Музыкаға қызығушылығы мен ынтасын ояту

Сабақ туралы мәлімет

Пән
Музыка (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Еуропаның атақты опера театры — Ла Скала
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекілік құралдары
Үнтаспа, театрдың суреті
Сабақтың әдістері
Психологиялық тренинг, түсіндіру, сұрақ-жауап

Мақсаттар

  • Еуропаның Ла Скала театрымен және оның мәдениетімен таныстыру.

  • Музыка тыңдау арқылы оқушылардың есте сақтау, қиялдау және ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Музыкаға қызығушылық пен ынтаны ояту, ән айту дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасу, сабаққа дайындықты тексеру.
  • Психологиялық тренинг.

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Жүрегіміз саз әуенді қалаған,

Асыл өнер жанашыры біздерміз!

II. Үй тапсырмасын тексеру

Опералық театр тарихы туралы оқушылардың түсінігін сұрау, қысқа сұрақ-жауап ұйымдастыру.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Тақырып: «Ла Скала» — әлем мойындаған өнер ордасы.

Ән айту

«Батыр бабам» әні: мұғалімнің орындауы, сөзін жаттату, әуенімен толық үйрету.

IV. Жаңа білімді бекіту

Сөзжұмбақ арқылы қайталау.

V. Үй тапсырмасы

«Батыр бабам» әнін жаттау.

VI. Сабақты қорытындылау

Оқушылардың әсерін тыңдау, негізгі ойларды түйіндеу.

Тарихы мен репертуары

XVIII ғасырдың соңы — XIX ғасырдың басы

Бұл кезеңде театр репертуарында итальян композиторлары П. Анфосси, П. Гульельми, Д. Чимароза, Л. Керубини, Дж. Паизиелло, С. Майра опералары болды.

Сахнада Дж. Россинидің «Пробный камень» (1812), «Аврелиан в Пальмире» (1813), «Турок в Италии» (1814), «Сорока-воровка» (1817) қойылымдарының премьералары өтті. Сондай-ақ Дж. Мейербердің «Маргарита Анжуйская» (1820), «Изгнанник из Гренады» (1822) және Саверио Меркадантенің шығармалары ұсынылды.

1830 жылдан кейінгі кезең

Театр репертуарына Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди, Дж. Пуччини шығармалары кеңінен енді. Беллинидің «Пират» (1827) және «Норма» (1831), Доницеттидің «Лукреция Борджа» (1833) опералары, Вердидің «Оберто» (1839), «Набукко» (1842), «Отелло» (1887), «Фальстаф» (1893) туындылары, Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» (1904) және «Турандот» опералары ерекше орын алды.

Соғыс жылдары және қайта қалпына келуі

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде театр қатты бүлінді. 1946 жылы инженер Л. Секки жетекшілігімен қайта қалпына келтіріліп, театр қайта ашылды.

Сәулеті, дәстүрі және көрермен мәдениеті

Сәулеттік ерекшелігі

Ла Скала — неоклассикалық стильдің үлгісі. Ал ішкі көрінісі XVIII ғасыр сәулет өнерінің эталоны саналады.

Музыка, опера және балет өнерін сүйетін жандар бұл театрды әлемдік мәдениеттің ең айрықша орындарының бірі деп бағалайды.

Маусымы мен бағдарламасы

Концерттік маусым желтоқсан–маусым аралығында өтеді, ал күз мезгілінде симфониялық кештер ұйымдастырылады.

Маусым салтанатты түрде 7 желтоқсанда — Милан қаласының қамқоршысы Әулие Амвросий күні ашылады.

Билет, орын және акустика

Қойылымдарға билет табу қиын: сату алдын ала интернет арқылы немесе арнайы тапсырыспен жүргізіледі.

Дәстүр бойынша ақсүйектер ложаны қалайды; саудагерлер мен қалталы қонақтар партерді таңдайды. Ал өнерсүйер қауым жиі жоғарғы қатарларға жайғасады, себебі акустика өте жақсы естіледі.

Премьераға қойылатын талаптар

Киім үлгісі

Премьералық қойылымдарға ер азаматтар қара костюм және галстук тағып келуі тиіс. Ханымдар кешкі көйлек киіп келе алады.

Ереже

Ұялы телефон, фотоаппарат, бас киім және қолшатыр гардеробқа өткізіледі.

Белгілі орындаушылар

Ла Скала сахнасында әлемге танымал итальян және шетел опера жұлдыздары өнер көрсеткен. XX ғасырдағы әйгілі әртістердің қатарында: Э. Карузо, Титта Руффо, Де Лука, Т. Скипа, Б. Джильи, Г. Бензанцони, М. Канилья, М. Дель Монако, М. Каллас, Р. Тебальди, Б. Христов, Ф. Корелли, Ф. Шаляпин, Л. Собинов бар.