Балалар қарайықшы

Жазбаша қосу және азайту: 27 + 36, 63 − 27

Бұл сабақта екі таңбалы сандарды баған түрінде қосу және азайту тәсілдерін меңгереміз. Негізгі мысалдар: 27 + 36 және 63 − 27.

Сабақтың мақсаты (білімділік)

  • Қосу мен азайту амалдарын баған түрінде орындаудың үлгісін көрсету.
  • Амал алгоритмінің кезеңдерін және әр кезеңдегі әрекеттерді түсіндіру.
  • Есептер шығару арқылы дағдыны бекіту.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

  • Тапсырмалар арқылы ой-өрісті дамыту.
  • Логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

  • Ұйымшылдыққа және сауаттылыққа тәрбиелеу.
  • Есеп шығарып, нәтижеге жете білуге үйрету.

Сабақ туралы қысқаша

Түрі

Дәстүрлі

Типі

Аралас

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Суреттер, жұмбақтар, Дымбілмес, үлестірме қағаздар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Білімнің тұңғиығына бойлайтын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтын.
Ғалымдардың патшасы боп дараланған,
Математиканың қызығына тоймайтын.

Математика — ғылымдардың патшасы. Ол күрделі де, қызықты да пән. Сабаққа дайын болсақ, ұранымызды еске түсірейік: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.»

Үй тапсырмасын тексеру

  • Үйге берілген тапсырманы сұрау (5–6 оқушы).
  • «Дымбілмес бүлдіргендерді жинай алмай жатыр» тапсырмасы арқылы қайталау жұмыстарын жүргізу.
  • Күн ретін жазу және сабақ тақырыбын хабарлау.

Жазбаша қосу: 27 + 36

Алдымен сандарды ондық пен бірлікке бөліп оқимыз, кейін баған түрінде орындаймыз.

27
+ 36
───
63
  1. Сандарды баған түрінде жазамыз.
  2. Бірліктерді қосамыз: 7 + 6 = 13. 3-ті бірліктің астына жазып, 1 ондықты есте сақтаймыз.
  3. Ондықтарды қосамыз: 2 + 3 = 5. Есте сақталған 1 ондықты қосамыз: 5 + 1 = 6.
  4. Жауап: қосынды 63-ке тең.

Жазбаша азайту: 63 − 27

Азайтуда бірліктерді азайту мүмкін болмаған жағдайда ондықтан бір ондық аламыз (айырбастау).

63
- 27
───
36
  1. Сандарды баған түрінде жазамыз.
  2. Бірліктерден азайтамыз: 3-тен 7-ні азайта алмаймыз, сондықтан 6 ондықтан 1 ондық аламыз.
  3. 63-тегі 1 ондықты бірліктерге айналдырамыз: 3 бірлікке қосып, 13 аламыз.
  4. Енді азайтамыз: 13 − 7 = 6 (бірліктер).
  5. Ондықтар: 6 ондықтан 1 ондық алдық, сонда 5 ондық қалды. 5 − 2 = 3 (ондықтар).
  6. Жауап: айырма 36-ға тең.

Жаттығулар және бекіту

Оқулықпен жұмыс

  • 3-мысалға назар аудару.
  • Тақтамен жұмыс және жедел есептеу.

«Кім шапшаң?» (жұмбақ)

11 түйе, 2 қоян, 2 сиыр, 5 жылқы,
3 түлкі, 1 ешкі —
таба алмасаң, боларсың күлкі.

Өткенді қайталау (өлшем бірліктері)

1 дм — неше см?

1 м — неше дм?

1 м — неше см?

Мысалдар:

  • 6 см − 4 см = 2 см
  • 5 см + 6 см = 11 см = 1 дм 1 см
  • 7 см + 4 см = 11 см = 1 дм 1 см
  • 7 см − 5 см = 2 см

Сергіту сәті: поэзия минуты

Балалар, жақында қандай мереке келеді? Ана — өмірдегі ең сүйікті адамымыз.

Ана деген — ақылшың,
Анаң барда — батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.

Есептер (5-есеп)

а) Барлығы неше адам өнер көрсетті?

  • Домбыра тартты — 3
  • Ән салды — 7
  • Би биледі — 6

Ш: (3 + 7) + 6 = 16

Ж: 16 адам өнер көрсетті.

ә) Барлығы неше адам өнер көрсетті?

  • Ән салды — 7
  • Би биледі — 6

Ш: 7 + 6 = 13

Ж: 13 адам өнер көрсетті.

Талқылау сұрақтары

  • Есеп не туралы?
  • Есепте не белгілі?
  • Тағы не белгілі?
  • Есеп не сұрайды?

Анаграмма

Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырып, жаңа сөз құрастырайық:

  • Шырша → шаршы
  • Алма → амал
  • Сырға → ғасыр
  • Өркен → өрнек

6-мысал: қосу қасиетін бекіту

Қосылғыштардың орнын ауыстырсақ та, қосынды өзгермейді:

  • 37 + 26 = 63
  • 36 + 27 = 63
  • 26 + 37 = 63
  • 27 + 36 = 63

Логикалық есептер

  1. Егер тауық 2 аяғымен тұрғанда 3 кг болса, 1 аяғымен тұрғанда неше кг болады?
  2. Асанның тек 1 теңгеліктен 10 теңгесі бар. Ол дүкенге 97 тг төлеуі тиіс. Мұны қалай тез санап беруге болады?
  3. Адам нені ерінбей орындайды?
  4. Екі дос 2 сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
  5. Бір бала түс көріпті: арты — биік жар, алды — теңіз, оң жағында — жолбарыс, сол жағында — лаулаған өрт. Осы қоршаудан бала қалай құтылды деп ойлайсыңдар?
  6. 1 жұмыртқа 4 минутта піседі. 4 жұмыртқа неше минутта піседі?

Сабақты бекіту және қорытынды

Мақал-мәтелдерді оқиық

  • Піл күшті емес, тіл күшті.
  • Еріншектің ертеңі бітпес.
  • Еңбек — адамның екінші анасы.

Қорытынды бөлім

  • Деңгейлік тапсырмалар (үлестірме қағаздар бойынша).
  • Бағалау.
  • Бүгінгі сабақтан не үйрендік? Қысқаша қорытындылау.
  • Үй тапсырмасы (мұғалімнің нұсқауы бойынша).

Автор туралы мәлімет

ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы.
«Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ.
Бастауыш сынып мұғалімі: Корпебаева Шынар.