Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі: «Әліппе – білім бастауы»

Талдықорған қаласы, Мойнақ ауылы. Ұйымдастырушы: Ахмедиярова Қайния Қасымбекқызы. Бұл ертеңгілік — оқушылардың Әліппемен қоштасып, алғашқы оқу жетістіктерін көпшілікке таныстыратын мерекелік кеш.

Мақсаты

Сауат ашу пәні барысында оқушылардың алған білім-біліктерін көрсету, оқу еңбегіне қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі

Оқулық макеттері, ұлы ағартушылардың портреттері, еңбекке баулу сабағында жасалған қолөнер бұйымдары, ұқыпты толтырылған үлгі дәптерлер және т.б.

Өту форматы

Кіріспе сөз, бейнематериал, ән-би нөмірлері, көрініс және оқушылардың хормен жауаптары.

Өту барысы

1) Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі

Бүгін егемен еліміздің еңсесі биіктеп, етек-жеңіміз кеңейіп, тәуелсіз тұлпардай атақ-даңқымыз алысқа жетіп жатқан шақта, сіздер үшін тойға тағы бір той қосылмақ.

Бұл мереке — балалардың тұсаукесер тойымен пара-пар. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгін жауапкершілікті сезініп, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуынан аман-есен өтіп, бір сатыға есейіп отыр.

Тойларыңыз тойға ұлассын! Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Бейне-нөмір

Видео 1

Вальс

Өлең жолдары (оқушылар)

Нұрмұхамет

Армысыздар, ұстаздар!
Білім берген әз жандар.
Бас иеміз сіздерге,
Күн шыққан мынау ақ таңда!

Нұрали

Ал, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Қайсы күйші, кім биші —
Талабына қарайық.

Заңғар

Кім зерек, кім тапқыр —
Таланттарын табайық.
Оқушыларды қарсы алып,
Бәріміз қол соғайық!

Жүргізушінің құттықтауы

Нұриман

Ассалаумағалейкум, уа халайық! Армысыздар, аналар, ұстаздар!
«Әліппе – білім бастауы» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Болашақ ғалымдар мен даналардың өнерін тамашалайық.

Маржан

Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!

Ән

«Әліппе»

Орындайтындар: Қарақат, Айжан, Дана

Мұғалімнің сұрақ-жауабы

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Мұғалім:

Балалар, сұраққа бірге жауап берейік.

Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашар —
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:

Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Көрініс: «Жалқаугүлдің патшалығы»

Мерекелік сәтте кенеттен Жалқаугүл сахнаға кіріп, балалардың көңілін бөліп, оларды өз «патшалығына» шақырады. Бұл көрініс оқуға ынта мен еңбекқорлықтың маңызын айқындайды.

Жалқаугүлдің сөзі

Бұл не айқай, не шу? Ән айтып, би билеп жүрсіңдер. Менің ұйқымды қашырдыңдар, мазамды алдыңдар ғой.

— Сіз кімсіз?

— Мен Жалқаугүлмін. Елдің айтуынша, мен сендерден бұрын дүниеге келген екенмін. Мені сендер секілді балалар жақсы көреді дейді.

Сендер сондай сүйкімдісіңдер, әдемісіңдер. Менмен бірге қалыңдаршы. Менің патшалығымнан мүлдем шықпай қаласыңдар. Сендерге Жалқаугүлдің патшалығы ұнайды.

Менде тәттілер өте көп. Келіңдер, ыңғайланып отырыңдар. Біраз ұйықтап алыңдар. Сабақ оқып әбден шаршаған боларсыңдар.

Сахналық әрекет

  • «Спят усталые игрушки» әуені қосылады. Жалқаугүл сиқырлы таяғымен қимылдап, балаларды ұйқыға кетіреді.
  • «Қуыршақ биі» орындалады.