Автор орындығы стратегиясы
Сабақ туралы
Бұл ашық сабақ 5-сынып оқушыларына арналған. Тақырып — Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңі. Сабақта ақынның өмірі мен шығармашылығы жан-жақты қарастырылып, өлеңнің мазмұны мен негізгі идеясы талданады.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жүйелі меңгерту.
- «Мен жастарға сенемін» өлеңінің маңызы туралы мәлімет беру.
- Өлеңнің мазмұнын және негізгі идеясын түсінуге жағдай жасау.
Дамытушылық
- Түсініп оқуға және оқығанын жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.
- Ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту.
- Дүниетанымды кеңейту, ауызекі сөздік қорды дамыту.
- Қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік
- Өлеңді өнеге ете отырып, оқушыларды айбаттылыққа, қайсарлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.
- Ұлтжандылыққа баулу: елін, жерін, Отанын сүюге және құрметтеуге үйрету.
- Еңбексүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекі құралдар
Слайдтар, портрет
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
СТО стратегиялары, миға шабуыл, INSERT, БББ, «Автор орындығы»
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу және психологиялық ахуал: оқушылар «шаттық алаңына» шақырылып, көңіл күйді көтеретін қысқа шумақ айтылады:
Көкте — Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек білдіреді.
Топқа бөлу
Сурет арқылы екі топқа бөлінеді:
- 1-топ: «Ақындар»
- 2-топ: «Жазушылар»
Бағалау
Оқушылар орындарына отырған соң бағалау парағы таратылады.
II. Мағынаны тану
1) Кері байланыс (өткен тақырып бойынша сұрақтар)
| Міржақып Дулатұлы қашан туды? | 1885 жылы. |
| Ақын қандай білім алған? | Ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған. |
| Ақынның ең алғаш өлеңі қалай аталады? | «Жастарға!» |
| «Оян, қазақ!» жинағы қашан басылды? | 1909 жылы. |
| Өз өлеңдерінде ақын қандай болуға шақырған? | Білімді, мәдениетті болуға шақырған. |
| Міржақып Дулатұлынан басқа қандай ақын-жазушыларды білесіңдер? | Абай, Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев. |
Осы тұлғалардың ішінде жерлес ақын ретінде Мағжан Жұмабаев атап көрсетіледі. Демек, бүгінгі сабақ Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналады.
2) БББ стратегиясы («Білемін — Білгім келеді — Білдім»)
Оқушылар алдымен тақырып бойынша не білетінін және нені білгісі келетінін кестеге жазады.
3) Лексикалық минимум және тыңдалым
- Дәулетті — зажиточный
- Сауат ашу — учиться грамоте
- Қамқорлық — забота
- Жинақ — сборник
- Жалған айып — ложное обвинение
- Тыс қалған жоқ — не остался без внимания
- Қуғын-сүргін — репрессия; притеснение; изгнание
- Халық жауы — враг народа
Тапсырма (1-топ «Ақындар»)
«Дәулетті» сөзімен сөз тіркесін құрастырып, аудармасын айтыңдар.
Тапсырма (2-топ «Жазушылар»)
«Қамқорлық» сөзімен сөз тіркесін құрастырып, аудармасын айтыңдар.
4) Деректі фильм
Мағжан Жұмабаев туралы деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.
5) Оқулықпен жұмыс және INSERT стратегиясы
Оқушылар оқулықтың 121-бетіндегі ақынның өмірбаянын өз бетімен оқиды және мәтінге белгілер қояды.
V — білемін
Маған бұрыннан таныс ақпарат.
– — сәйкес келмейді
Алдыңғы біліміммен үйлеспейтін тұс.
+ — жаңа ақпарат
Алғаш рет естіген дерек.
? — сұрақ тудырды
Таңғалдым немесе күмән пайда болды.
6) Көркем оқу
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін сүйіп оқитын және насихаттап жүретін 7 «Б» сынып оқушысы Баймолдин Диас шақырылады. Ол ақынның әйгілі өлеңі «Мен жастарға сенемін» шығармасын мәнерлеп оқиды.
7) Оқылым және талдау
Өлең оқулықпен бірге оқылып, мазмұны, негізгі ойы және тәрбиелік мәні талданады.
III. Рефлексия
1) «Автор орындығы» стратегиясы
Екі топ бір-біріне үш сұрақтан дайындайды. «Автор орындығына» шыққан оқушыға топтар кезекпен сұрақ қояды.
2) БББ кестесін аяқтау
Сабақ соңында оқушылар «Білдім» бағанын толтырып, қорытынды жасайды.
IV. Бағалау
Бағалау парағы (бағалау кестесі) бойынша оқушылардың жұмысы қорытындыланады. Сабақ материалдары қажет болған жағдайда жүктеп алуға ұсынылады: «Мағжан Жұмабаев — Мен жастарға сенемін».