Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев — қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі

ОСКТТ (Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы)

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, музыка, география

Сабақтың мақсаты

Ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармалары туралы жүйелі мәлімет бере отырып, ұлы тұлғаны насихаттау және таныту.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Абай Құнанбаевтың қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы екені туралы, оның ақын, аудармашы, сазгер, ойшыл, тарихшы, заңгер ретіндегі қырларын таныту.

Тәрбиелік

Абайдың өнегелі өмірі арқылы асыл қасиеттерден үлгі алуға тәрбиелеу, ұлы адамдарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға бағыттау. Ұлттық рухани мәдениетке, әдебиет пен өнерге қызығушылықты күшейту.

Сабақтың көрнекілігі

  • Абайдың портреті және еңбектер көрмесі
  • М. Әуезовтің «Абай жолы» шығармасына қатысты материалдар
  • Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сыныптың назарын сабаққа аудару, оқу мақсатын қысқаша хабарлау.

II. Үй тапсырмасын сұрау

ОСКТТ бойынша жұптық баяндау және «сұрақ–жауап» әдісі арқылы Ыбырай Алтынсарин тақырыбын қайталау.

Талдау жоспары (Ы. Алтынсарин)

  1. Сипаты
  2. Хронологиясы
  3. Туған жері
  4. Саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторлар
  5. Білімі
  6. Ғылыми және еңбек жолы
  7. Меңгерген тілдері
  8. Досы
  9. Тарихтағы орны

Пікірталас сұрағы

Білім адамды өмірде үлкен жетістіктерге жеткізе ала ма?

III. Жаңа сабақ

Сабақ барысында негізгі мәліметтер слайд арқылы көрсетіледі. Төменде Абай Құнанбаев туралы құрылымдалған деректер берілген.

1) Сипаты

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, ойшыл.

2) Хронологиясы

1845 жылғы 22 тамыз — 1904 жыл.

3) Туған жері

Семей облысы, Шыңғыстау өңірі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауы).

4) Шыққан тегі

  • Шежіресі: Кішік — Әйтек — Олжабай — Қайдос — Ырғызбай — Өскенбай — Құнанбай
  • Әкесі: Құнанбай — тобықты руының старшыны, қажы
  • Анасы: Ұлжан (Қаракесектің Бошан руы, Бертік бидің тұқымы)
  • Әжесі: Зере

5) Толық аты

Ибраһим (Абай деп анасы еркелетіп атаған).

6) Білім жолы

  • Алғашқы сауатын ауыл молдасы Ғабитханнан ашты.
  • Семейдегі Ахмет Риза медресесінде 13 жасына дейін оқып, араб және парсы тілдерін меңгерді.
  • Приходская мектепте үш ай оқып, орысша сауатын ашты.
  • Шығыс әдебиетімен танысты (Низами, Фирдоуси, әл-Фараби, Науаи).
  • Әкесі оны ел басқару ісіне араластыру үшін елге алып келді.
  • Білімін өз бетінше жалғастырып, Семейдің қоғамдық кітапханасы арқылы орыс классиктерін және азаттық қозғалыс өкілдерінің еңбектерін оқыды.

Шығармашылыққа бетбұрыс

  • Алғашқы өлеңін 10 жасында жазған.
  • Ақындыққа 30 жасында шындап ден қойған.
  • Өлеңдерінің бір бөлігін Көкбай Жанатайұлының атымен жариялаған.
  • 1886 жылы «Жаз» өлеңін өз атымен алғаш жариялаған.

7) Еңбектері

Негізгі тақырыптары

Өнер-білімге, ғылымға шақыру. Лирикалары: саяси-әлеуметтік, табиғат, философиялық, махаббат пен достық, көңіл күй, оқу-ғылым, өнер.

Аудармалары

50-ден аса аударма жасаған. Ең ірілерінің бірі — Лермонтовтың «Бородино» шығармасы. Сондай-ақ Пушкин, Крылов, Толстой, Байрон, Гёте және т.б. авторларды аударған.

Қарасөздері

1890–1898 жылдары жазылған, 50-ге жуық ғақлия сөз.

Әндері

«Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас» және т.б. 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.

Күйлері

«Торжорға», «Желдірме», «Май түні».

Қоғамдық-құқықтық қызметі

1885 жылғы мамырда қылмыстық істерге қатысты заңдар жинағын құрастыруға қатысқан (74 бап). Төбе би атанған.

8) Тарихтағы орны

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салған ұлы тұлға, қазақ руханиятын әлемге танытқан ойшыл.

9) Ерекшелігі

  • Айналасына қарадан шыққан қазақ жастарын топтастырды.
  • Орыс халқын отаршылдық саясаттан ажырата білді; достық пен туыстықты дәріптеді.
  • Семей облыстық статистика комитетінің мүшесі болды (1884).
  • Шыңғыс болысын 9 жыл басқарған.
  • 2006 жыл Ресейде «Абай жылы» ретінде аталып өтті.

10) Қорытынды ойлар

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз». (Н. Ә. Назарбаев)

«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған».

«Абайды Абай еткен — Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен — Абай дана».

Абай — ұлы ақын, ойшыл, ағартушы, композитор, аудармашы, тарихшы, заңгер, күйші.

ЮНЕСКО шешімімен 1995 жылы Абайдың туғанына 150 жыл толуы халықаралық деңгейде аталып өтті.

11) Дереккөздер

  • «Абай энциклопедиясы»
  • М. Әуезов — «Абай жолы»

IV. Жаңа сабақты бекіту

  1. Абайдың дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
  2. Абай орыстың озық ойлы өкілдерімен және саяси жер аударылғандармен қандай байланыста болды?
  3. Абай шығармаларының бүгінгі таңдағы маңызы қандай?

V. Үйге тапсырма

  • Тақырып бойынша сатылай талдау жасау.
  • Абайдың өмірі мен шығармашылығы бойынша тест сұрақтарын дайындау.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, жауаптарының мазмұндылығы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.