Қос батыр әңгімесіндегі балалардың есімі кім

Қысқа мерзімді жоспар

Бұл материал 4-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша «Асыл арналар» бөліміне кіретін сабақ жоспарының ықшамдалған нұсқасы.

Сабақ тақырыбы

«Ақжайық» — А. Құдайбергенов

Пән / сынып

Әдебиеттік оқу, 4-сынып

Оқу мақсаттары

  • Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
  • Мәтіннің мән-мағынасын ашу.
  • Ақжайық өзені туралы мағлұмат беру.
  • Қазақстанның өзен-көлдері туралы әңгімелеу.

Сабақ мақсаттары

  • Оқушылардың іс-әрекетін бақылау.
  • Өздігінен жұмыс жасауына ықпал ету.
  • Топпен жұмыс жасауға төселдіру.

Жетістік критерийлері

  • Мадақтау және формативті бағалау арқылы оқушының ілгерілеуін белгілеу.

Тілдік мақсаттар

  • Өзен — река — river

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі

АКТ дағдылары

Оқулық, таратпа карталар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Бағалау парақшалары таратылады.

Сабақтың ортасы

Өткен сабақты тексеру (сұрақ-жауап)

  1. Дәулет Қасенов туралы не білесіңдер?

    Дәулет Қасенов (1937—1967) Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған.

    1961 жылы жарық көрген жас ақын-жазушылардың «Жасдәурен» жинағына шығармалары енген.

    Дәулет Қасенов — арқалы ақын, адалдық пен арды ту еткен азамат.

    Шығармалары: «Аңсау», «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен ғашық едім», «Құмдағы мұнара».

  2. «Қос батыр» әңгімесіндегі балалардың есімдері кім?

  3. Кешкілік сабақ қарап отырып, оқулықтағы Амангелдінің суретіне көзі түскен Самат не дейді?

    «Міне, Амангелді батыр. Ол жаудан ешқашан қорықпаған. Мен де сондай ержүрек батыр боламын!»

  4. Саматқа Сайлау кім боламын деп айтты?

    Қобыланды батыр боламын деді. «Одан асқан батыр жоқ», — деп айтты.

  5. Анасы екеуіне қандай тапсырма береді?

    «Қайсыңның нағыз батыр екеніңді білейін, маған құдықтан су әкеліп беріңдер», — дейді.

  6. Анасының сөзін тыңдап, кім бірінші орнынан ұшып тұрды?

    Сайлау.

  7. «Суға Самат барсыншы» деп Сайлау неге кібіртіктеп қалды?

    Сыртқы қақпаны ашса, дала қап-қараңғы екен.

  8. Самат Сайлаудың айтқанын орындай ма?

    Иә, бірақ ол да қорқып, қайта келеді.

  9. Ағалы-інілі екеуі қандай іс-әрекет жасайды?

    Сыртқа шыға бергенде қап-қара бірдеңе зу етіп өте шыққандай болады. Үрейлері ұшып, жүгіріп келеді.

  10. Батыр болу оңай ма?

  11. Балалардың қорқынышына көзқарасыңды айт.

  12. Олардың соңғы қорқынышын қалай бағалар едің?

  13. Самат пен Сайлаудың орнында болсаң, өзің не істер едің?

Қызығушылықты ояту

Балалар, жұмбақтың шешуін табу арқылы бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.

Жұмбақ:

Суда өседі, өнеді.
Сыртқа шықса, өледі.

Жауабы: Балық

Мектеп және мұғалім туралы мәлімет

Мектеп
Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицей
Мұғалімнің аты-жөні
Мусатаева А. А.