Қазақтың тұңғыш тарих профессоры кім

Сайыс тұжырымдамасы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» үлгісіндегі «Тарих қадамдары» мектепішілік тарихи-танымдық интеллектуалдық сайысы оқушылардың білімін жүйелеуге, ойлау жылдамдығын арттыруға және қоғамдық құбылыстарға сергек қарауға бағытталған.

Мақсаты

  • Білімділік: қатысушылардың тарихи білімін тереңдету, фактілерді дұрыс қолдануға үйрету.
  • Дамытушылық: Қазақстан тарихына қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілетті нығайту, тарихи зерделік қасиеттерді дамыту.
  • Тәрбиелік: танымдық бағдарламалар мазмұнына сүйене отырып, оқушыларды қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістерден тыс қалмауға баулу.

Өткізілу формасы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық бағдарламасы негізінде.

Көрнекілігі

Білім туралы даналық сөздер жазылған плакаттар, шармен безендіру.

Ашылу сөзі

Ежелгі өркениеттер дәуірінен бері адамзаттың дамуы мен қалыптасуы туралы ғалымдар ғылыми-теориялық және тәжірибелік ізденістер жасап келеді. Бұл бағытта қазақ халқы да кенде емес: Абай, Шәкәрім, Ыбырай сынды ұлы тұлғалардың тәлімі мен білімі ұмытылмайды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың пікірі:

«Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз».

Ендеше, құрметті жас достар! Ғылым мен білім бәсекесі күшейген ХХІ ғасырда тәуелсіз еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер.

Егемендігіміздің 18 жылдығына орай өткізілетін «Тарих қадамдары» атты мектепішілік тарихи-танымдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділқазылар алқасы

Әділқазы

Әлтенова Бағдат

География пәнінің мұғалімі

Әділқазы

Кенбай Темірхан

Оқу ісінің меңгерушісі

Әділқазы

Нұртаза Айжан

Ағылшын пәнінің мұғалімі

Қатысушылар

№1

Битұрсынова Набира

11-сынып

«Қандай сынақ болса да берілме, әрқашан жеңіске үміткер бол».

№2

Бекішева Ұлсерік

«Досқа жан-тәніңмен берілу — сенімді тірек, бақытқа ұмтылуда білім де керек».

№3

Таубаева Назерке

«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп».

№4

Бектоғаев Қазыбек

«Ер жігіттің екі сөйлегені…»

№5

Баржубаева Нурия

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар».

№6

Дүйсембиев Ұлан

«Бақытты болашақ қамы үшін барымды саламын — Тәуелсіздік таңы үшін».

Сайыстың құрылымы

  1. 1 Бәйге: оқушылар сұрақтарға жауап береді.
  2. 2 Тіл–өнер: тарихи терминдер бойынша сұрақтар.
  3. 3 Қасиетті жетілік: «киелі жетіге» қатысты тапсырмалар.
  4. 4 Көкпар: жасырын сандар астындағы сұрақтарға жауап.
  5. 5 Жорға: қалған екі сайыскерге жедел сұрақтар.

Ыбырай Алтынсариннің «Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық» дегеніндей, бір Аллаға сиынып, кел, жас достар — сайысымызды бастайық.

I бөлім — Бәйге

Әр сайыскерге 4 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сайыскер 1

  • Қазақ хандығының (1456 ж.) негізін салушы хан: Керей.
  • Абайдың шын есімі: Ибраһим.
  • Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала: Орынбор.
  • Қазақстан Республикасының жер көлемі: 2 724,9 мың км².

Сайыскер 2

  • Тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан тұлға: Жәңгір Бөкейұлы (1801–1845).
  • «Құтты білік» дастанын дайындап, жазып шыққан ғалым: Жүсіп Баласағұн.
  • Қазақстан тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет: Түркия.
  • Қазақтың тұңғыш шешені: Жиренше (XV ғ.).

Сайыскер 3

  • ҚР шекарасының жалпы ұзындығы: 3000 шақырым.
  • Қазақтан шыққан геолог ғалым: Қаныш Сәтбаев.
  • «Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер: Тоқтар Әубәкіров.
  • Қазіргі таңдағы көрнекті демограф ғалым: Мақаш Тәтімов.

Сайыскер 4

  • 1742 жылы тұңғыш рет тархан атағын алған батыр: Шақшақ Жәнібек батыр (1693–1751).
  • «Көшпенділер» трилогиясының авторы: Ілияс Есенберлин.
  • Ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілген күн: 1993 ж. 15 қараша.
  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің саны: шамамен 130.

Сайыскер 5

  • Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы палуан: Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
  • 1912 жылы қазақ әліпбиін жасап, алғашқы оқу құралын жазған: Ахмет Байтұрсынұлы.
  • Қазіргі таңда сыртқы сауда байланысы орнатылған мемлекет саны: 145.
  • Қазақстан шектесетін мемлекеттер: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Түрікменстан.

Сайыскер 6

  • Орыс империясына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы: Кенесары Қасымұлы.
  • «Бақытсыз Жамал», «Оян, қазақ», «Терме» авторы: Міржақып Дулатұлы.
  • Қазақстан тәуелсіздігін таныған мемлекеттер саны: 120.
  • ҚР қазіргі Әнұран авторлары: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов.

