Мамыр поэмасының өзекті мәселе
Сабақтың тақырыбы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман – Мамыр» поэмасы.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты мәлімет беру.
- Поэманың мазмұнын ашу, тақырыбы мен идеясын таныту.
- Көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
2) Дамытушылық
- Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Өзіндік пікір мен көзқарас қалыптастыру.
- Шығармашылыққа жетелеу, ізденісін шыңдау.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілік құндылықтарға баулу, әділдік пен жауапкершілікті зерделету.
Сабақтың ресурстары мен форматы
Көрнекілігі
Ақынның портреті, шығармалар жинағы, қосымша материалдар.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Негізгі әрекет
Талдау, пікірталас, мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық: бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, зейінді шоғырландыру.
II. «Ой қозғау» стратегиясы
- 1 Абай мен Шәкәрім арасында қандай туыстық байланыс бар?
- 2 Абай шығармашылығы туралы қандай ой түйдіңдер?
- 3 Абай мен Шәкәрім сабақтастығы неде?
- 4 Шәкәрімнің қандай шығармаларын білесіңдер?
- 5 Біздің мектепте аудандық «Шәкәрім оқуларының» жүлдегері кім?
III. Жаңа тақырыптың өзекті мәселесін жүйелеу
- «Қалқаман – Мамыр» поэмасындағы өзекті мәселені анықтау.
- Дәуір шындығы: қатал үкім, оның құрбандары.
- Кейіпкерлер әрекетін бағалау: оқушылардың өзіндік пікірін тыңдау.
IV. Поэманың композициялық құрылымы
1) Оқиғаның басталуы
Туыстық байланыс.
2) Оқиғаның байланысы
- Мамырдың бой жетуі.
- Қалқаман мен Мамырдың кездесуі.
- Екі ғашықтың қашып кетуі.
3) Оқиғаның дамуы
Мәмбетей мен Көкенайдың Әнет баба сөзіне құлақ аспауы.
4) Оқиғаның шиеленісуі
Мамырдың қаза табуы.
5) Шарықтау шегі
- Қалқаманға шығарылған үкім.
- Қалқаманның елден кетуі.
6) Шешімі
Елдің күйзелісі, Қалқаман ұрпағының тағдыры.
V. Оқулықпен жұмыс
I. «Ізде, тап»
- 1 Мамырдың соңғы сөзі.
- 2 Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі.
- 3 Қалқаманның елімен қоштасқан сөзі.
II. Сөздік жұмысы
Төмендегі сөздердің мән-мағынасын ашу: еркек-шора, бастаңғы, оғат, халал, асық, шаһит болу.
VI. «Білім мен дәстүр» сыны
I. Салт-дәстүр көрінісі
- Жақыннан қыз алмау.
- Уәдеге беріктік.
- Қалың мал беру.
- Құда түсу.
- Бастаңғы жасау.
- Бата беру.
II. Заман шындығын сұрыптау
- Теңсіздік.
- Жастардың бас бостандығы мәселесі.
- Қалың мал.
- Оққа байлау.
- Жесір дауы.
III. Зерттеу тапсырмасы
Поэмадағы жер-су атауларын теріп жазу және мәтіннен дәйек келтіру.
VII. Сабақты бекіту: сұрақ-жауап
Төмендегі сұрақтар оқушылардың мазмұнды түсінуі мен дерекке сүйеніп жауап беруін тексереді.
1
Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы?
1722 жыл.
2
Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім?
Әнет баба.
3
Қалқаманның әкесі кім?
Олжай.
4
Мамыр Қалқаманды қай жерге, қашан келуге шақырды?
Бүрсігүні, қалың қамысқа.
5
Мамыр қыздың киімін кигеніне неге қуанбады?
Әкесі құда түсірмекші болғандықтан.
6
Екі жастың қосылуына не кедергі болды?
Туыстық, аталас болуы.
7
Қалқаман неліктен өз елінен кетіп қалды?
Оққа байлау жазасына ұшырағаны үшін.
8
Қалқаманды елі неге іздемеді?
Қазақ-қалмақ соғысының салдарынан.
9
Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр?
Ұлы жүз.
VIII. Бағалау
Оқушылардың қатысу белсенділігі, дәлелді жауабы, мәтінмен жұмыс дағдысы және өзіндік пікірі ескеріледі.
IX. Үй тапсырмасы
- «Салтыңды қадір тұт» тақырыбында толғау жазу.
- Өз таңдауы бойынша поэмадан үзінді жаттау.