Интегралдық микросхема

Сабақтың тақырыбы

Резеңкелер. Табиғи және синтетикалық каучуктар. Түзеткіштер.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды резеңкелер мен каучуктермен таныстыру, олардың түрлері, алыну жолдары және қасиеттері туралы мәлімет беру, материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру.

Дамытушылық

Әр оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына жағдай жасау; өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін және білім қорын дамыту.

Тәрбиелік

Ізденімпаздыққа, білімділікке, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс істей білуге және еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың ұйымдастырылуы

Форматы мен типі

Сабақ түрі:
теориялық
Сабақ типі:
аралас сабақ

Әдістер мен ресурстар

  • Әдістер: викторина, баяндау, сұрақ-жауап, «Бинго-тест», «Кім тапқыр?» ойындары, «Білемін – білдім – білгім келеді» тәсілі.
  • Пәнаралық байланыс: материалтану, физика.
  • Көрнекілігі: кестелер, схемалар, плакаттар, слайдтар, резеңке түрлері, карточкалар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығына және сабаққа дайындық деңгейіне назар аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Формат: «Бағалар аукционы»

Тақырыбы: Интегралды микросхемалар

Алғашқы баға: 5, 4

III. Үй тапсырмасын бекіту

«Бинго-тест» ойыны

  1. 1. Бір технологиялық процеспен жасалып, өзара электрлік қосылысы бар, ортақ корпусқа салынған бөлінбейтін активті және пассивті элементтерден тұратын микроэлектрондық бұйым қалай аталады?

    Жауабы: Интегралдық микросхема.

  2. 2. Интегралдық микросхеманың негізгі элементтері қалай бөлінеді?

    Жауабы: Активті және пассивті.

  3. 3. Конструктивті-технологиялық белгілері бойынша интегралдық микросхемалар қанша класқа бөлінеді?

    Жауабы: 4 класқа бөлінеді.

  4. 4. Барлық элементтері жартылай өткізгіш технологиялық операциялары арқылы ортақ жартылай өткізгіш астарлық қабаттың үстінде жасалатын микросхема класы қалай аталады?

    Жауабы: Жартылай өткізгіштік микросхема.

  5. 5. Барлық элементтері диэлектриктен жасалған табанның үстіне жұқа қабыршақ болып жапсырылатын микросхема класы қалай аталады?

    Жауабы: Пленкалық интегралдық микросхема.

  6. 6. Интегралды микросхеманың активті элементтеріне нелер жатады?

    Жауабы: Транзисторлар мен диодтар.

  7. 7. Интегралды микросхеманың пассивті элементтеріне нелер жатады?

    Жауабы: Резисторлар мен конденсаторлар.

  8. 8. ГОСТ 17021-75 бойынша микросхема корпусындағы элементтер санына байланысты интеграцияның неше дәрежесі бар?

    Жауабы: 6 дәрежелі.

  9. 9. 100-ден артық элементі бар интегралдық микросхемалар қалай аталады?

    Жауабы: Үлкен интегралды микросхемалар.

  10. 10. Жартылай өткізгіштік микросхема элементтерін қалыптастыру үшін неше технологиялық процесс қолданылады?

    Жауабы: 5 технологиялық процесс.

  11. 11. Жартылай өткізгіштік интегралдық микросхемаларды өндіруде диэлектрлік қорғайтын және маскалайтын қасиеті бар кремнийдің қос тотығы маңызды рөл атқаратын технологиялық процесс қалай аталады?

    Жауабы: Кремнийді тотықтандыру.

  12. 12. Микросхемада элементтердің берілген орналасу реті мен конфигурациясын сақтап жасау үшін қандай әдіс қолданылады?

    Жауабы: Фотолитография.

  13. 13. Кристалл торының құрылысын және астарлық қабаттың құрылысын қайталайтын жартылай өткізгіш жұқа қабаттың бағдарлап жалғаса өсу құбылысы қалай аталады?

    Жауабы: Эпитаксия.

  14. 14. Микросхемалардың планарлық құрылымында схемааралық қосылыстарды кремнийдің қос тотығы изоляциялық қабатының үстіне металл пленкалар арқылы жасау технологиялық процесі қалай аталады?

    Жауабы: Металлизация.

  15. 15. Интегралдық микросхемалардың шартты белгісі неше элементтен тұрады?

    Жауабы: 4.

  16. 16. Егер 1, 5, 7 цифрлары болса, онда бұл қандай технологиямен жасалған?

    Жауабы: Жартылай өткізгіштік.

  17. 17. Егер 2, 4, 6, 8 цифрлары болса, онда бұл қандай технологиямен жасалған?

    Жауабы: Гибридтік технология.

  18. 18. Интегралды микросхемадағы бірінші элемент нені білдіреді?

    Жауабы: Микросхеманың конструктивтік және технологиялық жасалу түрін көрсетеді.

  19. 19. Интегралды микросхемадағы екінші элемент нені білдіреді?

    Жауабы: Микросхема сериясын жобалау реттілігін көрсетеді.

  20. 20. Интегралды микросхемадағы үшінші элемент нені білдіреді?

    Жауабы: Микросхеманың функционалдық тағайындалуын көрсететін екі әріптен тұрады.

IV. Жаңа материалды түсіндіру: резеңке және каучук

Резеңке — табиғи немесе синтетикалық каучукті түрлі ингредиенттермен (қоспалармен) араластырып, кейін вулканизация нәтижесінде алынатын жоғары молекулалы қосылыстар.

Бір типті жоғары молекулалы қосылыстардың негізінде физика-химиялық қасиеттері әртүрлі резеңкелер алуға болады. Алайда биологиялық инерттілік және қанның ұюына әсерінің болмауы сияқты маңызды көрсеткіштер көбіне бастапқы полимердің табиғатына тәуелді.

Медициналық мақсаттағы резеңкелердің ерекше талабы — оларды регенераттардан (резеңкені екінші рет өңдеуден алынған өнімдерден) дайындауға болмайды.

Каучуктар екіге бөлінеді: табиғи және синтетикалық. Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында кездеседі. Өндірісте табиғи каучукты көбіне Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады.

Табиғи каучукты алу кезеңдері

  1. Өсімдік қабығын кертіп тілуді жүргізу.
  2. Тіліктен аққан сүтті шырынды — латексті (каучуктың коллоидты ерітіндісін) жинау.
  3. Ерітіндіге электролитпен әсер ету немесе қыздыру арқылы коагуляция жасап, каучук бөліп алу.

Химиялық табиғаты

Тәжірибелік түрде каучуктың негізінен 2-метилбутадиен-1,3 (изопрен) полимері екені анықталған: (C5H8)n.

Табиғи каучук — изопреннің цис-полимері: метилен топтары (—CH2—) қос байланыстың бір жағында орналасады. Бұл құрылым материалға майысқақтық береді.

Каучук молекулаларының құрылымы және серпімділік

Полимерлену барысында изопрен молекулалары бір-бірімен 1 және 4 көміртек атомдары арқылы сызықтық түрде қосылады. Макромолекулалар сызықтық болғанымен, олар түзу созылып жатпай, оратылып, бірнеше рет иіліп түйіншектелген күйде болады.

Каучукті созғанда макромолекулалар жазылып, материал ұзарады. Созу тоқтағанда, олар қайтадан оралып, бастапқы түйіншектелген қалпына келеді. Ал каучукті шамадан тыс қатты созса, молекулалар жазылып қана қоймай, үзіліп кетуі де мүмкін.