Бірінші джс соңындағы Иранның жағдайы
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесі
Мақсаты
ХХ ғасырдың басындағы, сондай-ақ Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар кезеңіндегі Иран мен Ауғанстанның саяси-экономикалық даму бағыттарын түсіндіру, оқушылардың білімін кеңейту.
Күтілетін нәтиже
- Иран мен Ауғанстанның 1945–1986 жылдардағы саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы, негізгі ерекшеліктері туралы мәлімет алады.
- Өздігінен жұмыс жасау арқылы практикалық тапсырмаларды орындау және қолдану дағдысы қалыптасады.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ тақырыбын ашу үшін топтық және жеке жұмыс түрлері қолданылады. Ойды жүйелеу мен талдауды күшейтуге бағытталған белсенді әдістер жоспарланған.
Құрал-жабдықтар
- Оқулық
- Интерактивті тақта
- Стикерлер, кестелер, постерлер
- Карта
- Маркерлер
- АКТ
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту
Сабақ құрылымы (кезеңдер мен уақыт)
Қызығушылықты ояту (білу)
8 минут- Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу, топтық бағалауды енгізу.
- «Шаттық шеңбері»: топ ішінде ұран мен ұстанымды айту.
- «Алтын ережені» еске түсіру.
- Алдын ала жұмыстарды қорғау (слайд): 1-топ — Қытай, 2-топ — Моңғолия, 3-топ — Венн диаграммасы (Қытай мен Моңғолия).
«Иә/жоқ» форматындағы сұрақтар
- 1912 жылғы сәуірде Сунь Ятсенді Қытай Республикасының президенті деп жариялады. Жоқ (дұрысы: 1921 ж.).
- 1918 жылға дейін Моңғолия Азияның дамыған елдерінің қатарында болды. Жоқ (ең артта қалған елдердің қатарында болды; жайылымдық жер тапшылығы байқалды).
- Чойбалсан 1921 жылы наурызда Моңғол халық партиясын ұйымдастырды. Жоқ (Сүхэ-Батор).
- 1924 жылы қарашада «Моңғол Халық революциясы» деп жарияланды. Жоқ (Моңғол Халық Республикасы құрылғаны жарияланды).
Түсіну
5 минут- Иран мен Ауғанстанның географиялық орналасуын анықтау.
- Мәтінмен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясы.
- Видео-көрсетілім және картамен жұмыс.
Жаңа сабақтың жоспары
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иранның жағдайы.
- Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы.
- Иранның 1921–1945 жылдардағы саяси-экономикалық даму жолдары.
- Ауғанстанның 1918–1945 жылдардағы дамуы.
Топтық тапсырмалар
- 1-топ: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран; ұлт-азаттық қозғалыс.
- 2-топ: Иранның саяси-экономикалық даму жолдары.
- 3-топ: Ауғанстан мемлекеті (негізгі кезеңдер мен ерекшеліктер).
Әр топ мәтіннен негізгі ұғымдарды белгілеп, қысқаша қорытынды жасайды.
Қолдану
12 минутТоптар постер дайындап, өз жұмыстарын қорғайды.
Талдау
7 минутНақты сұрақтар арқылы жауаптарды тереңдету және SWOT талдау әдісін қолдану.
Жинақтау
8 минут«Ой толғау» кезеңі. Оқушылар тапсырмаларды «ақша бірлігі» арқылы таңдап алады.
1-тапсырма
Т-кестесін толтыру.
Бағалау
5 минутТоптық бағалау нәтижелері бойынша қорытынды баға шығару.