Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада

І. Кіріспе бөлім

Сабақ Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Тәрбиеші балаларға бүгінгі күннің ерекше екенін түсіндірді: 1 қыркүйек — барлық балабақшада, мектепте және өзге де білім беру ұйымдарында оқу басталатын мереке.

Көп жерде осы күні тұңғыш қоңырау соғылып, күнделікті оқу үрдісі басталады. Жақсы, білімді әрі тәрбиелі азамат болу үшін ерінбей оқып, білім алу қажет.

Кейін тәрбиеші балалардың бұрын алған білімін еске түсіріп, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы сұрақтар қойды. Балалар Әнұран, Елтаңба және Туды атады.

Сұрақ-жауап

  • Қай Республикада тұрамыз? — Қазақстан Республикасында.
  • Президент кім? — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
  • Елорда қай қала? — Астана.
  • Қай қалада тұрамыз? — Көкшетау.
  • Балабақшамыздың атауы? — «Әсел» мектеп-бақшасы.

Өтпелі ой

Балалар өз елі, рәміздері, елордасы және туған қаласы туралы сенімді жауап берді. Сабақ ары қарай Отан туралы өлеңмен жалғасты.

ІІ. Негізгі бөлім

Дания — Отан туралы

Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен — бабамыз бен атамыз.
Отанды әркім анасындай қастерлейді, бағалайды,
Өйткені Отан анасындай — бізді өсірер, аялайды.

Тәрбиеші балаларға бейбіт, тату, бақытты мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды атап өтіп, мерекеге арналған өлеңдермен жалғастыруды ұсынды.

Венера — Мұғалім туралы

Білім алған өзіңнен — дәрігер, ұшқыш не ғалым.
Саған ыстық сезіммен қарайды жұрт, мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым қамқорым деп ұғамын,
Күліп атқан таңдайсың, жарқынымсың сен, мұғалім.

Даниал — Қыркүйек туралы

Қыркүйектің бірінде, кеудем толы дірілге,
Құлақ түйем елеңдеп, «бақша» деген бір үнге.

Бұрхан — Балабақшаға сәлем

Сәлем саған, балабақшам — алтын ұям, сүйікті!
Сен әпердің білікті, сенен өсіп көктедім.

Нұрбол — Алғыс

Келгенімде алдыңа қызыл арай гүл алып,
Жақын тартып жаныңа, «шәкіртім» деп қуанып.

Ән орындау

Балалардың орындауында «Біздің балабақша» әні шырқалды.

Суреттер бойынша әңгімелесу

Балалар суреттерге қарап, балабақша, оқу және мереке туралы ойларын айтып, сөйлеу дағдыларын бекітті.

Ойын: «Менің сүйікті балабақшам»

Мақсаты: балалардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, туған жеріне, еліне және балабақшасына сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Тіл дамыту

Рамзан — Алғыс сөз

Сәлем саған, балабақшам, алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие — ой-санада еккенің.

Аделия — Уәде

Балабақшам — айтар әнім, сан рет қайталадым.
Өзіңнен алғанымды өзіңе қайтарамын.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Тәрбиеші сабақты қорытындылап, осы күннен бастап күнделікті сабақтардың басталатынын айтты. Алда қызықты әрі көп нәрсені үйренетін күндер күтіп тұрғанын еске салды.

Балаларға әрқашан бүгінгідей жақсы көңіл күймен, «бәрін үйренемін» деген мақсатпен балабақшаға келулеріне тілек білдірілді. Белсенді қатысқандары үшін алғыс айтылып, 1 қыркүйек — Білім күніне арналған сабақ аяқталды.