Әңгіме кестесі

Сынып: 4 Пән: Ана тілі Түрі: Аралас Типі: Жаңа білімді меңгерту

Тақырыбы: Э. Распе — «Китпен кездесу»

Бұл сабақта оқушылар Мюнхаузеннің хикаялары арқылы қиял мен тапқырлықты дамытып, өз ойын дәлелдеп айтуға, мойымай қиындықтан жол таба білуге үйренеді.

Мақсаты

  • Өткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа тақырыпты енгізу.
  • Мюнхаузен хикаялары арқылы ой-өрісті кеңейтіп, қиялды дамыту.
  • Өз пікірін айтуға төселдіру, мойымауға және қиындықтан жол таба білуге баулу.

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау Топтастыру Түртіп алу Болжау кестесі Әңгіме кестесі

Ресурстар және байланыс

Көрнекілігі
Интерактивті тақта, карта
Пәнаралық байланыс
Жануартану, география, қазақ тілі

Сабақтың барысы

Құрылым оқушының қызығушылығын оятып, мағынаны ашып, соңында ой қорытындылауға бағытталған.

I. Ұйымдастыру

  • Амандасу.
  • Оқушыларды тексеру.
  • Назарын сабаққа аудару.

II. Қызығушылықты ояту (Ой қозғау)

  • Өткен сабақта қай елдің жазушысымен таныстық?
  • Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
  • Мюнхаузеннің қандай хикаясымен танысқан едік?

Кейіпкер бейнесін ашатын сөздер

Әңгімеші Өтірікші Неміс Данышпан Саяхатшы Әзілқой Тапқыр Қызықты оқиғалар Китпен кездесті Құтқарды

III. Мағынаны тану

Болжау кестесі (сұрақтар)

Оқушылар оқиға желісін болжап, дәлел келтіріп, кейін шын мәнінде не болғанын салыстырады.

  • Ары қарай не болады деп ойлайсың? Дәлелің қандай?
  • Ол қандай қырсыққа тап болды деп ойлайсың?
  • Олар соқтыққан тас емес. Онда бұл не болуы мүмкін?
  • Киттен қалай құтылады деп ойлайсың?
  • Үлкен китті кемеге қалай тиейді?
  • Ол қандай ақыл тапты?

Түртіп алу (негізгі ұғымдар)

Оқу барысында жаңа сөздер мен теңізге қатысты атауларды белгілеу.

Кит

Мачта

Зәкір

Матрос

Каюта

IV. Толғаныс

Категориялы топтастыру: «Кит»

Оқушылармен бірге «кит» ұғымына тән белгілерді жинақтау.

Су жануары Алып Зияны жоқ Түрлері көп Досымыз

Талқылау сұрақтары

  • Бұл хикаялар шындыққа жанаса ма?
  • Әдебиетімізде өтірікке құрылған әңгіме, өлеңдер кездесе ме?
  • Кім қандай өтірік өлең біледі?
  • Өмірде өтірік айтатын адамдар кездесе ме? Неліктен?
  • Мюнхаузен туралы фильм қай елде түсірілген?
  • Басты рөлді сомдаған қай актер?

Әңгіме кестесі

Оқылған мәтінді жүйелеу үшін төмендегі кестені толтыру ұсынылады.

Хикаяның аты Авторы Оқиға орны Кейіпкерлері Қорытынды
«Китпен кездесу» Э. Распе Теңіз, кеме үсті Мюнхаузен, матростар, кит Тапқырлық пен батылдық қиын сәтте жол табуға көмектеседі.

V. Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, түсінгенін айтып беру.
  • Ойдан өтірік әңгіме немесе өтірік өлең құрастыру.

VI. Бағалау

Оқушының мәтінді түсінуі, ой қорытуы, дәлел келтіруі, топтық жұмысқа қатысуы және сөздікпен жұмысы ескеріледі.

Бағалау өлшемдері

  • Сұрақтарға нақты жауап беру және пікірін дәлелдеу.
  • Кестелерді дұрыс толтыру, негізгі ұғымдарды ажырату.
  • Шығармашылық тапсырмада ойдың бірізділігі мен тіл тазалығы.