Кім неше жаста
Тәрбие сағаты
«Ел болашағы — білімді ұрпақ»
«Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз».
Мақсаты
Биік шыңдарға біліммен жету. Танымдық белсенділікті арттыру, өз пікірін тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрету.
Форматы
- Сабақтың түрі: «Дарабоз» зияткерлік ойыны
- Әдістері: сұрақ-жауап, талқылау
- Көрнекілігі: слайд-шоу
Пәнаралық байланыс
Сабақтың құрылымы
- 1 Ұйымдастыру
- 2 Кіріспе сөз
- 3 «Дарабоз» зияткерлік ойыны: Бәйге, Дода, Жорға
- 4 Сергіту сәті
- 5 Қорытынды
Кіріспе ой: білімнің құны
Нақыл сөздер
- Оқысаң — озарсың, оқымасаң — тозарсың.
- Білімдіні бала болса да, аға деп біл.
- Адамның көркі киімі емес, білімі.
Нені үйренеміз?
Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірімізді нақты тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзімізге сенуге үйренеміз. Сонымен қатар, өзгенің пікірін тыңдап, бір-бірімізді құрметтеуді қалыптастырамыз.
Топтық жұмыстың мәдениеті
Оқушылар түсінбегенін бір-бірінен сұрап, үнсіз қалған оқушыны да әңгімеге тартып, бірлесіп әрекет етеді. Бұл жұмыс барысында әркім өз намысын ғана емес, топтың абыройын да қорғайды: еңбек ету, пікір алмасу, шешім қабылдау, күнделікті сабақпен байланыс орнату сияқты құндылықтар нығаяды.
Саналы азамат болудың басты парыздары
- 1. Білім алу
- 2. Отанды сүю
- 3. Ана тілін сүю және құрметтеу
- 4. Ұлтжанды азамат болу
- 5. Атамекенді, туған жерді сүю
- 6. Денсаулығы мықты азамат болу
Елге қызмет еткен тұлғалар
Туған жерін, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен ерлер мен ержүрек қыздарды ұмытпаймыз. Отан намысын қорғаған Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздарымызды, ел Тәуелсіздігі үшін жанын қиған Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол және басқа да азаматтарды білеміз.
«Дарабоз» зияткерлік ойыны
Ойын үш айналымнан тұрады: Бәйге, Дода, Жорға. Әр кезең оқушының жылдам ойлауын, тіл байлығын және логикасын дамытады.
I айналым — Бәйге
Әр оқушы бір сұраққа тез жауап береді. 15 сұрақ, әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Білім күні қай күн? | 1 қыркүйек |
| 2 | Бес қаруды ата. | Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта |
| 3 | Еліміз Тәуелсіздік алған күн? | 1991 жыл, 16 желтоқсан |
| 4 | Жеті қазынаны ата. | Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы |
| 5 | Бейнеу ауданының әкімі кім? | Әзірханов |
| 6 | Үш қуатты ата. | Ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат |
| 7 | ҚР-ның рәміздерін ата. | Әнұран, Елтаңба, Ту |
| 8 | Төрт кітапты атап бер. | Тәурат (Мұсаның), Зәбур (Дәуіттің), Інжіл (Исаның), Құран (Мұхаммедтің) |
| 9 | Желтоқсан құрбандары кімдер? | Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол |
| 10 | Маңғыстау облысының әкімі кім? | Бауыржан Мұханбетжанов |
| 11 | ҚР-ның Ата заңы қашан қабылданды? | 1995 жыл, 30 тамыз |
| 12 | Бес жаратылысты ата. | Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн |
| 13 | Астананың туған күні? | 6 шілде |
| 14 | Үш «көзді» ата. | Су анасы — бұлақ; жол анасы — тұяқ; сөз анасы — құлақ |
| 15 | Күн көзі жылына неше рет шығады? | 365–366 рет |
II айналым — Дода
Жұмбақтың шешімін тауып, оны үш тілде айтыңдар (қазақша — орысша — ағылшынша). Әр жауапқа 15 ұпайға дейін беріледі.
1
Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама.
Кітап — книга — book
2
Жеті қазынаның бірі, адамды қорғап жүретін досы.
Ит — собака — dog
3
Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсын.
Дос — друг — friend
4
Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар.
Бор — мел — chalk
5
Тіс жоқ өзінде, ізі бар сөзінде.
Қаламсап — ручка — pen
6
Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады.
Қоңырау — звонок — bell
III айналым — Жорға
Ұяшықтарда қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих пәндерінен сұрақтар беріледі. Кезекпен пән таңдап, сұрақтарға жауап береміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті
-
Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын
Абай Құнанбаев
-
Қазақ тілінің тіл байлығын, сөз мағынасын зерттейтін сала
Лексика
- Синоним мен антонимнің айырмашылығы қандай?
-
«Әуес көріп жүгірген жас балалар...»
Өлең жолдары қай шығармаға тән?Абай Құнанбаев, «Қыс»
Математика
-
Екі жарым таяқтың неше ұшы бар?
6 ұшы бар
-
Әсем поездің басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?
13 вагон
-
Бірінші вазада 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға екі рет қана ауыстырып, қалай теңестіруге болады?
Әр вазада 12 өріктен
-
Отбасында төрт бала: 3, 5, 9 және 15 жаста. Арай мен Еңліктің жастарының ЕКОЕ Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік. Кім неше жаста?
Арай — 3, Еңілік — 9, Сағи — 15, Меруерт — 5
Тарих
-
Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты?
Мерген
-
Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім?
Хиуаз Доспанова
-
Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазаққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді?
97
-
Соғыс жылдарында қанша қазақстандық майданға аттанды?
1 200 000
Сергіту сәті
«Айырмашылықты тап» тапсырмасы арқылы зейінді шоғырландырып, ойды сергітеміз.
Қорытынды
Адам баласы дүниені білім арқылы таниды: табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады.
Білім арқылы өткен тарихын танып, тағылым алады; болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөз — жас ұрпақтың мүмкіндігіне деген сенімнің белгісі.
Түйін
Ел алдындағы және аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай, өз тілін сүйетін, көп тілде еркін сөйлей алатын, білімді, өнерлі, ақыл-парасаты мол азамат болып өсейік.