Жарыс сабақ
Тақырып
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» — А. Құнанбаев.
Мақсаты
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.
Тәрбиелік мәні
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға баулу.
Дамытушылық
Көркем мәтінмен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру, оқып түйген ойды қорытындылап айтуға жаттықтыру.
Сабақ форматы
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Әдістері
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Әңгімелеу
- Іздену
- Қорытындылау
Көрнекілігі
- Суреттер
- Кестелер
- Абай шығармаларынан көрме
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік.
Алақан жаттығуы
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріңдер де, жүректеріңнің жылуын бір-біріңе сыйлаңдар.
2) Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жаңа сабаққа дайындық
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой —
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Сұрақ 1
Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
Сұрақ 2
Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?
Сұрақ 3
Абай туралы біз не білеміз?
3) Жаңа сабақ
Кестемен жұмыс.
Операциялық-орындаушылық кезең
Оқушылар алдын ала жинап келген деректерін топ ішінде ортаға салып, сол мәліметтер негізінде кесте құрастырады.
Абай Құнанбаев
Негізгі деректер мен бағыттар бойынша құрылымдау жұмысы.
Жарыс сабақ: «Абай ауылына саяхат»
1-топ
Абай өлеңдері: табиғат лирикасы.
2-топ
Абай қарасөздері.
3-топ
Абай аудармалары.
4-топ
Абай әндері.
2-тапсырма
«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңімен жұмыс
- Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Оқушылардың кезекпен оқуы.
- Сөздік жұмысы (түсініксіз сөздер мен тіркестерді талдау).
3-тапсырма
Шығармашылық жұмыс: салыстыру және кесте толтыру
«Ғылым таппай мақтанба» және «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдерін салыстырып, өлеңдердегі сөздер мен ойларды пайдалана отырып, адамның жағымды және жағымсыз қылықтарын топтастырып жазыңдар.
| Салыстыру | Жағымды мінез-құлық | Жағымсыз мінез-құлық |
|---|---|---|
|
Өлеңдер
«Ғылым таппай мақтанба» «Сабырсыз, арсыз, еріншек» |
Оқушы толтырады. |
Оқушы толтырады. |
5) Түсінгендерін тексеру
Рефлексиялық бағалау кезеңінде топтағы жауап берген оқушылардың нәтижесі шығарылады. Жауаптарға ауызша баға беріледі.
6) Қорытынды
Сұрақ
Мен бүгінгі сабақтан нені үйрендім?
Сұрақ
Нені толық түсінбей қалдым?
7) Үй тапсырмасы
- Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
- Бағалау.