Қандай ертегілер білесің

Сабақтың тақырыбы

Қайнекей Жармағамбетов — «Ормандағы оқиға» ертегісі.

Мақсаты

Ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтің «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.

Міндеттері

  • Ертегі кейіпкерлерінің көңіл күйін сезіне отырып, бейнелі сөйлеуге машықтандыру.

  • Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету.

  • Өзіндік пікір қалыптастыру арқылы өзара талқылауға, қорытынды жасауға және түйінді ойларды жинақтауға үйрету.

  • Қоршаған ортаның байлығын аялай білуге, сұлулығын сезіне білуге, жағымды және жағымсыз қасиеттерді ажыратып, жақсы қасиеттерді бойға сіңіруге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Түсіну және талдау

Ертегіні оқи отырып, кейіпкерлер бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді анықтайды.

Ынтымақтастық және бағалау

Топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа дағдыланады, өз жұмыстарын бағалай білуге үйренеді.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың әдістері

Ой қозғау, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ қолдану.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі.

Ресурстар

  • Интербелсенді тақта
  • Жемістер мен орман ағаштарының суреттері
  • Бейнефильмдер
  • Плакат, фломастер
  • Ертегі кейіпкерлері: қарлығаш және дәуіт

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Әрекеттер

  • Оқушылармен амандасу.

  • Топқа бөлу.

  • Топ ережесін құру.

  • Топ құрамынан жауапты оқушыларды сайлау.

  • Бағалау парақшаларын тарату.

Ой қозғау сұрақтары

  • «Қоршаған орта» дегенде ойымызға не келеді?
  • Ауаның таза болуы мен денсаулығымыздың мықты болуына не әсер етеді?
  • Табиғатқа қатысты қандай қажеттіліктерді атай аламыз? Олардың түрлері қандай?

II. Өткен материалға шолу

«Сұрақ–жауап» әдісі: қағаз қиындыларында жасырылған сұрақтар арқылы алдыңғы тақырыпты еске түсіру.

  1. 1. Өлеңде қарлығаштың өмірі, ұя салуы және балапан басуы қалай суреттелген?
  2. 2. Қарлығаш ұясын неліктен адам жүрген жерге салады?
  3. 3. Қарлығаштың шаруашылыққа қандай пайдасы бар?
  4. 4. Қарлығаштар туралы қандай мультфильм көрдің? Қандай ертегілер білесің?
  5. 5. Сен тұратын жерде қандай құстар бар?
  6. 6. Өлеңде айтылған жәндіктерді ата: шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа және т.б.

Жинақтау

Өткен тақырыптың негізгі ойы қандай болды?

Бақылау

Қарлығаш ұясын қалай салады? Көргендерің бар ма?

Бағалау

Жекелей қатысқан оқушылардың жауабы бағаланады.

III. Жаңа сабаққа кіріспе

Оқушылар назарына бейнефильм ұсынылады. Суреттер арқылы жаңа тақырыпқа жетелейтін сұрақтар қойылады.

Тақырыпты ашу

Бүгінгі сабақтың тақырыбы — Қайнекей Жармағамбетовтің «Ормандағы оқиға» ертегісі.

Болжам жасау

Ертегідегі кейіпкерлердің (қарлығаш пен дәуіт) қайсысы қандай қасиеттерге ие деп ойлайсыңдар? Мәтін мазмұнына сүйеніп, алдын ала болжам жасап көріңдер.

Материал

«Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға» (жүктеу/оқу материалдары).

Материалды ашу