Көш бастады Нұр ағам

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 7-сынып оқушылары арасында өткізілетін «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақындар мүшайрасына қош келдіңіздер!

Бір апта бойы мектебімізде осы атаулы мерекеге орай түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Бүгін 7-сынып оқушылары да өз үлесін қосып, елге, жерге және Елбасына деген сезімдерін, ризашылық көңілдерін өлең жолдарымен жеткізеді.

Жас ақындардың талабын бағалайтын қазылар алқасы төмендегідей:

Ғ. Ниязымбетов

Оқу ісінің меңгерушісі

Б. Изтелеуова

Тіл маманы

Г. Көшербаева

Жас ақын, мұғалім

Қатысушылар

  • Оралбек Ақнұр
  • Шарапова Диана
  • Кәдірбай Перизат
  • Бұхарбай Мақпал
  • Мықтыбай Бақнұр
  • Зинелабдин Сымбат
  • Алмат Гүлім
  • Дүйсембай Айжан
  • Руллон Еркінай

Қатысушы ақындарға сәттілік тілейміз!

Мүшайрадан үзінділер

Төменде оқушылардың елге, тәуелсіздікке және елдік мұратқа арналған өлең жолдарынан ықшамдалған үзінділер берілді.

«Елін сүйген Елбасы»

Астана — асқақтаған асқар қала,
Елімізді болашаққа бастар қала.
Сапалы білім берген жастар қала.

Тәуелсіздік жарығын жандандырған ғаламат,
Өзге елден қалыспай еңбектенген, тер төккен.

Көгінде желбіреп тұр көк байрағы,
Өркендеп, өсіп-өнген еліміздің — Бәйтерегі басты айғағы.

Ел болып еңсемізді түзеу еді — тәуелсіздік басты арманым,
Таймасын әрдайымда бастан бағың.

Мықтыбай Бақнұр — «Ел және Елбасы»

Жалықпайды ел басқару — салтымыз,
Ұмытпайды барша халық — антымыз.

Елін сүйген Елбасы — Нұрсұлтандай атамыз,
Үлгі тұтар Нұр ағаны бәріміз.

Аялаймын Қазақстан — елімді,
Ұмытпаймын мәңгі жасар жерімді.

Кәдірбай Перизат — «Көш бастады Нұр ағам»

Ертеңін ойлап халқының — көп тер төкті Нұр ағам,
Есілдің сыңғыр суымен жайқалған гүл боп — Астанам.

Абыройын Алаштың ол көтерді әрқашан,
Танытқан жайсаң қазақты ғажап әлемге.

Келешекке жол бастап алға қарай жетеміз,
Ерлігі биік, күші мол — Елбасына сенеміз.

Дүйсембай Айжан — «Елбасы»

Елін сүйген әрқашан — Елбасымыз,
Әрқашанда аман болсын Елбасымыз!

Тәуелсіздік бүгінде елімізде,
Толғанып жатыр далам, жеріміз де.

Теңесіп алуан жұртпен тереземіз,
Кеңейді қанат жайып керегем де.

Ер Нұрсұлтан атамыз бақытты бол —
Көк туды желбіреткен елімізде.

Қорытынды ой

Шарапова Диананың ойы бойынша, президент әрдайым елмен бірге, қамқорлығы мен ықыласы ерекше. Осындай көшбасшысы бар елдің болашағы айқын, сондықтан Елбасына кәміл сенім арту — ортақ ұстаным.

Жанжал мен дау-шары жоқ құрыш елің,
Арман мен аңсары көп дұрыс елің.
Әманда оған менің күмәнім жоқ —
Өзіңе артады ғой ұлы сенім!

Болашағымызға сеніммен қадам басайық! Өнерлі, ақын оқушыларымызға алғыс айтып, шығармашылық шабыт тілей отырып, «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы мүшайрамызды аяқтаймыз.

Негізгі ұғымдар

Тәуелсіздік Елдік Патриоттық сезім Шығармашылық Жастар үні