Бас әріппен басталып жазылатын сөздер

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өтетін орны

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі

Мұғалім

Курмалова Асель Агисовна

Тақырып

Бас әріппен басталып жазылатын сөздер. С. Көбеев «Екі соқа»

Мақсат, міндеттер және күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты

Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы түсінікті кеңейту, мәтіннің негізгі идеясын ашу.

Білімділік міндет

Жер-су атауларының бас әріппен жазылатынын ұғындыру, мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету.

Дамытушылық және тәрбиелік

Тапсырмалар арқылы іскерлік пен танымдық қабілетті дамыту; еңбекқорлыққа, сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Проблемалық оқыту
  • Ішінара ізденіс
  • Өзіндік жұмыс
  • Салыстыру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілік және байланыс

  • Көрнекілік: карта, суреттер, тот басқан және тот баспаған темір үлгілері, сызбалар, карточкалар.
  • Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Құрал-жабдықтарды ретке келтіру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өткен материалды еске түсіру

Қайталау сұрақтары

  1. Бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?
  2. «Кісі аттарын жалғастыр» ойынын ойнайық.
Олжас Назерке Ернар

Картамен жұмыс

  • Бұл балалар қайда тұрады?
  • Қапшағай — ненің атауы?
  • Қапшағайда қандай су қоймасы бар?
  • Қапшағай су қоймасына қандай өзен құяды?
  • Іле өзені қай көлге құяды?

Жер-су атаулары

Қапшағай

Өзен

Іле

Көл

Балқаш

III. Жаңа сабақ

1) Мақсат қою

Бүгін жер-су атауларының қалай жазылатынын үйренеміз.

2) 135-жаттығу

  • Алматы — ненің атауы?
  • Балқаш ше?
  • Медеу — ненің атауы?
  • Жер-су атаулары қандай әріппен жазылады?

Негізгі ереже

Жер-су атаулары бас әріппен жазылады.

3) Салыстыру және бекіту

Ережені салыстырып, хормен оқып, қорытынды жасату.

4) 136-жаттығу (ауызша)

Тапсырманы ауызша орындау арқылы жаңа білімді қолдану.

5) Топтық жұмыс

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, тапсырмалар орындату.

6) Сөйлем құрату

Ұнаған жер-су атауын қатыстырып сөйлем құрастыру.

IV. Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Қарлығаш болып
Ұшып-қонып,
Ұшып-қонып алайық.

Қысқа сұрақтар

  • Қарлығаш қандай құсқа жатады?
  • Көктемде жүргізілетін қандай жұмыс түрлерін білесіңдер?
  • Жерді немен жыртады?

Мәтінге кіріспе

Спандияр Көбеевтің «Екі соқа» шығармасын оқуға дайындаламыз.

Сөздік: соқа Сөздік: тот

Мәтінмен жұмыс: «Екі соқа»

Оқу әрекеті

  • Мәтінді мәнерлеп оқу.
  • Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын қорытындылау.

Талқылау сұрақтары

  • Екі соқа неден жасалды?
  • Біреуі кімнің қолына тиді?
  • Егінші соқамен не істеді?
  • Ал екінші соқа не істеді?

Еңбек туралы нақыл сөздер

Еңбек туралы мақал-мәтелдер айту, мағынасын түсіндіру.

  • Мақал

    Еңбек адамның атын шығарады.

  • Мақал

    Еңбек білім береді.

  • Мақал

    Еңбек өнерлі етеді.

Ойын: «Кім тапқыр?»

Қанат, Марат екеуі — қамшы өре алады.
Талғат, Талап екеуі — тамаша ән салады.
Самат, Сағат екеуі — төгілтіп күй шертеді.
Бабақ, Барақ екеуі — көп ертегі біледі.

Тапсырма

Балалардың атын атап шығыңдар және олардың санын есептеңдер.

Күтілетін жауап

Қанат, Марат, Талғат, Талап, Самат, Сағат, Бабақ, Барақ — 8 оқушы.

V. Қорытынды

Қорытынды сұрақ: бас әріптен басталып жазылатын қандай сөздерді үйрендік?

Кісі аттары Жер-су атаулары Жалқы есімдер

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және мәтінмен жұмыс нәтижесі бойынша бағалау.