Тақия тастамақ

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақта балаларды «я» дыбысының айтылуы және «я» әрпінің жазылуымен таныстыру көзделеді. Оқушылар сөз ішінде «я» әрпінің орнын (басында, ортасында, соңында) анықтайды, ойын және тапсырмалар арқылы қызығушылығы артады. Жұмбақтар мен сұрақ-жауап жұмыстары тілін дамытып, ойлау қабілетін және іскерлік дағдысын жетілдіруге, өз ойын анық жеткізуге үйретеді. Сонымен қатар, жазуға қол жаттықтырылады.

Әдістері

  • Ой қозғау
  • Кубизм
  • Сұрақ–жауап
  • Топпен жұмыс

Сабақ түрі

Ойын сабағы

Көрнекіліктер

  • Текше
  • Тақия
  • Суреттер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, көңіл күйін көтеру, сабаққа назар аударту.

Топқа бөлу

  • 1-топ: «Жұлдызша»
  • 2-топ: «Күн шуақ»

ІІ. Қонақпен амандасу және мотивация

Сабаққа Наурызгүл келеді. Ол балалармен амандасып: «Көктеммен бірге сендерге келдім. Өзіммен бірге сұрақтар мен тапсырмалар алып келдім. Кім дұрыс жауап берсе, соған көктемнің алғашқы гүлін сыйлаймын» дейді.

Қоржындағы сұрақтар

  • «Г» дыбысы қандай дыбыс?
  • «Г» әрпі бар сөз айтып, сөйлем құра.
  • «Г» әрпі бар адам аттарын ата.
  • «Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Наурызгүл дұрыс жауап берген балаларға гүлдерді үлестіріп, қоштасады.

Жұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу

Жұмбақтар шешу арқылы назарды жаңа дыбысқа аударамыз және «тақия» сөзіне келеміз.

Өзі қу, жүрген жері айқай да шу.

Жауабы: түлкі

Қыс бойында жатады, тәтті ұйқыға батады.

Жауабы: аю

Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.

Жауабы: қар

Адамға серік, күзетке серік.

Жауабы: ит

Қоянда бар, түйеде жоқ. Шаянда бар, шиеде жоқ. Бұл қай әріп?

Жауабы: «Я»

«Тақия» сөзімен жұмыс

«Тақия» сөзін оқытып, мағынасын ашамыз: тақия — ұлттық бас киім. Ұлдар мен қыздарға арналған тақия үлгілерін көрсетеміз.

«Тақия» сөзінің соңында қандай әріп жазылған? — «Я».

Жаңа дыбыс: «Я»

  • Естілетін дыбыстар: йа.
  • «Я» — қосарлы дыбыс: й және а дыбыстарының қосарлануынан естіледі, ал жазуда «я» әрпі қолданылады.
  • «Я» — дауысты дыбыс.
  • Сөздердің басында, ортасында, соңында кездеседі.

Тақтада «Я» әрпінің баспа және жазба түрлері көрсетіледі. Оқушылар әріпті ауада жазып көреді, кейін дәптермен жұмысқа көшеді.

Практикалық жұмыс және ойын

Дәптермен жұмыс

  • Дәптердегі буындар мен сөздерді оқыту.
  • «Я» әрпін жазу арқылы қол жаттықтыру.

Сергіту сәті

Ойын: «Тақия тастамақ». Қимыл-қозғалыс арқылы балалар сергіп, сабаққа қайта шоғырланады.

Кубизм стратегиясы (текшемен тапсырма)

Текшенің қырларындағы суреттер бойынша тапсырмалар орындалады:

Қияр

Сөйлем құра.

Пияз

Буынға бөл.

Қоян

Сөйлем құра.

Ұл

Тақпақ айт.

Шаян

Сөйлем құра.

Тақия

Буынға бөл.

Қорытынды

Жазу жаздық, ойнадық,
Жауап бердік қызыға.

Сұрақ

Сонымен, бүгін сабақта нені оқып-үйрендік?

Сұрақ

Қандай дыбыспен таныстық?

Сұрақ

«Я» қандай дыбыс?

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға екі топ бойынша «Білімді болыңдар!» деген жазуы бар эмблемалар тапсырылады.