Қасиетті құс

Жас биологтар сайысы (6–7 сыныптар арасында)

Мақсаты

Оқушылардың алған білімдерін тереңдету, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеуге баулу. Сондай-ақ шапшаңдықты, ұжымдастықты, өз ойын еркін жеткізе білуді және шығармашылық қабілетті дамыту.

Сайыс кезеңдері

  1. 1-кезең. Ұйымдастыру

    Топтың атауы, ұраны және төсбелгісін таныстыру.

  2. 2-кезең. Үй тапсырмасы

    «Тамаша табиғат аясында» тақырыбы бойынша салынған суретті қорғау.

  3. 3-кезең. «Кім жылдам?»

    Әр топ сұрақтарға жедел жауап береді (әр дұрыс жауап — 1 ұпай).

  4. 4-кезең. «Алтын дорба»

    Дорба ішінен жұмбақ таңдап, шешуін табу.

  5. 5-кезең. Ермексазбен жұмыс

    Әр топтан екі оқушы бір жануар мен бір құстың мүсінін жасайды.

  6. 6-кезең. Сөзжұмбақ шешу

    Командалық жұмыс арқылы сөзжұмбақты шешу.

  7. 7-кезең. «Кім өнерлі?»

    Әр топтан бір сайыскер үлестірмеден тапсырма алып, мәтінді оқып, образға еніп, қимылмен көрсетеді.

  8. 8-кезең. «Жалғастыр»

    Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

  9. 9-кезең. «Ең... ең... ең...»

    Табиғат пен тірі ағзаларға қатысты «ең» сипатындағы сұрақтар/тапсырмалар.

  10. 10-кезең. Эссе жазу

    «Құстар — біздің досымыз» немесе «Жануарлар әлемі» тақырыптарының біріне эссе жазу.

Ұйымдастыру және топтар

1-топ: «Жапырақ»

Биология

Жапырақ — таза ауаның қоймасы,
Таза ауа — жанға дауа, қазынасы.
Ағаш егіп, ұрпаққа мирас етсек,
Алармыз бір Алланың мың сауабын!

Жапыраққа зор мән беріп қарайық:
Жапырақ тұр Күн нұрынан нәр алып.
Жапырақтан бөлінетін оттегі
Тазартады ауамызға таралып.

«Кім жылдам?» сұрақтары (15)

  1. Жапырақ дегеніміз не? Өсімдіктің өсу мүшесі.
  2. Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай? Тақта және сағақ.
  3. Жапырақ қандай қызмет атқарады? Ауадан көмірқышқыл газын және суды сіңіреді, артық суды буландырады, газ алмасады, органикалық заттарды қорға жинайды, көбеюге қатысады.
  4. Жапырақ тақтасының пішіндері қандай? Бүйрек, жебе, ромб, жүрек, қылқанды.
  5. Алғаш жасушаны көрген ғалым кім? Роберт Гук.
  6. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі? Окуляр.
  7. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі? Ядро.
  8. Ең ұзақ өмір сүретін құс? Қарға.
  9. Ең үлкен ұшатын құс? Африкалық дуадақ.
  10. Түнде ұшатын құс? Жапалақ.
  11. Барсакелмес қорығы қай облыста орналасқан? Қызылорда облысы, Арал ауданы.
  12. Өсімдіктің жер асты мүшесі қалай аталады? Тамыр.
  13. Жануарларды зерттейтін ғылым? Зоология.
  14. Қасиетті құс? Үкі.
  15. Күнге тура қарай алатын құс? Бүркіт.

2-топ: «Гүл»

Биология

Гүл — дүниенің көркі.
Гүл — жердің көркі.
Гүл — әдеміліктің символы.
Гүл — нәзіктіктің белгісі.
Гүл — көңіл ашады.

Аппақ гүлдер шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

«Кім жылдам?» сұрақтары (15)

  1. Гүл дегеніміз не? Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.
  2. Гүлдің көбеюіне қатысатын бөлімдері? Аталық және аналық.
  3. Гүл бөлімдеріне нелер жатады? Табаны, сағағы, тостағанша, күлте жапырақша, аталық, аналық.
  4. Гүлсерік дегеніміз не? Тостағанша мен күлте жапырақша.
  5. Қосжынысты гүл дегеніміз не? Бір гүлде аналық пен аталықтың бірге орналасуы.
  6. Мысықтың күшігін қалай атайды? Марғау.
  7. Қай құста ұя болмайды? Көкек.
  8. Қорғалжын қорығы қайда орналасқан? Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы.
  9. Жынысты көбею дегеніміз не? Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.
  10. Гүлді өсімдіктердің жемістері қандай 2 топқа бөлінеді? Құрғақ және шырынды.
  11. Биология нені зерттейді? Тірі ағзаларды.
  12. Өрмекшіде қанша аяқ бар? 8.
  13. Ең ірі жеміс? Асқабақ.
  14. Күнге ең жақын ғаламшар? Меркурий.
  15. Қазақстан елтаңбасында бейнеленген жануар? Пырақ.

4-кезең: «Алтын дорба» жұмбақтары

Бұл кезеңде дорба ішінен жұмбақ алынып, оның шешуі табылып айтылады.

Дәмі де жоқ, түсі де жоқ, пайдаланбас кісі де жоқ.

Жауабы: Су

Жерге қазық қақтым, басына айдар тақтым.

Жауабы: Сәбіз

Қалың киім ұнатады, шешіндірсең жылатады.

Жауабы: Пияз

Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

Жауабы: Қой

Ерте тұрады, жар салады.

Жауабы: Қораз

Іші жұмсақ, сырты қатты, еті қызыл, сүті тәтті.

Жауабы: Қарбыз

Терісі бар, жүні жоқ. Жүрегі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар — ұшпайды, су астында қыстайды.

Жауабы: Балық

Сопақша көк өңі бар,
Пайдалы, мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр — оның аты...

Жауабы: Қияр

5-кезең: Ермексазбен жұмыс

Әр топтан екі оқушы шығып, ермексаздан бір жануар және бір құстың мүсінін жасайды.

Ақпарат

Аймақ
Қостанай облысы, Науырзым ауданы
Мектеп
Дәмді орта мектебі
Жетекші мұғалім
Искакова Мендеш Қабдоллақызы (химия-биология)