II бөлім — Тіл–өнер

Бұл бөлімде тарихи терминологияға қатысты сұрақтар қойылады. Жауапты бірінші болып тапқан сайыскер терминнің орысша және ағылшынша баламасын айтады.

Негізгі жауап

10 ұпай

Орысша балама

20 ұпай

Ағылшынша балама

30 ұпай

1) Ұзаққа созылған қарулы қақтығыс

Соғыс — войнаwar

2) Аймағы, халқы, басқару механизмі бар, халықаралық қатынасқа түсе алатын ұйым

Мемлекет — государствоgovernment

3) Қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық акт

Заң — законlaw

4) Бейбітшілікті қолдау үшін құрылған халықаралық ұйым

Біріккен Ұлттар Ұйымы — Организация Объединенных НацийUnited Nations Organization

5) Ұлт/нәсіл ерекшеліктеріне қарай адамдар тобын кемсіту

Нәсілшілдік — расизмracism

6) Саяси қарсыластарға қарсы бақылау, қудалау саясаты

Қуғын-сүргін (репрессия) — репрессияrepression

Ән: қатысушыларды іріктеу кезеңі. Ұпайы төмен 2 сайыскер ойыннан шығады.

III бөлім — Қасиетті жетілік

Қазақ халқы 7 санын қасиетті деп есептеген. Бұл бөлімде толық дұрыс жауапқа 40 ұпай беріледі.

1-сайыскер: Жеті қазына

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

2-сайыскер: Жеті ғалам

Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан, жер, жер асты.

3-сайыскер: Жеті жұт

Құрғақшылық, жұт, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала.

4-сайыскер: Жеті ата

Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата.

Бұл бөлімнен кейін ұпайы төмен 1 оқушы ойыннан шығады.

IV бөлім — Көкпар

Сайыскерлер жасырын сандарды таңдайды. Әр санның астында сұрақ берілген. Таңдау — сайыскердің еркінде.

20 ұпай

  • 1) Томирис патшайымның ұлы: Спаргапис.
  • 2) Тасқа салынған сурет: петроглиф.
  • 3) 1930–33 жж. ашаршылықтан қаза болғандар: 2,1 млн.

30 ұпай

  • 1) Үйсін билеушісінің титулы: гумно.
  • 2) Атлах шайқасы: 751 ж., арабтар мен қытайлар арасында.
  • 3) 1726 ж. «Қалмаққырылған» болған жер: Сарысу өзенінің орта ағысы, Торғай.

40 ұпай

  • 1) Шыңғыс ханның шын есімі: Темүжин.
  • 2) Қазақ хандығының аумағын кеңейтіп, халқын 1 млн-ға жеткізген хан: Қасым хан.
  • 3) «Көшпелі мемлекет» аталған ежелгі мемлекет: Үйсін.

«Көкпар» кезеңінде ұпайы аз ойыншы ойыннан шығады.

V бөлім — Жорға

Әр сайыскерге жедел форматта 10 сұрақтан қойылады.

Сұрақтар топтамасы 1

  1. Орта ғасырларда Түркістан қаласының атауы: Иасы.
  2. «Жеті жарғы» заңдар ережесін шығарған: Тәуке хан.
  3. Үш би: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
  4. Рәміздер қабылданған жыл: 1992 ж.
  5. Күн мен түн теңелетін күн: 22 наурыз.
  6. Шетелде қазақ әнін орындап, күміс жүлде алған әнші: Әміре Қашаубаев.
  7. 1975 жылы Алматыда шыққан «Аз и Я» кітабының авторы: О. Сүлейменов.
  8. Қарағанды көмір кенін тапқан: Аппақ Байжанов.
  9. 1917–1920 жж. Алашорда мен Алаш партиясын ұйымдастыру: Алаш қозғалысы.
  10. Қазақ тарихындағы тұңғыш биші қыз: Шара Жиенқұлова.

Сұрақтар топтамасы 2

  1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері: Тоқтар Әубәкіров.
  2. Қазақстанда болыстар саны: 14.
  3. 31 мамыр: репрессия құрбандарын еске алу күні.
  4. Екінші рет Конституция қабылданған күн: 1995 ж. 30 тамыз.
  5. Мұсылмандардың жыл санауы: хижра.
  6. Украинадағы байқауда «Әлия» әнімен 1-орын алған әнші: Р. Рымбаева.
  7. «Ленинградтық өренім» өлеңімен елді рухтандырған ақын: Ж. Жабаев.
  8. Қазақтың тұңғыш тарих профессоры: С. Асфендиаров.
  9. 1883–1897 жж. Кіші жүз көтерілісін басқарған: С. Дулатов.
  10. Қазақ ұлтынан тұңғыш КСРО халық әртісі атанған: К. Байсейітова.

Қорытынды

Сайыс нәтижесін жариялау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Нәтиже бойынша мектебімізде XXI ғасырдың көшбасшысы болып ________________ анықталды. Марапатыңыз құтты болсын!

Осылайша, «Тарих қадамдары» атты интеллектуалдық, тарихи-танымдық сайыс аяқталды. ХХІ ғасырда өз орныңызды табыңыздар!