Бойды сергек тік ұста, Сол қолыңды соз алға

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақта оқушылар Алтайдың географиялық орны, жер бедері мен геологиялық құрылымы, табиғат жағдайлары туралы жүйелі сипаттама алады. Сонымен қатар орографиялық сызбаны оқып үйрену, пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтары, климат ерекшеліктері, өзен-көлдер, қорықтар және табиғат ресурстары жөніндегі білімдері кеңейтіледі.

Оқытушылық

  • Алтайдың табиғат компоненттерін кешенді қарастыру
  • Карта, атлас және сызба арқылы талдау дағдыларын қалыптастыру
  • Өзендер, көлдер, қорықтар және ресурстар бойынша білімді толықтыру

Дамытушылық

  • Есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту
  • Тіл байлығын арттыру және ой-өрісті кеңейту
  • Өздігінен іздену, дерекпен жұмыс істеу

Тәрбиелік

  • Пәнге қызығушылықты күшейту
  • Байқағыштық пен жауапкершілік қасиеттерін дамыту

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Қысқа рөлдік тапсырма: «Мектеп директорымен, досыңмен, анаңмен қалай амандасар едің?» — көрсету және талқылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сыныптағы қонақтарға Қазақстан табиғатының бір бөлігі ретінде Орал өңірінің табиғаты туралы қысқаша мәлімет беру.

III. Жаңа сабақ

Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашу

Әр жауап бойынша сөздің қазақша атауын айтып, орысша және ағылшынша аудармасын келтіру қажет. Ерекше торда бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.

  1. Қыста болатын қатты жел
    Боран — буран — storm
  2. Біз тұратын елді мекен
    Күншуақ — Солнечный — sunny
  3. Астың дәмін келтіретін дәмдеуіш
    Тұз — соль — salt
  4. Қоян неден қорқады?
    Қасқыр — волк — wolf
  5. Бойына сеніп жылдан құр қалған жануар
    Түйе — верблюд — camel

Ерекше тордағы сөз: Алтай.

Топтық жұмыс құрылымы

Сынып 3 топқа бөлінеді. Топ басшыларына бағалау парағы беріледі. Оқулықпен жұмысқа 10 минут уақыт бөлінеді. Интерактивті тақта мен Қазақстанның физикалық картасын қолдану ұсынылады.

А тобы
Географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылымы
Ә тобы
Пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері
Б тобы
Табиғат зоналары, өсімдіктері, жануарлары

Ауысып отыру тәртібі

  • №1 үстел: А-1, Ә-1, Б-1
  • №2 үстел: А-2, Ә-2, Б-2
  • №3 үстел: А-3, Ә-3, Б-3

Мәтін мазмұнын ашу және қосымша деректер

Оқушылар үйден ізденіп әкелген материалдарымен бөліседі: Алтайдың экологиялық жағдайы, Алтай туралы жазылған өлеңдер және өзге де қызықты деректер.

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста,
Оң қолыңды соз алға.
Оң қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.

Бойды сергек тік ұста,
Сол қолыңды соз алға.
Сол қол босқа тұрмасын,
Үшбұрыш жасап зырласын.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Төмендегі нысандарды дұрыс ұғыммен сәйкестендіріңіз.

Нысандар
  • Зайсан
  • Тарбағатай
  • Ертіс
  • Нарын
  • Марқакөл
Ұғымдар
қазаншұңқыр өзен жота көл тау

Бұл тапсырма географиялық нысандарды түрлері бойынша ажыратуды және картадан табу дағдысын бекітеді.

Географиялық диктант

Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатыр.

Мұзтау — Алтай тау жүйесінің ең биік шыңы.

Алтай үш ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы.

Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс және сынаптың мол қоры бар.

Тұйық қазаншұңқырларда жазда ыстық, қыста суық болады.

Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр станциялары салынған.

Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі.

Жаңа сабақты бекіту

Оқушылар топтық жұмыста жасаған қорытындыларын ұсынады: картадан негізгі нысандарды көрсету, қысқаша сипаттама беру, және себеп-салдарлық байланыстарды дәлелдеу.