Ұлан тобына

Сабақтың форматы

Тақырыбы: «Математикалық блиц-турнир».

Бұл сабақ оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретіп, математиканың ғылым ретінде маңызы мен өмірдегі қажеттілігін түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар тарихи мұраны танып-білуге, ойын арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыруға, пәнге қызығушылықты күшейтуге, есептеу дағдыларын тереңдетіп, кеңейтуге ықпал етеді.

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік арқылы түсіндіру
  • Тексеру және бағалау
  • Баяндау
  • Ойын және сайыс элементтері

Көрнекіліктер

  • Кеспе қағаздар
  • Ойын тапсырмалары
  • Сіріңкелер
  • Нақыл сөздер
  • Портреттер, журналдар
  • Қосымша әдебиеттер

Пәнаралық байланыс

Тарих География Физика Музыка Қазақ әдебиеті Шетел тілі Астрономия

Сайыс жоспары

  1. 1. Зерек

    Сұрақ-жауап

  2. 2. Зерде

    Шапшаңдық тапсырмасы

  3. 3. Зейін

    Логикалық сурет

  4. 4. Дерек

    Тарихи сұрақ

  5. 5. Дарын

    Логикалық тапсырма

  6. 6. Дәлел

    Есеп шығару

  7. 7. Дода

    Математикалық жекпе-жек

Таныстыру

Қатысушылар

8-сынып оқушылары екі топқа бөлінеді: «Өрен» және «Ұлан».

Әділқазылар алқасы

Сайыстың әділ өтуі үшін әділқазылар алқасы сайланады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінде математика барлық жерде: құрылыста, техникада, өндірісте. Бұл ғылымның сырларын үйреніп, білімді зерделікпен меңгеріңдер.

Сайыс барысы

1) «Зерек» бөлімі

Формат: сұрақ-жауап

«Өрен» тобына

  1. Төртбұрыштың екі бұрышы тік болуы мүмкін бе?
  2. Төртбұрыштың ішкі бұрышы 38° болса, оның сыртқы бұрышын тап.
  3. Кесіндінің симметрия центрі қай жерде орналасады?
  4. Тең қабырғалы қандай төрт үшбұрыштан ромб құрастыруға болады?
  5. Тең қабырғалы қандай төрт үшбұрыштан квадрат құрастыруға болады?
  6. Ауданы 36 м² болатын квадраттың периметрін тап.
  7. Түбірлері 4 және 7 болатын квадрат теңдеу құрастыр.
  8. Биквадрат теңдеу дегеніміз қандай теңдеу?
  9. Тізбектің келесі мүшесін тап: 1, 2, 3, 5, 8, ...
  10. XII = IX − II. Бір сіріңкені қозғап, тура теңдік құр.

«Ұлан» тобына

  1. Төртбұрыштың екі бұрышы сүйір болуы мүмкін бе?
  2. Төртбұрыштың сыртқы бұрышы 158° болса, оның ішкі бұрышын тап.
  3. Шеңбердің симметрия центрі қай жерде орналасады?
  4. Тең қабырғалы қандай төрт үшбұрыштан ромб құрастыруға болады?
  5. Қандай екі тең үшбұрыштан квадрат құрастыруға болады?
  6. Катеттері 3 және 4 болатын тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын тап.
  7. Салыстыр: |x| және |−x|.
  8. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз қандай теңдеу?
  9. Тізбектің келесі мүшесін тап: 2, 5, 11, 23, ...
  10. X = VII − III. Бір сіріңкені қозғап, тура теңдік құр.

2) «Зерде» бөлімі

Формат: шапшаңдық тапсырмасы

«Өрен» тобына

Наурыз мейрамында өзара құттықтасқан 4 адамның бір-бірімен қол алысуларының жалпы саны қанша болады?

«Ұлан» тобына

Үйде отырған екі адамның біреуі екіншісінен бір мүшел жас үлкен. Егер олардың біреуі 27 жаста болса, екіншісі неше жаста?