Термодинамикалық параметрлер

Ашық сабақ • 10-сабақ

§ 4.6. Менделеев–Клайперон теңдеуі (презентациямен)

Бұл сабақта газ күйін сипаттайтын негізгі термодинамикалық параметрлердің өзара байланысын қарастырамыз: қысым, температура және көлем. Сонымен қатар изопроцестер мен олардың графиктері талданады, ал алған білім есеп шығаруда бекітіледі.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Әдісі

Баяндау, көрнекілік арқылы түсіндіру

Көрнекілігі

  • Плакат
  • Компьютер
  • Слайдтар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеу — газ күйінің теңдеуі туралы түсінік қалыптастыру. Изопроцестер және олардың графиктерімен таныстыру.

Тәрбиелік

Оқушылардың белсенділігін арттыру және алған білімдерін есеп шығаруда дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Дамытушылық

Пәнге қызығушылықты күшейту, дүниетанымды кеңейту және ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысы

  1. I. Ұйымдастыру бөлімі

    Сабаққа дайындық, оқу құралдарын тексеру және жұмыс қарқынын белгілеу.

  2. II. Үй тапсырмасын бекіту

    Танымдық тапсырмалар арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру және қысқаша талқылау.

  3. III. Жаңа материалды түсіндіру

    Газдың күйін анықтау үшін оның термодинамикалық параметрлерін білу қажет: қысым, температура және көлем. Параметрлердің біреуінің өзгеруі қалғандарының да өзгеруіне әкеледі. Осы параметрлерді байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі деп аталады.

    Бізге белгілі байланыс: p = nkT

Сұрақтар (қайталау)

  • Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не? Термодинамикалық процесс ұғымын түсіндіріңдер.
  • Температура ұғымы. Термометрлердің негізгі түрлері қандай?
  • Молекулалық-кинетикалық теорияның (МКТ) негізгі теңдеулерін атаңдар.
  • Больцман тұрақтысының физикалық мағынасы қандай?
  • Авогадро заңын тұжырымдаңдар.

Есептер

1-есеп

Массасы 6 кг мыс кесегінде қанша зат мөлшері бар?

2-есеп

Азоттың 200 моль мөлшерінің массасы қандай?

3-есеп

Тығыздығы 1.35 × 10-3 г/см3, қысымы 11 × 104 Па болса, газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы неге тең?