Негіздер кімнің еңбегі

Зияткерлік ойын туралы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» — оқушылардың математикалық ойлауын дамытып, білімін сынайтын әрі толықтыратын зияткерлік сайыс. Бұл формат жарысу мәдениетін қалыптастырып, жеңіске ұмтылуды күшейтеді және білімді, дарынды оқушыларды озық болуға тәрбиелейді.

Мақсат 1

Математика пәніне қызығушылықты арттыру, жарысуға және жеңіске ұмтылуды дамыту.

Мақсат 2

Білімді, дарынды оқушыларды тәрбие арқылы озық болуға бағыттау.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, қымбатты достар! Ахмет Байтұрсынов: «Ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін — ғылым», — деген екен. Демек, адамның дамуы мен қалыптасуы үшін білімнің маңызы ерекше. Білім — сарқылмайтын қазына, сондықтан болашаққа біліммен қадам басуымыз керек.

Ендеше, математикалық білімімізді сынайтын да, толықтыратын да сәт туды. Сайысқа шығайық!

Нақты ғылымдарға қызығушылар,
Естігенін есте тұтып, оқығанын миға тоқушылар,
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Сіз оқытқан оқушылардың сәті келді сыналар.

Сайыскерлерді таныстыру

Ортаға «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынына қатысушы 9-сынып оқушыларын шақырамыз. Қош келдіңіздер! Сіздерге сәт сапар тілейміз!

Нұрсила

Сабырлы, салмақты, әдепті.

Феруза

Инабатты, ақылды.

Мереке

Ақкөңіл, зерек.

Бағдат

Ақылды, әдепті, спортсүйер. Сүйікті пәндері: әдебиет, тарих, химия, математика.

Гүлзат

Инабатты, тәрбиелі, ақылды.

Дәурен

Ақкөңіл, зерек.

Бақберген

Сабырлы, әдепті, ақылды. Сүйікті пәндері: әдебиет, география, математика.

Бүгін алдымызда ақылдылығымен, тәрбиелілігімен, тапқырлығымен, есепке жүйріктігімен көзге түсіп жүрген 9-сынып оқушылары тұр.

I тур — «Бәйге»

Ереже

Қатысушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді.

Ұпай

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Сұрақтар

Жауаптар жақша ішінде берілген.

  1. 1. ax + by + c = 0 — қандай геометриялық фигураның теңдеуі? (түзу)

  2. 2. Фигуралардың қасиетін зерттейтін ғылым қалай аталады? (геометрия)

  3. 3. x > 5 теңсіздігінің шешімдер жиыны қандай? (5; +∞)

  4. 4. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем қалай аталады? (теорема)

  5. 5. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? (π саны)

  6. 6. «Бастамалар» еңбегінің авторы кім? (Евклид)

  7. 7. Сүйір бұрыштың тангенсінің анықтамасын айтыңыз. (tg α = sin α / cos α)

  8. 8. Жұп функция графигі қай оське симметриялы? (Oy — ордината осі)

  9. 9. y = ax³ функциясының графигі қалай аталады? (кубтық парабола)

  10. 10. 50-ді 1/2-ге бөліп, 3-ті қосқанда неше шығады? (103)

  11. 11. Екі әке мен екі бала 3 апельсинді теңдей бөліп жеді. Бұл қалай мүмкін? (3 адам: ата, әке, бала)

  12. 12. Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Ол қандай сандар? (5 және 3)

  13. 13. Параллелограмның бір бұрышы 50° болса, қалған бұрыштары неге тең? (50°, 130°, 50°, 130°)

  14. 14. Трапеция табандары 4 см және 6 см. Орта сызығы неше? (5 см)

  15. 15. 63 — құрама сан ба? (иә)

  16. 16. Қабырғалары 6 см және 8 см тік төртбұрыштың ауданы неге тең? (48 см²)

  17. 17. Диаметрі 10 см болатын дөңгелектің ауданы неге тең? (25π см²)

Қорытынды

«Бәйге» туры бойынша әділқазылар алқасының қорытындысын тыңдаймыз. Сайыс шартына сәйкес, ең аз ұпай жинаған 1 оқушы ойыннан шығады.

II тур — «Дода»

Ереже

Бұл бөлімде 5 тақырып беріледі. Сайыскерлер кестеден өз қалауы бойынша тақырып пен ұпайы көрсетілген ұяшықты таңдайды.

Іріктеу

Бұл турдан кейін ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

1) Математикалық терминдер

  • 20 ұпай: «Геометрия» терминінің мағынасы қандай? (грек тілінен: «жер өлшеу»)
  • 30 ұпай: «Фигура» сөзінің мағынасы қандай? (латынша: «бейне», «кескін»)
  • 40 ұпай: «Арифметика» сөзінің мағынасы қандай? (грекше «арифмос»: «сан»)

2) Жеті керемет

  • 20 ұпай: «Т» әрпінен басталатын 7 математикалық сөз атаңыз.
  • 30 ұпай: 7 математикалық анықтама атаңыз.
  • 40 ұпай: 7 математикалық формула атаңыз.

3) Графиктер

  • 20 ұпай: y = ax + b функциясының графигі қандай? (түзу)
  • 30 ұпай: x² + y² = R² теңдеуінің графигі қандай? (координаталар басында центрі бар шеңбер)
  • 40 ұпай: y = k/x функциясының графигі қандай? (гипербола)

4) Формулалар

  • 20 ұпай: D = b² − 4ac — қандай формула? (квадрат теңдеудің дискриминанты)
  • 30 ұпай: aₙ = a₁ + (n − 1)d — ненің формуласы? (арифметикалық прогрессияның n-мүшесі)
  • 40 ұпай: S = ab·sinα — ненің формуласы? (параллелограмның ауданы)

5) Менің сүйікті авторларым

  • 20 ұпай: «Эврика!» кімнің сөзі және кіммен байланысты? (Архимед)
  • 30 ұпай: «Негіздер» еңбегінің авторы кім? (Евклид)
  • 40 ұпай: «Хисаб әл-жабр уә-л-муқабәлә» кітабының авторы кім? (Әл-Хорезми)