Қызанақтар тобы Қиярлар тобы Күн тобы Жер тобы
Сабақтың тақырыбы
Алғыс
Мақсаты
- Мәтінмен жұмыс істей білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін табуға және өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру.
- Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын арттыру және дұрыс сөз қолданыстарын орнықтыру.
- Адам еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Сызба, суреттер, үлестірме материалдар, слайдтар, интерактивті тақта.
Технологиясы
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, қазақ тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг: «Біз қандай баламыз?»
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз — талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
2) Үй тапсырмасын тексеру
1-топ
«Күз» өлеңін жатқа айту.
2-топ
«Күзгі бақ» (сурет салу).
3-топ
«Күз кереметі» (әңгіме жазу).
4-топ
«Құстар ұшып барады» (өлең құрастыру).
3) Жаңа сабақ
I. Қызығушылықты ояту кезеңі
Ой қозғау
- Осы өлеңдегі негізгі ой қандай?
- Күз мезгілінің ерекшелігін және күзгі адам еңбегін бағалау.
II. Мағынаны тану
а) Мәтінмен жұмыс
- 1. «Алғыс» мәтінін мәнерлеп оқу.
- 2. Оқушылар 1, 2, 3, 4 болып «жанұялық» топтарға бөлініп, өздеріне тиісті бөлімді оқып, талқылайды.
- 3. Жанұялық топтар бастапқы орындарына оралып, өз бөлімін топ ішінде түсіндіреді.
Топ атаулары
ә) Мәтінді талдау (сұрақтар)
Әр топ мәтін бөліктері бойынша түсінігін айтады.
Оқиға қай мезгілде болған?
Қасым мен Хасен алғысты нелерге айтты?
Ең үлкен алғыс кімге айтылуы керек еді?
Алғыс алу үшін сен қандай әрекеттер жасар едің?
Сергіту сәті
«Дос болайық бәріміз» (ән).
б) Сұхбат алу
Облыстық балалар шығармашылығына арналған «Самал» газетінен келген тілшінің сұрақтары:
1-топ
Жемістер мен көкөністер туралы қандай жұмбақ білесіңдер?
2-топ
Көкөністердің қандай пайдасы бар?
3-топ
Тағамға қандай көкөністер мен жемістер жиі пайдаланылады?
4-топ
Көкөністер мен жемістердің жақсы өсуі үшін не қажет?
в) Шығармашылық жұмыстар
1-топ
Қызанақ
- Қызанақтың пайдасы.
- Күту және өсіру жолдары.
- Постер жасау, сурет салу.
2-топ
Қияр
- Қиярды азық-түлік ретінде қолдану.
- Жарнама құрастыру.
- Постер жасау, өлең шығару.
3-топ
Күн
- Күннің көкөністер мен жемістер үшін маңызы.
- Постер жасау, сурет салу.
- Өлең шығару.
4-топ
Жер-ана
- Жер-ананың адамға тигізер шапағаты.
- Постер жасау, сурет салу.
- Хат жазу.