Қағаз шаршыны диагонал сызық бойынша бүкте

Математика (2-сынып)

Сабақ тақырыбы: Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар.

Оқу мақсаттары

Бұрыш түрлерін ажырату және атау

  • Бұрыш түрлерін бір-бірінен ажырату: тік, сүйір, доғал.
  • Бұрыштарды дұрыс атау және мысал келтіру.

Фигураларды тану және жіктеу

  • Тіктөртбұрышты, шаршыны, тікбұрышты үшбұрышты мәнді белгілері бойынша анықтау.
  • Көпбұрыштарды төбелер саны бойынша жіктеу.

Сабақтың басы

Оқушылар бұрыш түрлері мен фигуралар бойынша топтарға бөлінеді:

1) Тікбұрыш

2) Тіктөртбұрыш

3) Үшбұрыш

4) Бесбұрыш

5) Трапеция

Сабақтың ортасы

1.1 Бұрыш түрлерін ажырата алу

Тапсырма: Суретпен жұмыс (жеке).

  1. Суреттен қандай сызықтарды көріп тұрсың?
  2. Оларды қандай топтарға бөлуге болады?

Есіңде сақта: Бұл — көпбұрыштар. Олар неге бұлай аталады? (жұптық жұмыс)

Дескриптор

  • Суреттегі сызықтарды атайды.
  • Берілген фигуралардың неліктен көпбұрыштар деп аталатынын түсіндіреді.

Бағалау

«Бесбармақ» әдісі арқылы өзін-өзі және өзара бағалау жүргізіледі.

1.2 Бұрыш түрлерін практикада көрсету

Тапсырма: Қағазбен жұмыс және сурет бойынша талдау.

  1. Шаршы қағазды ортасынан бүкте. Содан кейін тағы бір рет бүкте. Парақты жаз. Қандай бұрыштарды көріп тұрсың?
  2. Қағаз шаршыны диагональ бойымен бүкте. Тағы бір рет суреттегідей бүкте. Содан кейін қағазды жаз. Қандай бұрыштарды байқадың?
  3. Суретпен жұмыс: суреттен әртүрлі бұрыш түрлерін тап.

Дескриптор

  • Шаршы қағаздан бұрыш түрлерін жасап, атайды.
  • Суреттен бұрыш түрлерін табады.

Бағалау

«Бағдаршам» әдісі арқылы түсіну деңгейі бағаланады.

Ақпарат

Мектеп
№8 ОМ
Мұғалім
Елеусизова Б. А.
Тақырып
Бұрыш түрлері. Көпбұрыштар.
2-сынып Геометрия Тәжірибелік жұмыс Жұптық жұмыс